Сын тұрғысынанойлау технологиясы пайдалана отырып,бірнеше әдіс тәсілдермен жұмыс жүргіземін



Дата14.11.2022
өлшемі20,55 Kb.
#158114
Байланысты:
әдісөтәсіл


Сын тұрғысынанойлау технологиясы пайдалана отырып,бірнеше әдіс тәсілдермен жұмыс жүргіземін.
Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады. Атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, блум таксономиясы- оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады:
Менің жиі пайдаланатын тәсілдерім:
ДЖИГСО-мозаика. Шарты: тақырып бірнеше бөліктерге бөлінеді, оқып шығуға белгіленген уақыттан кейін, бөлщектерден тұтас тақырыпты құрап шығу тапсырылады. Бұл әдіс көлемді шығармаларды оқу кезінде өте тиімді. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
«Ыстық орындық» тәсілі. Мақсаты: Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтарды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру кезінде бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылады. Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. «Өкіл» тәсілі оқушылардың белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты жүзеге асыруда тиімді тәсіл.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді.
 Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
Бес саусақ әдісі

Түсінік хат
Тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Тәрбиеші – кез келген баланы гүлге балап, онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан.Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы.
Тәрбиеші әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.
Бұл іс- әрекет болжамы:
Ø білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым танысу;
Ø өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;
Ø жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу.
Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады.Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған».
Өз білімін арттыру тәрбиешінің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:
Ø белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;
Ø кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;
Ø педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;
Ø өз әріптестерінің ҰОҚ қатысу, ҰОҚ ұйымдастыру;
Ø ҰОҚ өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;
Ø әртүрлі формадағы ҰОҚ, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.
Маңыздылығы:
Ø ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген;
Ø Тәрбиеші еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңбе

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет