4 жалпы білім беретін орта мектебі. «Денсаулық және мен»



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі28,35 Kb.
#79651
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
денсаулық және мен

4 жалпы білім беретін орта мектебі.


«Денсаулық және мен»
таңдаулы курс бағдарламасы.


Бағдарламалық үлгіні құрастырған
бастауыш сынып мұғалімі:
Жанабаева Марзия Қуанышқызы.


Теміртау 2015 ж.
Түсініктеме.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. 
Ел Президентінің “ Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты” тармағында “... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет”.
Көпбағытты медицина кезінде нарықтық экономикаға көшу жағдайларында сақтандыру шараларын білу, ісмерлік көрсету және оны бұзбау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру денсаулықты сақтап, нығайтуда ең маңызды ерекше белгі болып табылады. Бұл көрсеткіштер көкейтесті әлеуметтік мәнділікке ие болады да, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырудың белсенді стратегиясын, олардың әлеуметтік бейімделуі мен өз денсаулығын сақтау жауапкершілігін арттыруды, пайдалы қажеттілікке уәжділікті талап етеді.
Санитарлық – гигиеналық сауаттылық деңгейін жоғарылатуда, адам денсаулығын сақтап, нығайту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру мақсатында .бастауыш сыныпқа енгізіліп отырған «Денсаулық және мен» таңдау пәні мемлекеттік стандартқа сай алынып отыр.
Бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып,
«Денсаулық және мен» пәні арқылы оқушылар қалай салауатты болуды, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйренеді. Қоршаған ортаның зиянды әсерінен,түрлі аурулардан сақтануға жәрдемдеседі. Гигиена ережелерін,күн тәртібін және тамақтану ережесін орындауды,ағзаның құрылысы жөнінде ,салауаттанудың кеңестерін қолдануды үйретеді. Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынына байланысты, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етудің пайдасы  туралы түсініктемелерді бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптастыру мақсатында түзілді.

Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларына денсаулықты сақтау және нығайтудың әдістері мен тәсілдерін үйрету, өзінің және өз қоршаған ортасының денсаулығына салауатты көзқарасқа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет