Тақырыбы: Ою-өрнекті жастықшаға бастыру технологиясы



Дата08.09.2017
өлшемі59,79 Kb.
#30258
Технология пәні 6-сынып Уақыты: 90 мин.
Тақырыбы: Ою-өрнекті жастықшаға бастыру технологиясы.

Сабақтың мақсаттары:

білімділік: оқушыларға жастықшаны өңдеу әдістері, өңдеуде қолданылатын ою-өрнек түрлері, әшекейлі таспалар және ою-өрнекті жастықшаға бастыру технологиясы туралы білім беру.

дамытушылық: матаны тануын, жастықшаға арналған ою-өрнек пен арнайы маталарды таңдай білуін, өңдеу әдістері туралы мәліметтерді есте сақтауын, сарамандық тапсырмаларды орындауын дамыту.

тәрбиелік: оқушыларды ұлттық қолөнерге ынталандыру, әдемілікті сезіне білуге, матаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Жастықшаны өңдеу әдістері туралы жалпы түсінік беру, сарамандық тапсырмаларды орындау арқылы ою-өрнекті жастықшаға бастыруды үйрету.

Сабақтың түрі: теориялық, тәжірибелік.

Сабақты ұйымдастыру түрі: жалпылама, жеке-дара.

Сабақты өткізу әдістері:

Түсіндіру-безендіру әдісі (әңгіме, түсініктеме, сұрақ-жауап, көрнекіліктерді көрсету, кестемен жұмыс, оқулықпен жұмыс);

Нұсқау беру әдісі: (кіріспе, ағымды, қорытынды нұсқау беру);

Іздестіру-зерттеу: (ою-өрнекті, матаны зерттеу)

Репродукциялау әдісі: (сарамандық жұмыс орындау).



Пәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақстан тарихы, геометрия, сызу, дүниетану, еңбекке баулу.

Көрнекілік: «Ою-өрнек» энциклопедиясы, ою үлгілерінің коллекциясы, «Ою-өрнекті жастықшаға бастыру» технологиялық нұсқау картасы, бағалау шарттарының кестесі, шығу парағы.

Құрал-жабдықтар: тігін машинасы, ине, жіп, қағаз, ою-өрнек үлгісі, қалам, қайшы, желімдік мата, негізгі мата, таспа, үтік.

Әдебиеттер:

мұғалімге: Оқыту әдістемесі, дидактикалық материал, «Мектептегі технология» журналы, «Ою-өрнек» энциклопедиясы», «Қазақтың ою-өрнектері» журналы, «Технология» оқулығы 5, 6-сынып;

оқушыларға: «Технология 6-сынып» оқулығы, «Ою-өрнек» энциклопедиясы», «Қазақтың ою-өрнектері» журналы.

Сабақ барысының жоспары:

1)себептік: ұйымдастыру -3мин

2)іс-әрекеттік: 82 мин. а)үйге тапсырма беру-2 мин; ә)қайталау-7 мин;

б)жаңа тақырыпты түсіндіру-13 мин; в)сарамандық жұмысты орындату-52 мин;

г)бағалау-3 мин; д)жұмыс орнын жинату – 5 мин.

3)рефлексия: қорытындылау - 5мин.

Сабақ барысы

Сабақ- тың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті.



І

Ұйым-


дастыру

3мин


Амандасу. Журналға белгі қою. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндетін айту.



Оқу құралдарын түгендеп дайын- дайды.Тақырыпты жазып алады.

ІІ

а)Үйге тапсыр- ма беру

2мин
ә) қайта лау

7 мин


б)Жаңа тақырып-

ты түсін- діру

13мин.


Үйге тапсырма беру: Кішігірім көрпешені ою-өрнекпен өңдеу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Өткен тақырыпты қайталауға қойылатын сұрақтар:

1.Жастықша қандай бұйымға жатады?

2.Жастықшаны құрастыру бірізділігін айтыңдар.

3.Жастықша тігуге қандай маталар қажет?

4.Желімдік маталар не үшін қажет?

5.Жастықшаны пішу технологиясы?

6.Пішу жұмысында матаны үнемді пайдалану әдісі?

7.Техника қауіпсіздік ережелері?


Оқушыларға жастықшаны өңдеу әдістері, өңдеуде қолданылатын ою-өрнек түрлері, әшекейлі таспалар туралы әңгімелеу.
Оқушыларға «Ою-өрнек» энциклодедиясын, «Қазақтың ою-өрнектері» журналын, қиылған ою-өрнек үлгілерін көрсету.
Тақтаға «Ою-өрнекті жастықшаға бастыру технологиясы» атты нұсқау картасын іліп, түсіндіру.

Оқушыларға тапсырма беру:

«Ою-өрнекті жастықшаға бастыру технологиясы» атты технологиялық нұсқауды дәптерге жазғыздар.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар тыңдайды.

Ою-өрнек нұсқаларын, үлгілерін қарайды.
Көреді, тыңдайды.
Технологиялық нұсқау картаны дәптерге жазып алады.


в) С/ж

52мин


г)баға- лау

3 мин
д)жұмыс орнын жинату

5 мин.


Сарамандық тапсырманы орындауға кіріспе нұсқау беру: Технологиялық нұсқау картаға сүйене отырып өо-өрнекті жастықшаға бастыру жұмысын орындайсыңдар.

(технологиялық нұсқау карта сабақ жоспарының соңында берілген).
Сарамандық жұмысты орындау барысында ағымды нұсқау жүргізу. Кеңес бері, бағыттау.
Сарамандық жұмысты аяқтағаннан кейін қорытынды нұсқау жасау:

-оқушылардың жұмыс нәтижесін яғни, өю-өрнекпен өңделген жастықшаларын жинап алып, салыстыру;

-ең үздік орындалған жұмысты анықтау;

-жіберген қателерін көрсетіп, талдау жасату.


Бағалау шарттарының кестесін толтыра отырып оқушылардың бүгінгі сабақтағы жұмысына баға беру.

(бағалау шарттарының кестесі сабақ жоспарының соңында берілген)

Сынып журналына және оқушылардың күнделіктеріне баға қою.

Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинату.


Сарамандық жұмысты орындайды.

Жұмыстарын салыстырады, талдайды, уздік орындалған жұмысты анықтайды.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Жұмыс орнын жинайды.




ІІІ

Реф- лексия

5 мин.


Шығу парағын тарату. (шығу парағының үлгісі сабақ жоспарының соңында берілген)
Шығу парағын жинап алу.

Қоштасу. Сау болыңдар!




Әр оқушы жеке шығу парағына сұрақтың жауабын жазып тапсырады.


Шығу парағы


Оқушының

аты-жөні


Сұрақ

Ою-өрнекті жастықшаға

бастыру бірізділігі қандай?



Осы сабаққа байланысты қандай сұрағың бар?












Бағалау шарттарының кестесі

Оқушы

ның


аты-жөні

қайталау сұрақтарына жауап беру

Теория-

лық мәлімет-

терді тыңдау


«дебиет-

термен, журналдар

мен жұмыс

(ою-өрнек үлгілерін қарау)



Сараман-

дық


жұмысты орындау

Қорытын

дылау, салыс

тыру, талдау


Барлық

ұпай саны





1-3 балл

1 балл

2 балл

1-5 балл

1-4 балл

15























13-15 балл = «5» 10-12 балл = «4» 7-9 балл = «3»

Каталог: uploads -> doc -> 0e2b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e2b -> Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі «Тілім менің- тірегім»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет