І тарау. ҰЖым туралы түсінік 7 1 Ұжым- тәрбие құралы 7


Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары



бет8/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.3. Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары.


Елбасы Н.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьөзінде "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр"- деген болатын Мұғалім -жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.

Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, жүзеге асырушы тұлға – мұғалім.

Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.

Мұғалім-педагогикалық қызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындығы бар адам. Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс-әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады.

Мұғалімдік қызмет өсіп келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.

Мұғалім-бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа беру және оларды өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі, оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерді штабты қызметке айналған. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның қоғамдық өмірдегі ролі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде өзгеріп отырады.

Тәрбие- обьективті , заңды, тарихи процесс, ал, ұстаздық қызмет- соның субьективтік бейнесі, тәрбиені іске асыратын адамның еңбегі. Алайда; ұстаз қызметі ұрпақ тәрбиесіне сәйкес келе бермейді. Яғни, ол күрес қарама-қайшылықтан тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесі қарама-қайшылықтарды шешуден тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесінің бірлігі мен ерекшілігі мына төмендегі құбылыстардан тұрады:


  • ұрпақ тәрбиесі жоғарыда айтқандай, алғашқы қауымдастықта пайда болса ұстаздық қызмет құл иеленуші дәуірде өмірге келді. Қоғам мүшелерін оқытып, үйретіп тәрбиелейтін қызмет керек болды.

  • Ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметке қарағанда, ауқымды ұғым. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметтің ықпалында бола бермейді, осы жерде қарама-қарсылық пайда болады.

  • Ұстаз қызметінің негізі жас ұрпақты толық қамтып тәрбиелеп, қоғамның белсенді азаматы етіп дайындау. Бұл жерде дүниетанымдылығын, адамгершілігін, тәрбиесін, тәртібін т.б қалыптастыру;

  • Тәрбиенің негізгі мақсаты-қоғамның өндіргіш күшін дайындау. Ұстаз қызметінің негізгі мақсаты- сол өндіргіш күштің жан-жақты дамуына әсер ету, мүмкіндік беру, дайындау.

  • Ұрпақ тәрбиесінің құралы-жалпы қоғамдық қарым-қатынаста, қоршаған ортадан ұрпақтың өзінің іс-әрекет қимылынан т.б туындайды. Ал ұстаздық қызмет- кездейсоқ жалпы тәрбие ықпалын сауатты, саналы педагогикалық жолға салу;

  • Ұрпақ тәрбиесінде бәрі ат салысады. Ал ұстаздық қызметке арнайы педагогикалқы білімі бар азаматтар қатысады.

  • Барлық жағдайда ұрпақ тәрбиесінде ұстаз қызметінің алатын орны ерекше.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық қызметтің өзіндік құрамдас бөліктері болады:

  • ұстаздық қызметтің тұлғаны қалыптастыру жолындағы іытің мазмұнын, мақсаты мен міндетін, бағытын, ерекшелігін айқындау.

  • Ұстаз ұрпаққа түрлі ғылыми білім салаларынан мағлұмат беріп, өндіріспен таныстырып, рухани байлықты игертіп, қоғамдық қарым-қатынасқа үйрету және қоғамның жақсы азаматы етіп шығару;

  • Ұстаздың педагогикалық білімділігі, тәрбиеші ретінде өмірден алған, тәжірибесі, шеберлігі іштей сөзінуі;

  • Ұстаздың қасиеттері: саяси сауаттылығы, жұғымдылығы, көре білу, қызметті ұйымдастыра білуі, байқағыштығы, еңбекқорлығы, шығармашылық қасиеті және эстетикалық, этикалық мәдениеті т.б ұстаздарға тән ерекшеліктері.

Ұстаздың негізгі мақсаты-жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту, үйрету. Бұл педагогикалық мақсаттан туындайды. Педагогикалық мақсат дегеніміз-жас ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім тәрбие беріп, қоғамға қажетті, азамат етіп шығару.

Ұстазға тән кәсіби сапалар:

Педагогтың идеологиялық сеніміне оның өмірге, дүниеге көзқарасының қандай болып келуі де жатады. Егер мұғалімнің дүниеге материалистік тұрғыдан қарап түсіндіре алатын болса, өз шәкірттерін, дұрыс тәрбиелей алады.

Педагогтың қабілеті деп-педагог өз жұмысына икемді келіп, шебер болуын білдіреді.Педагогтың жұмысқа қабілеттілігі білім мен ған бағаланбай, оқу-тәрбие жұмысында қандай әдіс-тәсіл қолданып, өткізуімен бағаланады.

Педагогтың ұстамдылығы. Ұстамдылық дегеніміз- ашуланбай тек сабырлық білдіру емес. Бұл қасиет негізінде педагогтық өзін-өзі меңгеріп, ептілікпен, тәртіп бұзғандарды тәртіпке шақыру. Педагогтың ұстамдылығына өз сөзін өңдеп айтып , өзін-өзі бақылай алуы жатады. Педагогикалық әділеттілік пен абырой. Әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болып қана қоймай педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге де байланысты келеді.

Мұғалімге қойылатын талаптар бірін-бірі толықтырылатын бірнеше іскерлікке , қабілетке байланысты.



Ұстаздық қабілеттің түрлері мыналар:
Қолданбалы қабілет - мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ түрлі спорт, шахмат ойындарымен, көркемөнер, бейнелеу өнері және өнер туындыларымен айналысмып, оқушыларды қызықтыра білуі тиіс.


Сөйлеу қабілеті- жеке педагогикалық қабілет болып бөлінеді. Көбінесе қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі педагогикалық қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкің емес . Хабарлау қабілеті оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда шешуші орын алады.

Конструктивтік қабілет- оқу тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу мен тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, терең ойлап , педагогтық тапқырлықты дамыту.

Психотерапевтік және перцевтивті қабілет- оқушының ішкі жан-дүниесін тани білу.

Дидактикалық қабілет- оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежесін , іскерлігі мен дағдасын дұрыс анықтай білу пәнге қызығушылығын арттырып , таным белсенділігін және ойын дамыту, ұстаз өз пәнін өте жақсы білу.

Коммунативті қабілет- бұл мұғалімнің педагогикалық процесстің барысында адамдар мен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым –қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл- бет құбылысын игере білуден басталады.

Ұйымдастырушылық қабілет- оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білу, оқу мен тәрбиеге байланысты міндеттерді орындауда оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру, белсенділермен жұмыс істей білу, оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне басшылық жасау, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу, сынып ұжымын оқушыларға педагогтік ықпал жасайтын құралға айналдыру, ұстаз өз жұмысын ұйымдастыра білу.

Гедоникалық қабілет- (жоғары дәрежедегі қанағат қабілет) бұл-ұстаздың шәкірт пен қатынасы арқылы екеуі де үлкен қанағат алуы, рухани сөзімге баюы.

Рухани эстетикалық қабілет- мұның мәні адамның толқу сөзімін әсіресе , қорқыныштан пайда болған сөзімді басу қабілеті.

Діни қабілет- ұстаз бен шәкірттің діни қоғамдарға, өсиеттерге сүйенге отырып, қатынас жасау жолы.

Мұғалімдік шеберлік- өз пәнін жетік меңгерген істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып, оқу тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.
Ұстаздық шеберлік 3 қырынан көрінеді:

  • Ұйымдастыра білу шеберлігі;

  • Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі;

  • Ықпал ету, баланың іс-әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.

Ұйымдастыра білу шеберлігі- әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының мақсаты болады. Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның сценарийін жасап, әр қатысушыға ролдерін бөліп, ойнап шығу керек. Ол үшін әр шәкірт қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл кеңес беріп, тапсырманы орындауына қатыстыруы тиіс. Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты роль беріп, өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету. Мысалы, сенбілікте еңбек етуде т.б жағдайда ұстаз бос қарап тұрмауы керек. Ұстаз ең соңында істелінген іс-шараларға талдау жасап, жетістіктер мен кемшіліктерін сараптайды, болашақ іс-шараны қалай жасау керек екенініне болжам жасап, өзінше қортындылайды. Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі балалардың іс-әрекеті, қатынасы- тәрбиенің негізгі тетігі. Балалар өзара немесе ересектермен қатынас арқылы білім , тәрбие, үлгі-өнеге алады. Сондықтан да қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны оған қарым-қатынастағы ең бастысы- оның мазмұндылығында.

Ұстаздық қарым-қатынастың элементтері:



  • қатынастың мақсаты мен мазмұны;

  • шәкірттерге сүйкімді болып олардың сеніміне кіру;

  • ақжарқын ашық мінез танытып, ыстық-суығына күйіну;

  • шәкірттердің рухани байлығына ат салысу;

  • шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдетті сақтай отырып баланы дұрыс жолға бағыттау;

  • ұстазда тіл байлығы болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл, нақты дәлелді сөйлеу;

  • пікірсайыс көзінде әдетті сақтай отырып, шындықтың бетін ашып әділ баға беру, бұрмаламау;

  • мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б

Қарым –қатынас жасай отырып ықпал ету шеберлігі. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады. Ұстаз баланың іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық әдіс-тәсілдердің , тәрбиенің түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдер болады. Ұстаздың шәкіртке ықпал етуінің 3 жолы бар:

- дәлелдеп сендіру ;

- шәкірттің қызығушылығын дамыту;

- талап ете білу;
Шебер ұстаз- әдіс-тәсілдерінің көптеген түрін пайдалана отырып, балаға ықпа жасауға тырысу керек.

Ұстаздық ықпал етудің әдіс-тәсілдері:



  • Ұстаздық өсиет;

  • Ұстаздық ақыл кеңес беру;

  • Ұстаздық үйрету;

  • Ұстаздық өзіне-тарту;

Елбасы Н.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьөзінде “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр”- деген болатын . Белгілі педагог К.Ушинский “Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады”,- дегеніндей, оқыту мен білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектеп ойшыл, зерттеуші, педагогикалық үйлестіруді жоғары деңгейде меңгерген психолог, педагогтік диагностика қоя алатын іскер де жаңашыл мұғалімді талап етеді. Жаңа мазмұнға сәйкес білім беруде жаңа әдістер жүйесі керек, бұл мақсатта әр мұғалімнің алдына міндеттер қойылады:

  1. Білім берудің мемлекеттік стандарты, оның құндылықтарын меңгеру.

  2. қазіргі талапқа сай оқыту құрылымының моделін, оның ғылыми негіздерін, мақсатын және әдістемесін меңгеру.

  3. ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды игерту үшін ұлт зиялыларының (Абай, Ыбырай; Шоқан; Міржақып; Мағжан; Жүсіпбек, Ахмет; Шәкәрім т.б) этнопедагогикалық, этнопсихологиялық көзқарастарын оқып, ғылыми-негіздерін меңгеру.

  4. Психологиялық білім мен қызметтің ауадай қажеттілігі негізінде ғылыми орталық пен байланыста өзіндік қалыптасқан, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуға қабілетті, өз бетімен білім алуға бейімделген тұлға қалыптастыруға машықтану.

“Оқытатын адам бал оқыту ғылымын жақсы білуі керек”,- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай қазіргі ең басты мәселе өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтату. Бұл дегеніміз- білім беру саласындағы қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану. Оқыту технологиясы- нақты нәтижеге жету мақсатындағы жұмысты жобалаудағы және жинақтаудағы мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің үздіксіз жүйесі. Мұғалім-адам жанының инженері. Оқыту мен тәрбиелеу ісінде барлық әрекетке араласы, сан алуан адамдармен (оқушы, пән мұғалімдері, мектеп басшылары, психолог, ата-ана т.б) қарым-қатынасқа түседі, көптеген педагогикалық-психологиялық жағдаяттарды кездестіріп, оларды біліктілік, зерттеушілік қабілетіне қарай реттейді. Бұл бағытта мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқарады:

  • диагностика;

  • мақсатын айқындайды;

  • алдын-ала болжайды;

  • нақтылайды;

  • іс-әрекетті ұйымдастырады;

  • Жаңа технологияны қолданады;

  • Нәтижені тексереді;

  • Сараптайды (баға беру);

Бұл әдіс - тәсілдер мына бағыттағы жұмыстарды көздейді:

  1. Мұғалімнің өз іс-әрекетіне жаңа технологияны енгізіп жұмысын жоспарлауы. Мысалы: ақпараттандыруды іске асыру, дамыту, ізденіс бағытында шығармашылық нысананы айқындау;

  2. Сынып ұжымы мен ұжымдық қалыптастыру жұмысын жүргізу (психологиялық тренинг) мақсаты: ізгілікке ұмтылдыру, білім алуға сенімін қалыптастыру;

  3. Жеке тұлғаны қалыптастыруы. Мақсаты: қабілетті де дарынды шәкіртті дамыту, өз бетімен оқуға жұмыстануға баулу, шығармашылық ізденіске сенімді жетелеу. Осы жүйе бойынша ізденіс бағытындағы игі істер атқарылуда. Атап айтсақ:

  1. Оқыту технологиясының түрлері әр пән мен оқушының жас ерекшелігіне қарай таңдап – талғап қолданыла бастады.

  2. Бәрі оқушы арқылы орындалатындықтан жаңа технологияны қолдануға қатысатын оқушы мен оның ата-анасына педагогикалық түсінік, насихат жұмыстары жүргізілуде.

  3. Жаңа технологияның бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемесінен артықшылығын дәлелдейтін, қажеттігін мақсаты мен болашағын көрсететін мақсатты сабақтар мен түрлі шаралар (семинар, дөңгелек стол, іскерлік - танымдық сағат т.б) жоспарланып сапалы өткізу жолға қойылды.

  4. Бұл шаралар мектептегі жаңа технологияны насихаттау бағытындағы шығармашылық топтың ұйымдастыруымен өтеді және мұғалімдердің жақалыққа қызығушылығын, оның зерделік, іскерлікпен сабақты мақсатты жоспарлы ұйымдастыруына жаңа серпін береді.

  5. Сынып ұжымын ізгілікке ұмтылдыруда білім алуға сенімін қалыптастыруда педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейлігі маңызды. Сондықтан әр мұғалімнің оның жалпы мәдениеттік даярлығы, әдістемелік мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, кәсіптік-адамгершілік мәдениеті, тәрбиелік мәдениеті, диагностикалық және басқару мәдениетінің жиынтығы арқылы анықталады. Осы орайда, мектеп басшылары мұғалімдік кәсіби деңгейімен мәдениеті, біліктілігі, зерттеушілік қабілеті жағынан үздіксіз қадағалап іздену сатысымен танысып, өз тарапынан құпия зерттеу жүргізсе, бағыт беріп отырса, абзал болар еді.

  6. Жеке адамның шығармашылық-рухани және жеке басының дамуына жағдай жасау арқылы зердесін байыту қажеттілігі. “ҚР Білім туралы” заңының 8 бабында көрсетілген оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми-көрегенділікке баулу жүйелі де сатылы жұмыстың нәтижесінде іске асады. Жаңа заман мұғалімнің жоғары мәдениетті , мол эрудициялы нағыз зиялы болып қалыптасуында мектептерде өзіндік жүйесімен жұмыс істейтін “Болашақ педагог” клубының орны ерекше. Мұнда педагогикалық мамандыққа бейімделген шәкірт өз болашағына психологиялық тұрғыдан сеніммен қарайды, мамандық таңдауда қателеспейді, өз ауылына ұстаз болып оралады.

Психологиялық басты заңдылық: “Адам өзінің шығармашылық өзгерту қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор тұлға болып қалыптасады”- дейді. Қорыта келгенде, қазіргі заманға лайық тәрбиелеу мен білім беруде рухани, этно мәдени дәстүрді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін ұстаз тұлғасы:

  • өз мамандығын жоғары қоя білетін;

  • оқыту мен тәрбие ісінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды ескеретін оны жетік білетін;

  • педагогикадағы қалыптасқан жақсы үрдістерді қазіргі ғаламдану заманының ұстанымдарына сай қолдана білетін;

  • білім беруде тек жеткші ғана емес, өз оқушысын өз бетімен оқып үйренуге сенімді баулитын оның жан-жақты дамуына ынтымақтастық педагогикасы негізінде ықпал ете алатын педагогикалық мәдениеті жоғары деңгейдегі зиялы адам. Ал кәсіби шеберлігі мен біліктілігі:

  • болжауға , жоспарлауға, диагностикалауға, мониторингілеуге қабілеттілігімен;

  • оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық іс-әрекетке жаңаша және обьективті талдау жасай алуымен;

  • технологиялық білікті бірлікті игеру арқылы әр деңгейлі және көп нұсқалы оқытушылыққа дайындығымен ;

  • өз мамандығы бойынша теориялық білімін үздіксіз жетілдіріп, ғылыми ұштастыруға ұмтылысымен даралануы қажет; Мұндай талпыныстар мен ізденістер білім беру саласында жүріп жатыр.Алайда ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше жандардың жеке тұлғасы мен кәсіби мәдениетінің дамуына, ғаламдану кезеңінде қойылатын талаптардың орындалуына рухани көмек, жетекші бола алатын өз ұсыныстарымды да айта кеткенді орынды деп санаймын. Олар:

  1. Мектепте педагогикалық мамандыққа бейімделген шәкірттерді жоғарғы оқу орындарына педагогикалық кеңес шешімдерімен қабылдау.

  2. Жаңа буын оқулықтарына сай мұғалімге көмекші әдістемелік дидактикалық, техникалық құралдардың кешенді түрде шығарылып мұғалімге қызмет етуі жолға қойылса.

  3. Білікті мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында “аға мұғалім”, “әдіскер мұғалім” атақтарын тағайындау қолға алынса.

  4. Ақпараттандыру мен үздіксіз білім жетілдіруді дамытуда мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру мен қайта даярлауды ақысыз ұйымдастыру.

  5. Өз шығармашылығы мен және оқушы шығармашылығын ғылыми- бағытта дамыту мен жұмыстанатын мұғалімдердің іс – тәжірибесін кеңінен насихаттау, рухани-материалдық демеу көрсету қолдау тапса.

Міне осындай игі шаралар мұғалімнің беделін көтеріп, еңбекте жеңістерге жетелейді. Ұстаздың білімі біліктілігінде. Ұстаздың тәуір жұмысы назардан тыс қалмайды. Мұғалімдер бойындағы қадір - қасиет жаңашылдық ізденіс шеберлік анықталады. Оқушылардың шығармашылығының дамуына мектеп пен мұғалім жауапты ал ондай мұғалімді ізденуге мүмкіндігі бар мектеп қана тәрбиелей алады. Міне әр мұғалінің іздену, үйрену, өзінің мүмкіндігін көрсете білуіне жағдай жасау біздің міндетіміз екенін ұмытпайық. Әрбір бала қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан оларды адамзаттық жоғары парасаттылық, ақылдылық , адамгершілік негізінде қалыптастыру біздің басты міндетіміз болуы тиіс. Қазіргі мектептің қандай-да болмасын мәселесін әрі қарай дамыту бағытын алсақ, олардың шешімі ең алдымен кәсіби біліктілігіне, ой өрісінің кеңдігіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Оқу –тәрбие жұмысын жетілдіру жұмысы нақты оқушыны білім , тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізуге бағытталыуы тиіс.

197Осынау терең ойдан ұстаз көп ңырлы тәрбие про-цесінің ең күрделі құбылыстарына түсінік табады. Бұл ең алдымен біздің күнделікті жұмысымыздың ең бас-ты, сонымен бірге оңай байқалмайтын қырларының бірі: біз белгілі бір әдістермен яки тәсілдермен тәрбие-лемейміз, ең әуелі өз түлғамыздың, ерекшелігіміздің ықпалымен тәрбиелейміз. Педагогтің жанды ойымен, ңұштарлығымен қанаттанбаған әдіс өлі схема күйінде ңалады. Өйткені ңұйтақандай адам жер бетінде тәй-тәй басқаннан-ақ тәрбиелеп жүрген адаммен өзін салысты-ра бастайды, оған талаптар қоя бастайды, оған өзінің рухани күшін жұмсайды, оны өзінің өнегесі ретінде кергісі келеді. Әліппені үйренбей түрьш оду қаншалық мүмкін болмаса, мұғалім түлғасының ролін терең түсі-ніп алмай тұрып, мектеп коллективін тәрбиелеу мето-дикасы да соншалық мүмкін емес.

К. Маркстың тәрбие процесінде біз тәрбиелейтін адам өзіне адам ретінде қарай бастайды деген ойы аса маңызды ой болып табылады.

Өзіне-өзі адам ретінде қарау — рухани өмірдің бұл белгісі сайып келгенде педагогикалың процесс мәде-ниетінің дәрежесін сипаттап, анықтайды. ¥стаз ез шә-кірттерін өзіне белгілі бір дәрежеде қарауға үйрете білгенде ғана, ол күнделікті практикада коллективтің кісіге ыңпалы деп аталатын жайдың психологиялық, моральдың алгышарттарын жасайды.

Коллектив — аса сөзімтал аспап. Ал ол тек педагог, ұстаз тұлғасы арқылы ғана күйіне келтіріледі: дәлірек айтсаң, шәкірттер оған, педагогқа адам ретінде қалай қарайтыны, олар онан не көріп, не ашатыны арқылы ңүлаң күйіне келтіріледі. Әрбір шәкіртті өзіне-өзі қара-

уға, өз мінез-құлқы туралы ойлануға, өз сөзімін билей білуге ■— шын мәнінде нағыз тәрбие дәл осыдан баста-лады — ұмтылдыратын куш ұстаз тұлғасы, оның идея-лың сенімі, оның рухани өмірінің байлығы болып та-былады. Егер біз коллектив тәрбиелік үлкен күш дейтін болсақ, бейнелеп айтқанда көзге көрінбейтін, тамыры тереңге кеткен жапырақ жайып, жайңалған ағашты көз алдымызға елестетеміз, осы тамырлар тәрбиешінің адамдық байлығы болып табылады.

Шәкіртті өзіне-өзі адам ретінде қарауға үйрете білу дегеніміз — оның бойында өзін-өзі тәрбиелеуге ңұш-тарлыңты қалыптастыру, адамгершілік тұрғысынан өзін үйымдастыра білу үшін қажет ерік күшін орның-тыру деген сөз.

Өзін-өзі дүрыс бағалауды қалай үйретуге болады, озін-өзі тәрбиелеуге ұмтылысты қалай тәрбиелеуге бо-лады?

¥стаз үшін оның әрбір шәкірті өзін коммунистік бе-рік сенім адамы ретінде көрсетіп, өзі жөнінде де, өзге жөнінде де принципті, адал, талапшыл, тәртіпті бола білетін, жаңсылыңты ңызғыштай қорып, жамандықты белсенді жек кере білетіндей жағдай мұрат биігі болып көрінеді. Өзін-өзі бұлай көрсету тек коллективте ғана және мына жағдайда ғана кісі рухани жағынан кол-лективте емір сүретінін, өзін коллективтің бір бөлшегі ретінде түйсінетінін, коллектив өмірінің негізінде өз бойына моральдық ұғым, сенім, мүраттар орныңтыра-тынын үмытпай ұстаз әрбір кісіге ықпал ете алғанда ғана мүмкін болмаң.

¥стаз тұлғасы арңылы коллективке және коллектив арңылы әрбір шәкірттің рухани емірінде ыңпалдың күрделі процесі қалай жүзеге асады? ¥стаз тұлғасы шәкірт тұлғасын қалай жасайды? Біз адамның өзіне қатынасы, өзін ұстай білуі деп атайтын адамның мо-ральдық күшін қарқынды қалыптастырудың заңды-лықтары неде? Оның әрбір сөзі күрделі музыкалың аспап — коллективтің ңүлақ күйін ңажетті әуенге кел-тіруі үшін ұстаз ңандай болуы керек?

Мұның өзі, біздің кәміл сеніміміз бойынша, педаго-гиішлык, процестің аса нәзік, аса күрделі және ең күн-делікті мәселелері. Педагогтың коллектив пен кісіге тәрбиелік ықпалы деген ұғымды ой елегінен еткізіп көрейік. Мүнымен біз күн сайын кездесеміз. Адамның жүртқа — кісілердің рухани бірлігіне, творчестволық, еңбек, интеллектік достық одағына ықпалы дегеніміз не? Бұл ыңпал шәкірттердің ұстазға белгілі бір белсен-ді көзқарасынсыз мүмкін емес. Мен, ұстаз шәкірттер-дің белгілі бір пікірі бар екенін ескеріп ңана қоймауға тиіспін. Бұл аз, Мен шәкірттер коллективінің белгілі бір, өзіме ңажет, маған біртүтас адам ретіндегі пікірін қалыптастыруға тиіспін. Шәкірттердің маған күрделі тәрбие процесі үшін қажет пікірін қалыптастыра алған-да ғана, менің тұлғамның коллективке және коллектив арңылы әрбір кісіге ыңпалы мүмкін болмақ.

Мына заңдылыңты ой елегінен өткізейік: біртұтас нәрсе ретінде мен коллективке ыңпал жасай алу үшін, коллективтің мен туралы қандай да бір пікірі болу ке-рек. Ңандай пікірі болу керек? Біз, ересектер,— ата-

авалар, мұғалімдер, барлың ересектер,— өзіміздің әрбір қылығымызбен тәрбиелейміз. Дүние алдынан жаңа ашылып келе жатңан кішкентай адам сіз арқы-лы, ұстаз арңылы адамды танып білетінін ешңашан ұмытуға болмайды. Сіздің мінез-ңұлқыңыздан, сіздің ңылықтарыңыздан, әсіресе сіздің басңа адамдарға, ең алдымен өздеріне, шәкірттерге қарым-қатынасыңыз-дан, сіз өзіңізді ңай нәрседе және қалай көрсететініңіз-ден ол, кішкентай адам, жалпы адамдар ңандай екені, жаңсылық деген не және ол ңандай, мұрат деген не екені жайлы тұжырым жасайды. Шәкірттің комму-нистік адамгершілік мүраттарына ұмтылуы жанды адам — ұстаз арқылы біздің адамгершілігіміздің ұнам-ды моральдың-эстетикальщ принциптері олардың ал-дында қаншалық жарңын ашылуына байланысты бо-лады.

Шәкірттердің өз ұстазының тұлғасына қатынасын былай сипаттауға болады: ұстаз тұлғасы шәкірттерді тұтастығымен, идеялың-өмірлік көзқарасының, мораль- ; дың-эстетикалық принциптерінің сұлулығымен өзіне тартады, таңдандырады, рухтандырады. Егер сіз кол-лективке ыңпал ете алатын қуатты күш болғыңыз келсе, өз шәкірттеріңіз үшін, Тарас Шевченконың сөзі-мен айтқанда, шындың пен ғылымның әулиесі, күнде-лікті еміріңіз бен сөзіңізде бір жерден шығатын ком-мунистік мұраттар иесі болыңыз. Жас жанда сізге еліктеуге, сізге ұқсауға тырысңан алғашқы ниет туған-нан бастап, сіздің әрбір сөзіңіз шәкіртіңіз үшін ерекше салмак,қа ие болатынын, сіздің өрбір ойыңыз шәкірті-ңіздің ойы мен сеніміне айналатынын ұмытпаңыздар.

Білім ісенімге айналу керек деген сәзді біз жиі ести-міз. Бұл педагогикалың кемеңгерліктің аса маңызды аңиқаты. Білім қалай, ңандай жағдайда сенімге айна-лады? Шәкірт сізге еліктегісі, сізге ұқсас болғысы кел-ген кезде ғана, сіздің аузыңыздан шыңңан шындық еліктірер, рухтандырар күш болып, ғылым сіздің жү-регіңіздің нәрлі, қызу лүпілімен толыңңан кезде ғана сенімге айналады.

Балаларды, жеткіншектерді, жастарды мұғалім тұл-ғасында еліктірер не, оларды ұғымның толық та терең мәнінде алғанда сіздің шәкіртіңіз ететін не? Шәкіртте-ріңізді рухани жағынан біріктіріп, коллективті идея-лың, моральдың, рухани-пснхологиялың жағынан бір-тұтас ететін нәрсе не? Педагогтың сөзі мен ңылығын-

дағы мүраттардың, принциптердің, сенімдердің, көзқарастардың, ңызығатын істерінің, талғамдарының, нені жақсы көріп, нені жек көретіндерінің, моральдық-этикалық принциптерінің үйлесімді түтастығы — жас жанды тартып түратын, жастар үшін темірңазықңа ай-налатын нәрсе осы. Мүнда мына нәрсе өте маңызды: бұл тұтастық үстаздың табиғи қажеті түрінде, өмірінің заңы ретінде, өзінің жеке баңытын, өзінің рухани өмі-рінің толықңаңдылығын онан бөліп қарай алмайтын, онсыз елестете алмайтын түрде көрінуге тиіс.

¥стаз түлғасында осы үйлесімді тұтастың болғанда ғана білімнің тәрбиелік күші ашылады, өйткені шәкір-тімізге беретін нәрсенің бәрі біздің жанымыз арқылы өтеді, біздің коммунистік принциптілігіміздің, сенімге адалдығымыздың рухани қуатын білдіреді.

Мен бірнеше жыл бойы математика пәнінің мұға-лимасы Г. Г. Арищенкомен бірге істеу бақытына ие болдым. Ол кісі тамаша тәрбиеші болғандықтан да та-маша мұғалім еді. Оның қолында математика — нағыз адам тәрбиелеудің ңүралы болатын. Г. Г. Арищенкоға мынадай сұрақ қойылған: «Сіз математикамен қалай тәрбиелейсіз? Сіздің пәніңіздің материалы коммунистік идеялардан алшаң жатыр ғой...» Ол былай деп жауап берді: «Математика — ең алдымен еңбек. Мен шәкірт-терім ең алдымен мені еңбекқор адам деп танып, өздері де еңбекқор болу тілегімен түтануына ұмтыламын. Жан аямай жұмыс істеп, сүйікті жұмысыңа бар күшің-ді жүмса, бейнетсіздікке, жалңаулықңа, жеңілтектікке жаның түршіксін — мен өз шәкірттеріме беретін прин-циптер міне осындай».

Тамаша педагогтың күнделікті жұмысы арқылы бейнеленген бұл принциптер шәкірттерге шабыт беріп, еліктіреді. Олар мүғалиманың үйінде түннің бір уағына дейін шам сөнбейтінін көреді, оның үйінің табалдыры-ғын сүйіспеншілікпен, ңүрметтей, жүрек лүпілімен аттап, ой, еңбек, өмірлік мұраттарға адалдыңтың ға-жайьш дүниесіне тап болады. Мұғалима мен оның шә-кірттері «ең ңиын» есептерді шешіп, стол жанында ¥заң отырады. Коллективте мынадай сенім қалыптас-ты: тек өз күшіңмен білім алу, сабақта талап етілетін-нен анағүрлым көп білу — нағыз оқушының қасиетті борышы; біреудің еңбегін пайдалану, біреудің арңасы-на тығылу — таңба, адамның ар-намысын қорлау.

Мұғалима бақылау жұмысын беріп, екі сағатңа кластан кете алады. Бірақ әлдекімнің біреуден көшіріп алуы дегеннің болуы мүмкін емес — коллективтің қуатты тәрбиелік күші, әрбір шәкірттің бойында алдау-ға, өтірікке деген ымырасыздықты өрбіткен күш осын-дай. Ал бұл күштің қайнары — педагогтың сүлу, үнам-ды, адамды асңаң ететін тіринциптері. Г. Г. Арищенко-ның сабағында мүғалима қойған бағаны күнделігіне оқуіпылардың өздері жазатын және бірде-бір рет алдау деген болған емес.

Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, оқу-тәрбие меңгерушісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесу керек. Содан кейін, алған мәліметтерді талқылап, қортындылайды.

Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол кластағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін бақылау, сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социяметриялық әдістерді қолдануға болады.


Бақылау әдісі.

Міндеті: Белгілі бір сынып шараларын дайындау (нақтылы), өткізу барысында (жиналыс, кеш, мәдени жорық, кездесу т.б) оқушылардың белсенділігін, ұйымшылдығын, іскерлігін анықтау.

Бақылау жағдайы: Оқушылардың мектепте және мектептен тыс әрекеттері негізінде атқарады.

Жоспар мазмұны:



  1. Шараны өткізу туралы бастаманы кім көтереді?

  2. Сыныптағы барлық оқушылар бұл ұсыныты қабылдады ма?

  3. Шараны дайындау және өткізу барысында оқушылар арасында міндеттер қалай бөлінді?

  4. Сынып жетекшілерінің негізгі ролі қандай болды(староста және т.б)?

  5. Ресми емес лидердің ролі қандай болды?

  6. Шараны дайындау және өткізу барысындағы оқушылардың нақтылы қатысы қалай болды? (тапсырған жұмыстарды орындауы немесе одан бойды аулақ ұстау, жалтару болса оның себептері)?

  7. Қандай қиыншылықтар болды және оларды қалай жеңді?

  8. Атқарылған шараға талдау жасалды ма? Оларға қандай қортынды жасалды?

  9. Сынып жетекшісінің байқау барысындағы ұстанған жолы (араласып, кірісіп кетуі немесе сырттан бақылауы).

Нақтылы жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген бағдарламанысынып жетекшісі толықтырып отыруы мүмкін. Егерде бақылау барысында сынып жетекшісіне басқа тақырыпта бақылау жүргізу қажеттігі туса, онда ол, жоғарыда көрсетілген бағдарлама нұсқасына сай өзіндік жоспар құрып, оны іс жүзіне асыруына болады.
Әңгіме әдісі.

әңгіме дайындау барысында сынып жетекшісі сынып ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде және оған қатысты ақпар алу мақсатын көздей отыра, жан-жақты сұрақтар тобын әзірлеуі қажет. Мысалы:



  1. Сендердің сыныпта көп уақыт аралығында бәріңізге ортақ атқарып жүрген істер бар ма? Бар болса, оларды атаңыз. Оған сіздің қатысыңыз қандай?

  2. Сендердің сынып ішінде Б. көпке әйгілі. Көптеген оқушылар онымен достасқысы келеді. Сен қалай ойлайсың, оның себебі неде?

  3. Менің байқауымша сендердің сыныпта К онша белгілі емес. Себебі не?

  4. Сендердің сыныпта оқушылар арасында жанжал болып тұра ма? Не себептен олар туындайды? Соған мысал келтіріңіз?

  5. Сенің біреумен жаман қарым-қатынаста болатын көзің бола ма? Болса оның себебі неде және ол қай кезде болады?

  6. Сендерде сынып жиналысы болып тұра ма? Онда үлгерім , тәртіп , тапсырманың орындалуы секілді жайттарды талқылайсыңдар ма?

  7. Оқушылар сынға қалай қарайды? Одан қортынды шығара ма? Болмаса сыннан кейін сендерге өкпелеп қала ма?

Ескерту: әңгіме мазмұнын күнделікке жазып отыру керек. Оқушының оны байқамағаны жөн (оны әңгіме соңынан жасау қажет). Оқушылармен әңгіме жүргізу уақыты шектелмейді.
Сауалнама жүргізу

Мұғалім сауалнама жұмыстарының көмегімен бағдарламаның қай бөлімін зерттеп білу қажеттігін алдын-ала анықтауы қажет. Сұрақтардың сипаты мен сауалнама құрылымы осыған байланысты болып келеді. Сауалнаманы құра отырып, оның көңіл аударатыны – сұрақтардың қысқа немесе көлемді жауаптары, немесе оларға алдын-ала дайын жауаптардың әзірленуі, оқушылардың олардың біреуін таңдауы.



202 Педагог беделі — бұл дегеніңіз оның парасаты мен жанының перзенті, өз мүраттарына, принциптеріне, сенімдеріне коллективте терең қүрмет орнықтыра білу шеберлігі. Бедел жоғарыда айтылған үйлесімді түтао тықпен — педагог ңылығының, мінез-қүлқының және сөзінің түтастығымен жасалғанда ғана, ол тәрбиенің қуатты күшіне айналады. Педагог беделінің негізінде шәкірттер үшін өнегеге айналатын оның ңызметі жа-тады.

Коллектив, мүғалім мүраттарының, сенімдерінің, қасиеттерінің талғамдарының, нені жақсы, нені жек көретіндерінің үйлесімді түтастығымен ңанаттану үшін не ңажет? Ең әуелі оның жоғары білімдарлығы — на-ғыз білімдарлығы қажет. Біздер, үстаздар мына аңи-қатты, ойымызбен, білімімізбен тәрбиелейтінімізді ерекше қатаң талалшылдыңпен түсінуге тиіспіз. Біздің ңызметіміз — бұл ой өмірі, шәкірттер бойында білімге ңүштарлық шырағын жаға білу шеберлігі. Коллектив емірі ойлармен, ақыл мүддесімен және қажетімен суа-рылғанда ғана толықңанды бола алады. Біліммен тәр-биелеу — аңиқатты дайын күйінде алып, оқушының миына қүя салу деген сөз емес. Мектептің тәрбиелік міндеті жас жандардың бойында білімге саналы көзңа-рас, білім жөнінде берік идеялың позиция, оларға өз көзқарасын орнықтыруда. Біз шәкірт санасында ңа-лыптастырып, орнықтыратын білім олардың арына айналуға тиіс. Нағыз үстаз — шәкірттеріне өз ойымен келетін, өз білімін жүртқа беруге рухани жағынан қүштар, адамды, шындықты, ақиқатты қастерлейтін өз сенімі ең үлы шындықты — коммунистік идеяларды қорғайтынынан, өз сенімі өзге адамдардың сеніміне айналатынынан үлкен қуаныш табатын адам.

Үстаз міндетін оның кітап әлеміндегі бай өмірінсіз елестету мүмкін емес. Мүғалімнің апта сайын толығып

отыратын кітапханасы — ой қайнары, адамгершілік жігер қайнары.

Кітаптан алынған білім сіздің ойыңызбен сәулеле-ніп, санаңыз арқылы өзіңіздің ақыл-ой және эмоция-лық табыстарыңыз шәкірттеріңіздің рухани дүниесіне бір тамшы боп таралуға тиіс деген ой болып өтеді. Бұл ниет сіздің санаңызды билеп, сіз шәкірттеріңізге келе-сіз. Сіздің олармен кездесуіңіз — оңыған кітаптары-ңызды айтып беру емес. Сіз жеткіншектерге өзіңізді баураған оймен келесіз, олармен пікірлестеріңізше, өзі-ңізбен тең адамша сөйлесесіз.

Мен мынаған кәміл сенемін: үстаздың шәкіртке нағыз сүйіспеншілігі — оларға өзіңізде бар, өзіңіз үшін қымбат нәрсені беруге деген орасан зор, жеқуге болмай-тын тілек; белгілі бір адамға емес, коллективке беруге деген, шәкірттеріңіз біздің идеялық, саяси пікірлесті-гіміздің тағы бір сатысына көтерілуіне қол жеткізуге деген тілек. ¥стаздың шәкірттеріне сүйіспеншілігі —ол педагогикалық еңбек алқабына дайын күйінде алып келген сөзім емес. Бұл ңалғып-мүлгуді білмейтін, ауыр да түла бойыңды түгел билейтін творчестволық жұмыс, бұл жұмыста коллективтің біртүтас нәрсе ретіндегі идеялық, моральдың бірлігі қалыптасады. Осындай сүйіспеншілік бар жерде ғана педагог өзінен-өзі кол-лектив пен жекелеген шәкірт үшін орасан еліктірер күш болып табылады.

Асңаң та ізгілік атаулыға коллективтің үмтылысы не арқылы оятылады? Педагог түлғасының балалар үшін, әсіресе жеткіншектер мен жастар үшін еліктірер-лік, тартымды моральдық-эстетикалың принциптерінің көрінуі арқылы, оның өмірлік мақсаттары мен про-граммасының бейнеленуі арқылы оятылады. Оқушы-лар коллективі мүғалім өзін ізгі маңсатқа бастап келе-ді деп кәміл сенуге тиіс. Шаңыруға үн қосудан ғана жастардың мүраттары айқындалады; үстаздың шаңы-руына жеткіншектердің, жастардың, балалардың үн қосуы неғүрлым күштірек болса, коллективтік үмты-лыс соғүрлым айқыныраң көрінеді. Шын мәнінде, шә-кірттер өз үстазының соңынан ере бастағанда ғана коллектив басталады.

¥стаз түлғасының шәкірттер коллективіне ықпал ету өнері мынада: белгілі бір пән туралы айта отырып, ол белгілі бір шәкірттер лсүрегіне жанасңандай болып, олардың бойында өздері туралы ой мен мазасыздық

туғызуға тиіс, сөйтіп, сайып келгенде тәрбиенің ең өмірщең ңайнары — талапңа алып келуге тиіс. Мұға-лім, мәселен, Фонвизиннің «Тоғышар» пьесасы туралы айтып тұр делік. Шәкірттерге ңазіргі жастардың руха-ни өмірі мен мүдделерінен тым алшақ дүние ашылуга тиісті сияқты. Біраң мүғалім нағыз ұстаз болғысы кел-се, ол білімді өз ойымен, өз тұлғасымен шәкірттер мұ-ғалім сөзін өздеріне арнап отырғанын ұғатындай етіп нұрландыруға тиіс. Коллективте біреулер ұят сөзімін, енді біреулер мақтаныш сөзімін бастан өткеріп, ал тү-тас алғанда коллективтің рухани өмірі ұстазбен сүх-баттың осы сәттерінде ұстаз артынан еру, ұстаз үйрет-кендей өмір сүру талабымен шабыттануға тиіс.

Тәрбие жұмысында кісінің коллектив ыңпалына түсу ңабілетін ескеру өте маңызды. Егер менің кол-лективімде тәрбиелік ыңпалға берілуі ңиын бала бол-са, мен мынаны ойлаймын: бұл бала өзінің кемшілігі әрбір адам үшін үлкен дерт екенін, оның кемшілігі туралы айтңанда, басңаларды содан саңтандыру үшін айтатынын ол сөзініп, ойлануы үшін оның моральдың кемшілігі туралы мен қалай айтуым керек. Коллектив-пен бір шәкірттің моральдың кемшілігі туралы аса әдеппен, абайлап сейлесу керек. Жеке оқушының емірі, ңасіреті және қуанышы туралы коллективпен әңгімеле-су өнері түзы жеңіл баланы шұңып көрсетпеуде, оған айыптай қарамауда. Әрбір шәкірт жолдасының жеке ңылығы туралы емес, жолдастарымен өзінің қарым-қатынасының сипаты жайлы, өзінің адаммен қарым-қатынасы жайлы, өз мінез-ңүлңы жайлы ойланатындай етіп айту керек, Мұғалімнің шаңыруын естіп шәкірт жаңсыраң болуға тырысу үшін, ол өз мінез-ңүлңы жай-лы, ез ңылығы жайлы өзі ойланатын болсын. Тәрбие-ленуге ңабілетсіз болу, меніңше, жас адам арам шөп сияңты өсетін семьядан — ешкім оны ешнәрсеге ша-ңырмайтын, емірде оны еліктірер ештеңе жоқ, ол еш-теңеге талаптанбайтын семьядан шығады. Осынау «жабайы» негізде оның мінез-ңүлңы стихиялы, жүген-сіз больш, моральдың берекетсіздік пен тұлдырсыздық көрінеді. Ата-аналармен тәрбие жұмысын біз ең алды-мен баланың бойында кішкентай күнінен-аң моральдык жағынан еліктірерлік маңсат тәрбиелеуге қүратыны-мыз міне сондыңтан.

Педагогтың нағыз білімдарлығы шәкірттер онан адамгершілік асқарларына жолбасшы тауып, оның

сөзін өзінің ізгі сенімдеріне адал және жамандыңқа, өтірікке ымырасыз болуға шақыру ретінде қабылда-уынан көрінеді.

Үстаз, егер сенің ойың жас жүректерді алысңа ша-қырып, қаттырақ соғуға мәжбүр етсін десең, оларға озіңді таң ңалдырған, өз жүрегіңді мақтаныштан неме-се ашу-ызадан, қуаныштан немесе жек көруден тулай соңтырған нәрсе туралы айтып бер.

Совет жерін агрессорлар шабуылынан қорғап, кеу-десін оқңа төсеген совет шекарашыларының қаһарман ерлігі еліміздің әрбір азаматының тура жүрек түкпі-рінен орын алды. Застава бастығының жүбайы, екі баланың анасы Лидия Стрельникова ерінің жауынгер-лік күзетте ңаза тапңанын естігенде дауыс салмай, ңайғыдан естен танбай, өз ерінің жауынгер жолдаста-рына көмектесу үшін шайңасқа, ең ңайнаған жерге, оң астына барғанын оңығанымда, ңаһармандықтың, жан-ңиярлыңтың осынау асқаралы көрінісінен бойымда оянған толқынысты, ойларды тежеп отыра алмадым. Арым менен мынаны талап етті: бозбалалар мен бой-жеткендерге бұл жайлы олар өз өмірі туралы ойлана-тындай, әрңайсысы өз жанына үңілетіндей етіп айтып беру керек.

Мен өз шәкірттерімнің көзінен ңайғы мен мақта-ныш, ерлікке моральдың әзірлік үшңынын көрдім, Мұндай әңгімелер — біздің рухани сүхбатымыздың аса баңытты сағаттары. Осы минуттарда коллективтің идеялың, моральдың бірлігі орнығып, нығаяды; ортаң, жалпы халыңтық ңәрсе туралы ойлай отырьш, соны-мен бірге әркім өзі туралы да ойланады, сөйтіп азамат-тың пен жекеліктің үштасуынан нағыз азаматтық туып ңана қоймайды, сондай-аң коллектив алдындағы жауапкершілік сөзімі үшталады, нәзік те оралымды бола түседі.

Кей-кейде әлі де болса ғылыми ңызметкерлерден де, жекелеген мұғалімдерден де, өкінішке қарай естіп ңалатын: көптеген мектептердегі тәрбиенің әлсіздігі «сөзбен тәрбиелеуден-біс» деген тұжырымы қате тұ-жырым. Ал шындығына келгенде, біздің қолымызда, шын мәнінде тәрбиенің нәзік әрі сенімді, қуатты да өткір аспабы сөз бар екені үмытылғанда ғана тәрбие Ңауқарсыз, дәрменсіз болып шығады. Сөзбен тәрбилеу Деген терминнің өзі біртүрлі естіліп, онан кейбіреулер көптеген кемшіліктер таппаң болады. Нағыз ұстаз

кемеңгер сөз құралдарын жетік меңгеруге тиіе. Адам-дар арасындағы қатынас мәні. сөз арқылы көрінеді. Бала жүрегі үстаздың сөзі, ойы, сенімі, кеңесі үшііг ашық болуға тиіс.

Рухани күштердің — өзіне көзқарас, өзі туралы пікір және коллектив пікіріне жүрек ашықтығының — нәзік үштасуының негізінде коллективистік қатынас-тар: достың, өзара көмек, коммунистік тәртіп, талап-шылдың қатынастары орнығып дамиды. Жүрек ашың-тығы — аса нәзік нәрсе, коллектив арңылы тәрбиелеуде оның роліне баға жетпейді. Сіз коллективке ыңпал ету арқылы әрбір шәкірттің жүрек ашықтығына қол жет-кізгеніңізде ғана коллектив қуатты тәрбие қүралына айналады.

Төртінші класс оқушыларының коллективі сіздің қарауыңызда. Онда жүрек жылуы қалмаған, немқұ-райды да енжар, аңыл-кеңес, үсыныс, үялту атаулыға керең бала бар. Бала өз қалағанын ғана істейді. Оның балалық шағының алғашқы жылдары өзімшілдік, тас-бауырлық, тіпті қатыгездік жағдайында өткен. Сіз ол баламен талай рет сөйлестіңіз, бірақ бұл әсер еткен жоқ. Сіз ықпал етудің ең пәрменді, сонымен бірге ең нәзік қүралына жүгінесіз: бала жүрегі асқаң, ізгі идея-ларға барлық шәкірттердің жүрегі ашылған кезде, сол минутта бүкіл коллектив педагог шақыруымен ңанат-танған кезде ашылуы қажет. Коллективпен тәрбие таңырыбына әңгіме үшін Мишаңыздың ңылығы мен мінез-ңүлқына байланысты бірдеңе іздемеңіз. Идеяны фактіге орынсыз жамамаңыз — мұндай жасандылық-ты балалар те.з түсінеді де, ңабылдамайды. Коллектив-ке өз жаныңызды шарпыған оймен келіңіз, коллектив туралы түтас бір дене ретінде ойлаңыз, бірақ сонымен бірге Миша да есіңізде болсын — оның да жүрегіне жол табу керек.

Міне сіз класқа келіп, өзіңізді толқытқан нәрсе: Днепрде шомыла жүріп кішкентай бала малти білмей-тіндіктен суға түншыға бастаған екі қызды көргенін айтып түрсыз. Бала қыздарды қүтқарды, бірақ әбден әлсіреп өзі опат болды» Бұл жан тебірентер оқиға тура-лы жай ғана әңгіме емес. Бұл сіздің өмірге көзқарасы-ңыздың, сіздің моральдың-этикалың программаңыз-дың, сіздің өмірлік линияңыздың көрінісі. Сізді тың-дай отырып, шәкірттеріңіз өздерінің үстазы сіздің де дәл солай ететініңізге сенеді. Коллектив тек адамның

ізгілігіне ғана емес, сіздінг оны жүрегіңізге жаңын қа-былдап, тебіренгеңіңізге де қызығады. Коллективтің көз алдында ізгі идея мен үстаз тұлғасы бірігіп кеткен-дей болғанда ғана, олар, сіздің шәкірттеріңіз, сіздің пі-кірлестеріңізге, идеялық ізбасарларыңызға айналады.

Мүндай минуттарда адам адамға, ой ойға, жүрек жүрекке ашылады. Ортақ көңіл күйге еліккен Миша бұл минуттарда басқа адамға мүқият зер салады, үстаз бен өзінің ондаған жолдастарының бойынан мораль-дық сүлулықпен рухтануды сөзінеді; коллектив көзі бүған бейне сынай қарап, сен кімсің? қандай адамсың? деп бейне сүрап түрғандай көрінеді. Тіпті немқұрайды, бүрыс үй тәрбиесімен соқталанған жүректің өзінде мұн-дай ортақ адамгершіліктің шарыңтау минуттарында мүратқа талпыныс оянады. Мишаның жанында осынау ойлар мен сөзімдер ыңпалымен күрделі жан күйі орнығады; кішкентай адам барлық жолдастары, үста-зы оған жақсылық тілейтінін, оны рухани жағынан бай, адамгершілік жағынан сүлу адам ретінде көргісі келетінін сөзінеді.

«Жанасқаннан — жүғысқан»— осынау халық мә-телінде терең де кемеңгер ой айтылған: сенімді сенім туғызады, талпыныс тек талпын^істан туады, ымыра-сыздық тек ымырасыздың үшқынынан түтанады. Жас адамның адамгершілік бет-бейнесін, мінез-қүлқын, жаңсылық пен жамандыңңа көзқарасын айқындайтын рухани өзегінің мықтылығы мүғалім түлғасына, оның идеялың байлығына, өміріміздің шындығына, адалды-ғына байланысты болады.

Коллективпен жұмыс істеудегі аса маңызды да аса ңиын нәрсе — шәкірттерді өмірге оң көзқарас жүйесі-мен қаруландыру деп білемін. Коллективтің идеялың-азаматтың негізін қалай отырып, мен жас жүректерге жеткізетін нәрсенің бәрі: ең бақытты өмір — мәртебе-лі, ізгі коммунистік мүраттар өзек болған өмір деген шаңырумен өрілген. Ңүштарлық жалынынсыз жаман-Дьің, өтірік, адамның ар-намысын таптау, принципсіз-Дік атаулыға қызу, аяусыз тезбестік пен ымырасыздық-сыз жас жандардың бойында оң көзқарастар жүйесін орныңтыру мүмкін емес. Мен жас жүректерде жаман-Дық атаулыны жазбай тану, өз жүректеріне ңүлық Дерттерінің жабысуына жол бермеуге ғана емес, қай ^керде көрінсе де жамандық атаулыға қарсы күрескер болуға іштей өзір болу сөзімін орныңтырғанда ғана

жас жүректерді жаңсылық пен сүлулық, адамгершілік ар-намыс пен ерлік бүтіндей билейді. Мен жеткіншек-тер мен жастарды адамдар үшін өмір сүруге, сонымен бірге моральдың жотасыздықты, принципсіздікті, өзім-шілдікті, пайдакүнемдікті жек көруге үйретемін. Мен өмірге оң көзқарастар жүйесін олардың бойында жас шағынан-ақ бейімделгіштік пен тоғышарлық «маған тимесе шаруам шамалыға» жиіркеніш пен ымырасыз-дық қалыптасатындай етіп баяндауға тырысамын. На-ғыз адам үшін дүниеде болып жатқанның бәрінің оған қатысы бар, оның жанын қозғап, ол ңызығатын нәрсе-

ге айналады.

Бүкіл әлем грек фашистерінің қылмысына — Грецияның үлттық батыры, коммунист Никос Белояннисті атуына ашу-ызаға булыққан кезде мен өз шәкірттеріме төртінші класс оқушыларына Греция абақтысында батырдың әйелі — Элли Иоаниду азап шегіп жатқа-нын; ол үл тауып, туғанынан бірінші күннен бастап кіші Никос Белояннис түтқын екенін айтып бердім. Ме-нің шәкірттерім үзаң уақыт капиталистік дүниедегі адамның ауыр тағдыры туралы ой қүшағында жүрді, олардың жүрегінде ашу мен кек қайнады. Кішкентай бөбекті қүтқарып, он$>і бақытты ету үшін біздің бәріміз ешнәрсемізді аямауға әзір едік. Халықаралық Ңызыл Крест арқылы батырдың кішкентай үлына сый — украин үлттың киімі кигізілген қуыршақ жібере алу баңытына ие болдық; біз Элли Иоанидудан қысңа ға-на, бір-екі ауыз сөз жазылған хат алдың, онда ана сый үшін жалынды алғысын айтыпты. Осынау естен кетхпес күндердегі балалар қуанышы — біздің мораль, идея-лық өмір бақыты шыңына көтерілгеніміз болатын.

Менің шәкірттерімнің балалың, жеткіншектік, ба-лаң жігіттік шағында танитын қазыналарының ішінде бірінші орында адамдар, қоғам, халық, Отан алдында-ғы парызын орындаудан моральдық сүлулығы көріне-тін адамдар өмірімен танысу түрады.

Коллективтің парызды орындау жолындағы еңбегі, парыз сөзімінен туған қарым-қатынас — коллектив арасындағы тәрбие жұмысының негізі. Біздің педаго-гикалық коллективте үзақ жылдар барысында аса маңызды мынадай сенім орнықты: жас адамның моральдың шынығуы жүрт, қоғам, Отан алдындағы парызын өтегенде ол ең үлкен баңыт, ең үлкен ңанағат сөзіміне бөленуінде. Бақыттың бұл қайнарына әрбір

шәкіртті біз йдеялық* толымды коллективтік еңбекке оның белсене қатысуы арқылы әкелеміз.

Эрбір шәкірттің өмір жолын дүрыс таңдауы сайып келгенде адам жеткіншек және балаң жігіт көзінде не-ден бақыт тапқанына байланысты болады. Жұмысшы мен шаруа еңбегінің баңытын коллектив болып бастан өткеру — жас адам өз болашағын мектепте жүріп-ақ көретін терезе осы. Әрбір шәкірттің өз терезесін ашу тек коллективте ғана, қарапайым жұмысқа творчест-волық қызығу жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Шәкірттер бойында өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігі-нен білім алудың өз жүйесін қалыптастырмайынша оң көзқарастар орныңтыру дегенді бекіте түсу мүмкін емес. Өзін-өзі тәрбиелеу — мектеп өмірінің өзекті проб-лемаларының бірі. Өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету — үс-таздың өз шәкірттері арасындағы аса күрделі жүмы-сы. Практикада өзіндік сенім қалыптастыру деп ата-латын нәрсе, шын мәнінде, өз арыңмен бетпе-бет қалу ңабілетін тәрбиелеу болып табылады. Жеткіншектің, бозбаланың, бойжеткеннің бойында осынау өте маңыз-ды моральдық ңасиетті орнықтыру үшін, өз-өзіне мүңият, ыждағатпен қарай білуге, өзін көре білуге

үйрету қажет.

Өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетіл-діруге, өз жанымен оңаша ңала білуге мен арнаулы сүхбаттар арнаймын. Біз өз шәкірттерімізді өзімен-өзі шыншыл да бүкпесіз болуға, өз алдына өмірлік мақ-сат қойып, күнделікті еңбек сол мақсатқа жетуге жаңындау сияңты түсініліп, бастан өткізілуіне шақы-

рамыз.

Жеткіншектер мен жастарды тәрбиелеудің көп жылдық тәжірибесі мынаған көз жеткізеді: адамның өзіне-өзі байыпты, терең және талапшыл көзқарасы, өзін көндіре білу, ар-намыс әмірі мен үятты сөзіне білу ңабілеті — мүның бәрі шәкірттің рухани өмірінде жұмыстың ңандай орын алатынына байланысты. Ең-бек қана, дене және рухани күштерді барынша жүмсау ғана, қиыншылыңтарды жеқу ғана, еңбекте маңсатқа жету қуанышы ғана адамның өзіне өз көзін ашады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы әңгіме — ең алдымен еңбек Қуанышы туралы әңгіме. Біз шәкірттерді мынаған шаңырамыз: барынша күш жүмсауға, ойдануға өзде-ріңді көндіре біліңдер, уақыт мүлдем байқалмай өту Үшін, сіздің ең үлкен қанағатыңыз еңбек қуанышы



болу үшін өз бойларыңызда еңбекке қүлай берілу қабілетін қалыптастырыңыздар — еонда сендер өз мінез-құлықтарыңыың, өз құлықтарыңның төрешісінө айналасыңдар. Еңбекке үндеу абстракты тілекпен шек-телмейді. Біз шәкірттерімізді оқу жоспарының өздерін бәрінен көп қызыңтыратын пәні бойынша тереңдеп жұмыс істеуге — толымды интеллектік өмірдің баңыт-ты әлеміне терезе ашу үшін оқуга, біртіндеп өз кітап-ханасын жинауға шақырамыз. Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу — білімді меңгеру өмірінің мазмұнына ай-налған адам үшін өзін-өзі тәрбиелеудің ең басты өріс-терінің бір. Оқушының рухани емірінде еңбек туралы ұғым кітаігаен тығыз байланысты болғанда ғана ол өзін танып біліп, тәрбиелей алады.

Өз жанының төрешісі бола білу қабілеті, адамгер-шілік сүлулық пен үлылыққа талпыну ңабілеті тек коллективте ғана қалыптасады, өйткені бұл қабілеттің қайнары адамдар үшін жасалған коллективтік еңбек қуанышы болып табылады. Адам балалық шағында, жөткіншектік және балаң жігіттік шағында осынау қуанышты сөзіп білген жағдайда ғана оның: мен адамдар үшін не істедім? Жүрт мен туралы не ойлай-ды? деп ойлауға өресі жетеді. Адамдық намыс сөзімі адамдар үшін жасалған коллективтік еңбектен, коллек-тивте сенің қандай адам екенің туралы пікір қалыпта-сатын жұмыстан табылғанда ғана өз өміріңді талдай білу қасиеті қалыптасады.

Осынау адамдық ңасиет пен намыс сөзімін өз еңбе-гімен тапқан адам ғана — тек сондай адам ғана мүға-лімнің өз тілегін басқара білу туралы сөзіне сөзімтал да, оны қабылдағыш бола алады. Ал мүның өзі де өзін-өзі тәрбиелеудің аса маңызды өрістерінің бірі. Коллективте өз тілегіңді бақылауға байланысты өсиет пен ақыл-кеңеске қүйма қүлақ болу қабілетін тәрбие-леу, тілектер мен оларды ңанағаттандыру жөнінде қажетті кеңестер беру — асырып айтпағанның өзінде, • педагогикалық процестің тусыраған тыңы. Көбіне бы-лай болады, өз шәкірттерінің моральдың жағынан орынсыз тілектеріне мазасызданған үстаз мүндай ті-лектердің тамырына балта шабуға кірісіп, бұл үшін әлдебір арнайы қүралдар іздейді. Бұл дегеніңіз өрттің алдын алу емес, оны сөндіре бастау. Шәкірттер өздері туралы ойлана білуіне бағытталған барлық өсиеттер мен ақыл-кеңестердің ішінде өз тілегін басқара білу

жөніндегі өсиет ерекше орын алады. Мүндай өсиетті ңабылдауға моральдың жағынан дайын шәкірттерге біз рухани, моральдық мәдениеттің ажырамас белгісі ретінде тілектердің іштей тәртібі туралы айтамыз. Бұл жерде тілектің ата-ана алдындағы, қоғам алдындағы моральдық жағынан аңталған парызынан туындауы аса маңызды. Коллективтік және жеке парыз сөзімі неғұрлым нәзік дамыған болса, мектеп коллективінде өзара қарым-қатынасқа осы сөзім неғүрлым терең өзекболса, кісінің ар-үжданы да өз тілектеріне солғүр-лым сөзімтал болады.

Көп жылғы тәжірибеменің көзімді мынаған әбден жеткізді: коллективтің тәрбиелік күші оның өзінде тілек мәдениеті ңаншалық дамығанына байланысты. Шын мәніиде коллективтің кісіге билігі оның тілек-теріне билігі. Осы билікті табанды, бірте-бірте, кемең-герлікпен орныңтыру коллективті тәрбиелеудің нағыз мәні болып табылады.

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі әрбір оқу-шының еңбек режиміне, оның мүдделері мен қүштар-лығына көп көңіл аударуды талап етеді. Жеткіншек-терді, жас жігіттер мен қыздарды өзін тәрбиелей білуге үйрету — ең аадымен еңбекке қүштарлықты ояту. Өзін-өзі тәрбиелеуге қамқорлың жасай отырып, тәжірибелі класс жетекшісі жас адамды моральдың жағынан жетілуге бастайтын жолды жұмыстан көре білуіне күш салады. Жұмысқа ңүштарлық қайнары — оқуға деген ерекше белсенділік. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз жеткіншек, бозбала білімді игеруден, оқудан, ізденімпаздықтан өз мінез-қүлқының моральдық ас-пектісін көре білуінен басталады.







Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет