Полигибридті будандастыру 1) Масағы қылтанақсыз , дәні екі қатарлы, қара масақты арпа өсімдігін, қылтанақты, дәні төрт қатарлы, ақ масақты арпамен будандастырғанда F1 –де қылтанақты, дәні екі қатарлы, қара масақты өсімдік алынған. Егер ААВbСс x Aabbcc өсімдіктерін бір-бірімен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады.
2) Анасының сырғалығы еркін (басылыңқы ген) және иегі тегіс, ал әкесінің сырғалығы бітіңкі және иегінде үшбұрышты шұңқыры бар (басым ген). Ұлының сырғалығы еркін және иегінде үшбұрышты шұңқыры бар, ал қызы анасындағы белгілерді толық қайталаған. Балалардың және ата-аналарының генотиптерін анықтаңыз.
3) Адамда қой көзді белгі (А) көк көздіден (а) басым, шаштың сары түсі (b) қараға (В) қарағанда рецессивті, бұйра шаш (С) тік шаштан (с) басымдылық көрсетіп, тұқымқуалайды. Мынадай АаbbCc генотипі бар еркек, генотипі ааВbСс әйелге үйленді. Ата-анасының фенотипін анықтаңыз. Бірінші ұрпақтағы балалардың генотипін және фенотипін анықтаңыз.
Резус-фактор бойынша есеп №1 Қаны II топты ер адам қаны III топты әйелмен отбасын құрды. Егер ер адам да, әйел де гетерозиготалы болған жағдайда, олардың балаларының генотиптері қандай болады?
№2 Қан тобы І қыз, қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шықты. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?
№3 Әкесінің қан тобы ІY, шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың қан тобын анықтаңдар.
№4 ІІ қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозиготалы болса, олардың балаларының қан тобы ІY, ІІІ, ІІ және І болуының ықтималдығы қандай ?
№5 Қаны І топқа жататын жігіт, қаны ІІ топқа жататын қызға үйленеді. Қыздың әкесінің қан тобы І .Осы некеден туатын баланың қанының І топ болуының ықтималдығы қандай?