Бейнежазбаны (avi, mp4 форматында) 27. 03. 2017 дейін жіберу керек (қосымша №2)



бет1/4
Дата22.08.2017
өлшемі3,63 Mb.
#24340
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІН КРЕАТИВТІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ 2017 жылдың 20-21 сәуірінде «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқау өткізілетінін хабарлайды. Байқауға тіркелу 2017 жылдың 15 ақпанына дейін kreativ.kz2017@gmail.com электронды мекенжайы арқылы қабылданады. Байқау Астана қаласы «КАЗГЮУ Университетінде» АҚ өткізіледі. Тіркелген ұстаздардың жұмыстарын қабылдау 2017 жылдың 27 наурызында сағат 18:00-де тоқтатылады.



Байқаудың мақсаты:

  1. Қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін анықтау;

  2. Қазақ тілін креативті оқытудың бірыңғай базасын дайындау;

  3. Мемлекеттік тілді үйретудің ерекше, қалыптан тыс тәсілдерін БАҚ арқылы көпшілікке насихаттау;

  4. Мектеп пен ЖОО ұстаздарының арасындағы байланысты арттыру.

Өткізілетін орны мен мерзімі:

2017 жылдың 20-21 сәуірі, Астана қаласы «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Қорғалжын тас жолы, 8-үй, http://kazguu.kz



Байқауды ұйымдастырушылар:

«КАЗГЮУ Университетінің» АҚ қазақ тілін креативті оқыту орталығы, қазақ және орыс тілдері кафедрасы.



Байқауға қатысушылар:

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының кез келген ұзтазы қатыса алады.



Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады:

І кезең – қазақ тілді емес топтар мен сыныптарда қазақ тілін креативті оқыту бойынша 15-20 минуттан тұратын шағын сабақ (микродәріс) үлгісін немесе тілді үйретудің кез келген түрін әзірлеу. Бейнежазбаны (avi, mp4 форматында) 27.03.2017 дейін жіберу керек (қосымша №2). Бұл кезең сырттай өтеді. Үздік жұмыстардың авторлары ІІ кезеңге жолдама алады.

ІІ кезең: эссе жазу – 20.04.2017, сағат 9.00-де КАЗГЮУ Университетінің бас ғимаратында өтеді.



Қатысушылардың барлық шығындары жіберуші мекеме есебінен қаржыландырылады.

Марапаттау:

Марапаттау және бағалау екі категория бойынша: ЖОО және мектеп пен колледж ұстаздары арасында жүзеге асады. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде: 2, І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6.


Анықтама алу үшін:

Астана қаласы «КАЗГЮУ Университеті», Қорғалжын тас жолы, 8-үй, тел.: 8717 (2 702829), 87719999592 – Лаура Мұратбекқызы, 87759850398 – Мақпал Мүбәрәкқызы.


Өтініш үлгісі және оны рәсімдеуге қойылатын талаптар - қосымша №1

Бейнежазбаны жүктеу нұсқаулығы – қосымша №2

Қосымша №1

«ҚАЗАҚ ТІЛІН КРЕАТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ТӘСІЛДЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰСТАЗДАР БАЙҚАУЫ

(Тіркелудің соңғы мерзімі – 2017 жыл 15 ақпан)

Қатысушының аты-жөні (толығымен)




Жұмыс орнының толық атауы (қысқартусыз)

(толық заңды атауы көрсетілуі керек)




Лауазымы




Өткізілетін сабағының тақырыбы




Жұмыс орнының мекенжайы,

телефоны (кодымен), е-mail






Ұялы телефоны




Жеке е-mail





Өтініш жеке файлда рәсімделеді

өтінішті міндетті түрде кестеде толтыру қажет.

Марапаттау құжаттарды тіркеуде көрсетілген мәліметтер бойынша толтырылады.

Қосымша №2 Бейнежазбаны жүктеу нұсқаулығы. Бейнежазба көлемі –100-500 Mb дейін қабылданады .

1- қадам. Браузер арқылы we transfer.com сілтемесіне басыңыз



2- қадам. Get we transfer plus деген тұсқа басыңыз



3-қадам. + таңбасын басу арқылы файлыңызды жүктеңіз



4-қадам.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет