Жоспар Кіріспе. Пластмассаларды өңдеу әдістері. Негізгі өңдеу әдістері Бітіруші немесе аяқтау әдістері Полимерлердің химиялық құрылысы және құрылымы Синтетикалық полимерлерді алу әдістері. Поликонденсация реакциясының ерекшеліктері 1 Кіріспе Пластмассаны



бет1/5
Дата28.11.2023
өлшемі27,34 Kb.
#193854
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ару реферат


Жоспар

  1. Кіріспе. Пластмассаларды өңдеу әдістері.

1.1 Негізгі өңдеу әдістері
1.2 Бітіруші немесе аяқтау әдістері

  1. Полимерлердің химиялық құрылысы және құрылымы




  1. Синтетикалық полимерлерді алу әдістері.

3.1 Поликонденсация реакциясының ерекшеліктері
1 Кіріспе
Пластмассаны өңдеу дегеніміз - берілген полимердің арнайы қасиеттері бар белгілі затқа айналғанға дейінгі әртүрлі технологиялық процестердің жиынтығын құрайды. Алдын ала дайындау әдістері өңдеуге ұшырайтын шикізаттың технологиялық қасиеттерін жақсарту үшін, сондай-ақ негізгі өндеу әдістерінде бастапқы материал ретінде қолданылатын заттар (гранула, таблетка, т.с.с) мен жартылай шикізаттар алу үшін қолданылады. Оған мыналар: араластыру, біліктеу, таблеткілеу, кептіру және алдын ала қыздыру, гранулалау жатады.
Араластыру полимерлі композиция алудың маңызды әдістерінің бірі, яғни негізгі полимер мен әртүрлі компоненттерінен қоспа алу үшін және материалдың қасиеттерін анағұрлым жақсартып, одан бұйым алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге алынған қоспа өзінің физикалық және химиялық қасиеттері жағынан бірыңғай болып және барлық компоненттер қоспаның барлық жерінде бірыңғай таралуы қажет.
Біліктеу – полимерлі материалдың майысқақтық және бірыңғайлылығын жақсарту үшін механикалық немесе жылу арқылы өңдеуден өту процесі.
Таблеткілеу – престеу әдісімен өңдеу үшін материалды дайындау. Бұл жағдайда белгілі бір пішінге ие тұрақты массасы бар таблеткалар алынады. Таблеткіленген шикізатты пайдалану толтыру уақытын дәл еткізе түсіп, сондай-ақ шикізаттың артық кетпеуін, алдын-ала қыздыру уақытын қысқартылуын, престеу циклін азайтып, жұмыс істеу жағдайын жақсартады.
Кептіру немесе алдын-ала қыздыру – материалдың шашыраңқылығын көтеріп және ондағы ылғалдылықты, ұшқыш заттарды жою үшін керек. Мұндай шикізатты пайдалану жоғары физика-механикалық көрсеткіштері және жоғары сапалы бұйымдар алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет