Жоспар Кіріспе. Пластмассаларды өңдеу әдістері. Негізгі өңдеу әдістері Бітіруші немесе аяқтау әдістері Полимерлердің химиялық құрылысы және құрылымы Синтетикалық полимерлерді алу әдістері. Поликонденсация реакциясының ерекшеліктері 1 Кіріспе Пластмассаны



бет2/5
Дата28.11.2023
өлшемі27,34 Kb.
#193854
1   2   3   4   5
Байланысты:
ару реферат

Гранулалау - өңдеуге ыңғайлы болатын полимер ерітінділерінен гранулалы материал алу деген сөз. Бұлар өлшемі мен пішіні жағынан бірдей болады. Грануланы пайдалану өңдейтін машиналардың жұмысын бір тұрақты етіп, шикізатты тиеуді жеңілдетіп, машиналардың өнімділігін арттырып, бұйымның сапасын жақсартады.
1.1 Негізгі өңдеу әдістері
Негізгі өңдеу әдістері: бастапқы полимерлі материалдан белгілі бір пішінге ие затты алғанға дейінгі процестерден құралады. Затты алу негізінен экструзия, қысыммен құю, пневмо және вакуумда пішіндеу, престеу, каландрлеу арқылы жүзеге асырылады.
Полимерлерді өңдеу әдістері ХIX ғасырдың ортасында пайда бола бастаған. Алғашқы формалау әдістерінің бірі пресстеу, нығыздап шығару және поршенді экструзия. Ұзақ уақыт бойы металдарға тән өңдеу әдістері: құю, пресстеу сияқтылар қолданылып келген. Тек ХХ ғасырдың басында ғана полимерлерге тән әдістер шыға бастады. Мысалы, каландрлеу, пневмо-вакуумды пішіндеу сияқты әдістер. Қазір пластмассаны өңдеудің ондаған түрлері бар.
Экструзия – полимердің тұтқыр-аққыштық кезінде пішіндеу каналы арқылы сығылып өтіп белгілі бір пішіні бар бұйымға айналу процесі.
Қысыммен құю – полимерді тұтқыр-аққыштық күйге дейін қыздырып, оның қалыпқа толып, белгілі бір қысымда ұстап және қатыру арқылы бұйымның пішініне ие болуы.
Пневмо–вакуумда пішіндеу – тақтайша және қабықша полимерлердің алдын-ала жоғары эластикалық жағдайға дейін қыздырып, вакуум немесе қысылған ауаның көмегімен бір қалыпқа енгізіп және қатыру процесі.
Престеу – пресс-қалыптағы материалды қысым ендіріп қыздыру. Бұйым сол ыстық қалыпта пішінделіп қатады.
Каландрлеу - бір-біріне қарсы айналатын екі біліктің арасынан полимерлі материалды тоқтаусыз өткізу процесі.
1.2 Бітіруші немесе аяқтау әдістері
Бітіруші немесе аяқтау әдістері -алынған дайын бұйымдарға сыртқы түрін беру. Мұның ішіндегі маңыздылары: бұйымдарды механикалық өңдеу, дәнекерлеу, жабыстыру және сырлау. Сондай-ақ бұлардан басқа да кейбір өңдеу әдістері: қысымсыз құю, орама, бағыттау сияқтылар бар.
Пластмассаны қайта өңдеудің аталған әдістерінің ішіндегі ең өнімділігі жоғарысы – қысыммен құю, жоғары және төмен қысымда престеу, экструзия. Бұл әдістер қымбат жабдықты (пресс-қалыптар, экструзия бастары) жасауға байланысты және тек жаппай, ірі сериялы және орта сериялы өндіруге қолайлы. Ұсақ сериялы өндірісте бұйым мен материал түріне байланысты жабдыққа айтарлықтай шығындарды қажет етпейтін өңдеу әдістері қолданылады (механикалық өңдеу, дәнекерлеу, желімдеу, штамптау, қалыптаудың барлық түрлері). Даналық (бірлік) бұйымдарды дайындамалардан (монолитті ұсақ және орташа өлшемде) немесе табақты материалдардан дәнекерлеу, желімдеу және т. б. механикалық өңдеу арқылы жасау ұсынылады. Негізгі әдістерден басқа, өңдеудің кейбір мамандандырылған тәсілдері қолданылады: қысымсыз құю, илемдеу (таптау), орау, тарту (созу), бағыттау, сіңдіру және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет