Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат. Мақсаты


Қолданатын көрнекі құралдар мен жаблықтар



бет6/6
Дата19.12.2019
өлшемі119,99 Kb.
#53798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология1


Қолданатын көрнекі құралдар мен жаблықтар: табиғат құбылысын бейнелейтін суреттер, жыл мезгілдерінің суреті, Уақыт періштесінің киімі, Күннің бейнесі, жаңбыр, найзағай, боранның даусы жазылған аудиожазбалар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: маусымдық құбылыстар.

Билингвальды компонент: сұр бұлт-серая туча, боран-метель, дауыл-ураган, буря, бұршақ-град.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Уақыт періштесі костюмін киген педагог кіреді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен Уақыт атты періштемін. Менің сиқырлы таяқшам бар. Оның көмегімен барлық жыл мезгілдеріне саяхат жасауға болады.



Балалар Уақыт періштесімен сәлемдеседі. Оның сиқырлы таяқшасын тамашалайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, қандай жыл мезгілдерің білесіңдер?

-Ал сендерге қандай жыл мезгілі ұнайды? Неліктен?



Билингвальді компонент.

Сұр бұлт-серая туча, боран-метель,буря, бұршақ-град.

-Жыл мезгілдері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

-Сендер менімен бірге саяхатқа барғыларың келе ме? Әр жыл мезгілінде қандай құбылыстар болатынын байқап көрейік. Бізге менің сиқырлы таяқшам көмектеседі. Бір, екі, үш, бізді күзге алып ұш!

Күз мезгілі, оған тән құбылыстары бейнеленген үлкен сурет ілінеді.

-Балалар, суретке қарап, ауа райын сипаттап беріңдерші.

(Педагог суреттен табиғат құбылыстарын көрсете отырып суреттеуге мүмкіндік туғызуы керек.)

-Аспанда сұр бұлт пайда болған соң, артынан не болады?

-Міне, сендер айтқандай-ақ, жаңбыр тамшылай бастады. Жаңбыр қалай тамшылайтынын көрсетіңдерші. Жаңбыр күшейіп келеді ( педагог суретке жаңбыр тамшыларын салады).

Жаңбырдың даусы жазылған аудиожазбаны тыңдайды. Саусақ гимнастикасын орындату.

-Ненің даусын естіп тұрсыңдар?

Жаңбыр қай мезгілдерді жауады:


-Жаздағы жаңбыр мен күзгі жаңбырдың айырмашылығы қандай?

-Күзде тағы қандай құбылыстарды байқадыңдар?

Жай соққан желдің даусын аудиожазбадан тыңдайды.

-Балалар, жел жай соғып тұр. Өсімдіктер қалай тербелетінін көрсетіңдерші.

Желдің даусы күшейе бастайды.

-Балалар, желдің даусы күшейіп келе жатыр. Бұл қай мезгілдің жақындап келе жатқанын көрсетеді? Уақыт періштесі сиқырлы таяғын көтеріп:

-Олай болса, балалар, қыс мезгілін қарсы алуға аттанайық.

Қыс көрінісінің суреті ілінеді.

-Балалар, қыста қандай құбылыстар болады?

Педагог плакаттағы суретке мақтамен жауып жатқан қарды бейнелеп көрсетеді.

-Ал қардың қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

-Қыста аяз үрлеген кезде не болады?

-Ал тұман дегеннің не екенін білесіңдер ме?

-Біз суықтан қорықпаймыз. Жақсы шыныққанбыз. Кәне, қолымыз тоңып кетте, жылытамыз.

-Қыс қанша ашуланса да, мықты болса да, оның ашуын жұмсартатын қай мезгіл№

-Онда, дайыңдалыңдар!Бір,екі,үш,бізді көктемге алып ұш!



Сергіту сәті

Жел улейді у-у,

Құйын келіп билейді зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты у-у,

Жапырақтар қол соқты ду-ду.

Көктем мезгілінің суреті ілінеді.

-Балалар, бізді жарқыраған Күн қарсы алды.(Күннің костюмін киген қыз қарсы алады). Ал сендер өздеріңді күнбағыстың дәнімін деп ойлаңдар. Күн сәулесі жерді жылытып, дәннен кішкентайкөшет өсіп шықты. Жылы жаңбыр жауып өтті. Суға қанға көшет Күнге қарай ұмтылды, бойы өсіп, гүлге айналды. Әрі қарай қолын Күнге қарай соза берді.

Көктемгі жаңбырдың даусын аудиожазбадан тыңдайды, бір кезде күннің күркірегені естіліп, найзағай шытырлайды.

-Балалар, ненің даусын естіп тұрсыңдар?
-Көктемде жел қалай соғады?

-Балалар, жыл мезгіліне саяхаттайтын уақыт та келіп қалған сияқты.Бір,екі,үш,бізді жазға алып ұш. Жаз көрінісінің суреті ілінеді.

-Жазда қандай табиғат құбылыстарын байқадыңдар?

-Қатты жауатын жаңбырды нөсер жаңбыр деп атайды.Ал нөсер жаңбырдың арты бұршаққа айналғанын көрдіңдер ме?



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



-Күз, қыс, көктем, жаз.

Балалр қандай жыл мезгілін ұнайтынын айтады.

-Жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі болады.

Балалар саяхатқа шығуға келіседі.

-Аспанды сұр бұлт басқан, күн бұлттың артына жасырынған.

Күн салқындап, балалар жылы киінген.

-Күн бұлттанған кезде біз жаңбыр жауатынын білеміз.
Балалар саусақтарымен партаны ақырын тырсылдата бастайды. Жаңбыр күшейген сайын олар да саусақтарын жылдамдата түседі.

-Жаңбырдың даусые естіп тұрмыз. Жаңбыр күзде, жазда, көктемде жауады.

-Жаздағы жаңбыр жылы, ал күзгі жаңбыр суық болады.

-Жел соғады.


Балалар жаймен тербеле бастайды.


Балалар тербелістерін жылдамтады.

-Күн суытып, жел күшейіп, қыс мезгілі жақындап келеді.


-Қар жауады,қатты боран соғады, ояз болады, мұз қатаяды.


-Қар мол жауса, көктемде еріп, топыраққа сііреді. Ылғал көп болса, өсімдік жақсы өседі.

-Аяз үрлегенде ақ түтек боран болады.

-Тұман кезінде ештеңе көрінбейді.

Балалар қолдарын уқалап, үрлеп жылытады.

-Көктем мезгілі.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар жүрелеп отырады.

Жаңбырдың жауғанын бейнелейді. Ақырын орындарынан көтеріле бастайды. Қолдарын жоғары күнге қарай созады.

-Күн күркіреп,найзағай шатыр-шұтыр етті.

-Көктемде жел баяу соғады.

-Жазда күн ысиды. Жел көп болмайды. Жаңбыр қатты жауады.. Күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.


Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Сонымен,балалар, қандай табиғат құбылыстарымен таныстыңдар?
-Осы табиғат құбылыстарының ішінде қажетсізі бар ма?
-Балалар, бізді саяхатқа шақырған Уақыт періштемен қоштасып, шығарып салайық.

-Жаңбыр, қар, жел, боран, нөсер, найзағай, тұман.
Балалардың жауаптары тыңдалады.

Егер қандай да бір құбылысты қажетсіз деген жағдайда, педагогтің көмегімен оның қажеттігі дәлелденеді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: күз мезгілі, оған тән табиғат құбылыстары бейнеленген суретпен жұмыс істеуді.

Түсінеді: табиғат құбылыстарының атауын; әр мезгілге қандай құбылыстардың тән екенін.

Қолданады: жыл мезгілінің атауын, оған тән ерекшеліктерді.

Тақырыбы: Біз-табиғаттың досымыз.

Мақсаты:

1.Жануарлар әлемі ( аңдар, құстар, жабайы және үй жануарлары, т.б.) туралы білімдерін қорытындылау. Жануарларды топқа бөле алуды білу.

2.Зейіндері мен бақылағыштықтарын дамыту.

3.Қоршаған ортаға, онда тіршілік ететін жануарларға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.



Қажетті құралдар мен жабдықтар: ойыншық жануарлар, «Арыстан-орман патшасы» видиофильмі, «Телевизия студиясын» безендіруге қажетті атрибуттар, жұмыс дәптері.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: жануарлар туралы әңгімелесу, суреттер қарау, көркем әдебиеттер оқу, әндер мен соған қимылдарды үйрену.

Сөздік жұмыс: шөпқоректілір, етқоректілір.

Билингвальды компонент: шөпқоректілер-травоядные, етқоректілер-хищники, апан-берлога, ін-нора.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жүргізуші:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді біздің студияда «Аңдар мен балалар» хабарында көргеніме қуаныштымын. Бүгін сендермен ойын ұйымдастырамыз.

Ол«Біз табиғат достарымыз» деп аталады.

-Жануарлар шөпқоректілер және етқоректілер деп екігі бөлінеді. Олар неге мұндай топқа бөлінеді?



Билингвальді компонент.

Шөпқоректілер-травоядные, етқоректілер-хищники,апан-берлога, ін-нора.



Балалар телевизия студиясына жиналады.

-Шөпқоректілер өсімдіктермен қоректенеді, ал етқоректілер өздерінен кіші ұсақ аңдарды аулайды.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Арыстан-аң патшасы» видиосюжетін көру.

Жүргізуші:

-Сендер видиосюжет көріп отырғанда аңдар, хайуанаттар бағынан қашып, біздің хабарға келіпті. Хайуанаттар бағында олар екі бөлек торда отырады. Біз оларды 2 торға бөліп орналастыруымыз керек.

Жүргізуші:

1-топ торға қандай шөпқоректі жануарларды орналастырғаңдарыңды айтыңдар.

-2-топ сендер торға қандай етқоректі жануарларды орналастырдыңдар?

Әр тапсырманы дұрыс орындаған топқа қолдан жасалған медаль беріліп отырады.

-Бз жануарларды хайуанаттар бағындағы орнына қайтардық. Бұл-олардың мекені. Ал үйін өзімен бірге алып жүретін қандай жануарларды білесіңдер?

-Ал сендер ненің қайда өмір суретінін білесіңдер ме?

-Ал кімнің үйінде қандай үй жануарлары бар? Оларды сендер қалай күтесіңдер?


-Қонақтарымызға үй жануарларының бірі туралы білетін әндерді орындап беріңдер.

-Балалар, сендер әнді өте жақсы орындадыңдар. Ал орманда ең жақсы ән салатын не екенін білесіңдер ме?

-«Орман дәрігері» деп қай құсты айтамыз?

-«Бейбітшілік құсыдеп қай құсты айтамыз?

-Ал таңертең ұйқыдан оятатын құсты ше?

«Жануарлар мен құстар» ойынын ұйымдастыру.


Жүргізуші:

-Жарайсыңдар, көптеген аңдар мен құстарды біледі екенсіңдер. Қатты суықтан да қорықпайтын қандай құсты білесіңдер?



«Пингвиндер» видиосюжетін көру.

-Мен бүгін келе жатып, жолда сауысқанды көрдім. Тұмсығына бір нәрсе қыстырып алыпты. Мен одан не екенін сұрадым. Кәне, бәріміз бірге не екенін көрейік.


Жүргізуші тапсырманы бірінші бітірген топқа медаль береді.

-Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса, жаттығу жасап, демалып алайық.



Музыка ойналады.
Жүргізуші аңдар мен құстардың аттарын атайды, балалар ол сөздің қандай дыбыстан басталаынын атайды.

Әрбір дұрыс жауап берген балаға сол дыбыстың таңбасы (әріп) бейнеленген карточка беріледі.


-Жарайсыңдар! Тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Жүргізуші үлгі ретінде М әрпін қоянға қалай айналдырып бейнеленгенін көрсетеді.



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.


1-топ шөпқоректілерді бір торға, 2-топ етқоректілерді бөлек торға орналастырады. Яғни суреттерді 2 топқа бөледі.

-1-торға қоян, керік, маймыл, алашат, піл, т.б. жануарларды орналастырдық.

-2-торға қасқыр, арыстан,түлкі т.б. жануарларды орналастырдық.


Ұлу, тасбақа үйлерін өздерімен бірге алып жүреді.(Суреттің ішінен тауып көрсетеді).

-Аю апанда,түлкі інінде т.б.


Балалар үй жануарларын атайды. Оларды қалай күтетіндіктерін әңгімелейді.

Балалар мысық, ит немесе қошақан,төлдер жайлы білетін әндерінің бірін орындайды.

Ең жақсы ән салатын құс-бұлбұл.

-Ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайтын тоқылдақты атймыз.

-Көгершін-бейбітшілік құсы.
-Таңертен оятатын құс-әтеш.

Балалар шеңберге тұрып, допты бір-біріне бір құстың немесе жануардың атын атап лақтырады.

Балалар жауап береді.
Балалар сауысқан берген екі хатқалтаны ашып көреді. Оның ішінде бөліктерге бөлінген суреттер бар. Екі топ өздеріне берілген сурет бөліктерін құрастырады. Балалар музыка ырғағына сәйкес педагог көрсеткен қимылдарды қайталайды.

Балалар аю,түлкі,қоян,піл,бүркіт,әтеш,сауысқан т.б. сөздердің қандай дыбыстан басталатынын айтады.

Балалар қайырымды сиқыршы берген қарындаштарды алып, үстелге отырады.Әріптердің бейнесін аңға айналдырып суретін салады.

Тапсырмаларды орындайды




Рефлексиялық-түзетушілік

Музыка ойналады.

-Өкінішке орай біздің хабарымыз да аяқталып келеді. Келесі кездескенше!



Балалар музыка ырғағымен билеп, жүргізушін шығарып салады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жануарлар әлемі туралы алған білімдерін қорытындылайды.

Түсінеді: жануарлардың қандай белгісіне қарай топқа бөлінетінін; жануарлар тіршілігіндегі ерекшелікті .

Қолданады. Қоршаған ортаны бақылау кезіндегі білімдерін.

Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі.

Мақсаты:

1.Өсімдіктердің өсу, даму сатыларымен таныстыру; тәжірибе жасап, одан қорытынды шығара білуге үйрету; өсімдіктің жемісі, тұқымы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Тәжірибе жасауға деген қызығушылықтарын арттыру; өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.

3.Өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.



Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: тұқымдардың көбею жолын көрсететін сурет, әртүрлі тұқым түрлері, жемістер, көкіністер, жұмыс дәптері.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: балаларға күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақтың т.б. тұқымдарын қарау ұсынылады. Тұқымды екі бөлікке бөліп, екі ыдысқа салып, біріне су құяды, екіншісін құрғақ күйінде қалдырады. Оларды терезе алдына қояды. Бірнеше күннен кейін, су құйылған ыдыстағы тұқым өнеді де, құрғақ тұқым сол күйінде қалады. «Тұқым өсу үшін су керек» деген қорытынды жасайды. Содан соң өнген тұқымның бірін ыдысқа салып, терезенің алдына жылы жерге қояды, екіншісін суық жерге қояды. Бірнеше күннен кейін жылы жерде тұрған тұқымға тамыр мен сабақ пайда болғанын, ал екіншісінде өзгеріс жоғын байқайды. «Өсімдік өсу үшін жылу керек» деген қорытынды жасайды. Өсіп келе жатқан өскіні ыдысқа бөліп салып, бірін жарыққа қойып, су құяды. Ал екіншісін қараңғы жерге қойып, су құяды. Аз күннен кейін қараңғы жердегі өсімдіктің тіршілігі тоқтағанын көреді. «Өсімдік өсу үшін жарық керек» деген қорытынды жасайды.

Сөздік жұмыс: өсімдіктердің көбеюі.

Билингвальды компонент: тұқым-семя, өскін-проросток, үрмебұршақ-фасоль.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ сөйлем айтамын: «Қолы жоқ, аяғы жоқ-қозғалады, аузы жоқтыныс алады, қоректенеді».

-Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?


-Тәжірибе жасап көрдіңдер. Өсімдіктер қалай көбейеді?

-Өсімдік өсу үшін не керек?


-Бұл-өсімдік.

-Адамдар өсімдіктерді азық ретінде, құрылыс материалы ретінде қолданады, қағаз алады. Ол ауаны тазартады.

-Өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.

-Өсімдік өсу үшін су,ауа,жарық,жылу керек.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға екіге бөлінген алма мен алмұот ұсынылады.

-Олардың қандай ұқсастығы бар және айырмашылығы қандай?

Сөздік жұмыс жүргізіледі.

Тұқым-семья, өскін-проросток, үрмебұршақ-фасоль.

-Егер осы бөліктерді қағаз сүрткішке қойсақ не болады?

-Қандай қорытынды жасауға болады?

Көкіністердің тұқымын бақылау ұсынылады.

Олардың тұқымы қандай?


-Біз тамаққа қандай бөлігін пайдаланамыз?

Тұқымды лупамен қарау ұсынылады.

-Барлық тұқым бірдей ме?

-Тұқымдарды ортасынан бөліп көріңдер.


-Кейбір тұқымдардың сыртқы қабығы неге қатты?

«Тұқымдарды жіктеу» ойыны.

-Қанадай қорытынды жасасыңдар?

-Тұқым өсіп-өну үшін қандай жағдай керек?



Сергіту минуты

Қатты нөсер басылды,

Күн жарқырай ашылды.

Көктен төмен әдемі

Кемпірқосақ шашылды.
-Ал сендер қалай күтулерің керек?

-Өсімдік әрі қарай қалай дамиды?



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізеді.

-Олардың пішіндері,дәмә,түсі,иісі әртүрлі. Олардың ұқсастығы: екуі де жеміс,ортасындағы тұқымы бар,қатты жеміске жатады.
-Қағазда судың ізі қалады.

-Екеуі де шырынды жеміске жатады.


-Тұқымдары әртүрлі.

Бірінің сырты қатты қабықтан тұрады, енді бірі жұмсақ.

-Тұқымнан тазартып, жұмсақ бөлігін пайдаланамыз.
-Тұқымдар әртүрлі.

-Кейбір тұқымдар ортасынан жарылады.

Ал қызанақтың тұқымы бөлуге келмейді. Ол ұсақ және жұмсақ. Сыртқы қабығы ішіндегі тұқымды кеуіп кетуден сақтайды.

Балалар тұқымдарды кішкентайдан бастап, ірісіне дейін көлемі бойынша орналастырады. Содан соң сырты ең тегіс тұқымнан сырты кедір-бұдыр тұқымға дейін орналастырады.

-Тұқымдар пішіні,түрі, сыртқы қабығы бойынша әртүрлі болады. Олардың ішінде болашақ өсімдіктер бар.

-Алдымен оларға жұмсақ, құнарлы топырақ керек. Содан соң ауа, жылу, су керек.

-Балалар қолдарын жаймен тарсылдатады.

Қолдарымен күн жасайды. Қолмен жарты доға жасайды.

-Өнген өсімдікті су құйып, топырағын қопсытып, арам шөптерден тазартып отыру керек.

-Өсімдікте гүл пайда болады. Гүлдің ортасындағы түйіннен жеміс пайда болады.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Сонымен өсімдік жақсы өсу үшін, оны күту керек екен.

Егер адамдар өсімдіктерге дұрыс қамқорлық жасайтын болса, ол біздің жерімізді сәнге бөлейді. Сендердің үйлерінде бақша бар. Ол жерде түрлі өсімдіктер өседі.

Сол өсімдіктердің өсуін үнемі бақылап жүріңдер.


Балалар өз пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өсімдік өсу үшін қажетті жағдайды;

Түсінеді: тәжірибе жасады және одан қорытынды шығаруды.

Қолданады: өсімдік тұқымдарын ажырата білуді.

Тақырыбы: Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері.

Мақсаты:

1.Табиғатта өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру.

2.Табиғат, оның байлығын қорғау, күту туралы түсініктерін кеңейту.

3.Табиғатқа деген қамқорлықтарын, сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: мойнына қалбырларды тізіп алған, қоқыс салатын үлкен қалтасы бар шалбар киген Сулайлағыш, мойнына ысқырық іліп алған Ысқырғыш, қолына ашатаяқ ұстаған ұябұзғыш костюмдері.

Сөдік жұмыс: қорғау.күту.

Билингвальды компонент: ауа-воздух, самал жел-легкий ветерок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, бізге үрейлі жеделхат келіпті, онда былай деп жазылған:«Балалабақшаның төнірегінде өзен-көлдердің тыныштығын бұзушы-Сулайлағыш, құстардың ұясын бұзатын-Ұябұзғыш, орманның тыныштығын бұзатын-Ысқырғыш деген сотқар балалар пайда болыпты».

Бұл хабарды естіп, балалар табиғатқа көмек көрсету үшін бұзақыларды іздеуге аттанады. Жазбахат, нұсқамалардың көмегімен сотқар балаларды тауып, топ бөлмесіне алып келеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билингвальді компонент

Ауа-воздух, самал жел-легкий ветерок.

Педагог: «Неге орманда шулайсыңдар?»-дейді.

Сулайлағыш: «Осы да шу ма? Кәне, Ысқырғыш қалай ысқыру керек екенін көрсетші»-дейді.

Ол ысқырмақ болғанда, педагог мойнындағы ысқырықты алып, былай деп ескертеді:

«Өздеріңді дұрыс ұстаңдар. Сендер балалардың сабағын бұзбаңдар. Әйтпесе бұрышқа тұрасыңдар! »Дейді.Үшеуі: «Біз білмей қалыппыз»-деп күмілжиді.

Педагог: «Кәне,балалар, табиғатта өздерін қалай ұстау керектігін айтыңдаршы?»-дейді.

-Ал Ұябұзғышқа не айтар едіңдер?

-Ұябұзғыш, сен балалардың айтқанын тыңда. Ұя бұзып, мерген болғанша, спортпен айналасып, допты торға дәл түсіруді үйрен.
-Ол табиғатқа тағы қандай зиян келтіреді?

Ұябұзғыш өзінің қылығының дұрыс емес екенін енді түсінгенін айтып, балалардан кешірім сұрайды.

Сергіту сәті.

Секірейік, секірейік,

Ұзын қолақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік

Болар сонда тамаша!

-Балалар, мына Сулайлағышты не істейміз? Өзен-көлдерге шыны сынығын, қалбырларды, әртүрлі қалдықтарды лақтыратын осы.

-Жоқ, біз оларды бұлай жібере салмаймыз. Кәне, қолдарыңдағыны мына шелекке тастаңдар.

Олар қолдарындағы заттарды шелекке тастайды.

-Енді оларды қалай жазалаймы?

Олар қорқып, кешірім сұрайды, енді бұзақылық жасамайтындықтарын айтады.

-Балалар, олар қателіктерін мойыңдап тұр, ондай қатал болмай-ақ қояйық.

Онан да табиғатта өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстырайық.

Балалар кезекпен өздері білгенінше ережелерді айтады, педагог толықтырып отырады.

Педагог балалардың әрбір айтқан ережесін түсіндіріп отыруларын сұрайды. Қажет жерінде түзетулер енгізіп отырады.

Үшеуі: «Көп рақмет, балалар!

Сендер кішкентай болсаңдар да көпнәрсе біледі екенсіңдер. Сендерден талай нәрсе үйрендік. Енді ондай бұзақылық жасамаймыз. Сендермен дос боламыз.»-дейді.



Дәптермен жұмыс .

Жеке жұмыс жүргізу.


-Орман, табиғат-бұл көптеген аңдар мен құстардың мекені. Ал олардың мекенінде шулауға болмайды. Қазір құстар балапан басып жатыр. Көптеген аңдардың кішкентай балалары бар. Оларды үркітуге болмайды.

-Құстар-біздің досымыз. Олардың ұясындағы кішкентай балапандар өсіп, ертең өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайтын болады.

-Ашатаяқ жасау үшін ағашты бүлдіреді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
-Сенің лақтырған шыныларың мен қалбырларың суға шомылған қаншама баланың аяғын кесіп кетті.

-Олар тіпті амандасуды да білмейді. Ондай балаларға біздің арамызда жол жоқ.

Балалар әртүрлі жаза түрлерін айтады. Мысалы, оларды қараңғы бөлмеге қамап қою туралы.
-Таби,атта көргеніңді есіңе сақтауға тырыс.
Соқпақ жолмен ғана жүр.

Ағаш бұталарын сындырма.


Гүлдерді, шөпті жұлма.

Гүлшоғын адамдар өсірген гүлдерден құрастыр.

Табиғатта шулама, музыканы қатты қойма.

Құстардың ұясына жақындама. Сенің ізінмен жыртқыш аңдар ұяны тауып алуы мүмкін. Жәндіктерді аулама. Оттың шоғын қалдырма. Құмырсқаның илеуін бұзба.


Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, олай болса, бәріміз бірігіп, «Достық әнін» шырқайық. Содан соң үшеуі қоштасып шығып кетеді.

Балалар үшеуімен бірігіп, қол ұстасып ән айтады.

Күтілетін нәтиже:Орындайды: табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін.

Түсінеді: табиғаттың пайдасын, оны қорғауды; күтуді.

Қолданады: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды,оны қорғауды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет