4 курс ЖМ бөлімінің студенттеріне балалар хирургиясынан ТЕСТТЕР, 2012-2013 жж
! Жаңа туған нәрестелерде iрiңдi хирургиялық аурулардың қоздырғышы
болып жиi табылады?
* стрептококк
* iшек таяқшасы
* стафилококк
* басқалары
*+аралас инфекция
! Жедел гематогендi остеомиелит кезiнде қабыну процесi қай жерде басталады?
* сүйек пластикасында
*+сүйек миында
* дәнекер тiнде
* өсу зонасында
* сiңiрлi тiнде
! Балаларда жиi кездесетiн өңеш түтiгiнiң қосарлану түрлерi қайсы:
* овалдi, аралас
*+түтiктi, кистоздi
* цилиндрлi, аралас
* тiк, овалдi
* жасырын, аралас
! Диафрагма жарығының қай түрi үнемi жалған болады?
* алдыңғы
*+артқы
* көк ет куполының жарығы
* өңеш тесiгiнiң жарығы
* көк еттiң релаксациясы
! Балаларда шап жарығы дамуының негiзгi себебi қандай?
* құрсақ iшiлiк қысымның жоғарылауы
* үлкен жүктеме бергенде
*+құрсақтың вагинальдi өсiндiсiнiң облитерациясының бұзылуы
* асцит
* жатыр iшiлiк болған перитонит
! Iшек инвагинациясы қай жаста жиi кездеседi?
* 2 айға дейiн
*+4 айдан 9 айға дейiн
* 1 жастан 3 жасқа дейiн
* 3 жастан 7 жасқа дейiн
* 7 жастан асқанда
! Өңеш атрезиясының жиi кездесетiн түрi:
* өңеш тәж тәрiздi қуысы жоқ
* жоғарғы және төменгi бөлiгiнiң толық атрезиясы
* жоғарғы және төменгi кеңiрдек-өңеш жыланкөзбен жүретiн атрезия
*+жоғарғы бөлiгi толық бiтеу, төменгi кеңiрдек-өңеш жыланкөзбен жүретiн атрезия
* төменгi бөлiгi толық бiтеу, жоғарғы кеңiрдек-өңеш жыланкөзбен жүретiн атрезия
! Спайкалы iшек жүрмеуiнiң кеш деп аталу мерзiмi:
* екi аптадан кейiн
*+бiр айдан кейiн
* үш айдан соң
* бiр жастан кейiн
* стационардан шыққан соң
! Қандай симптом зәр шығару жолдарын рентгеноурологиялық зерттеу жасау үшiн көрсеткiш болып табылады:
* фимоз
*+тұрақты лейкоцитурия
* iште пальпацияланатын iсiк
* варикоцеле
*+макрогематурия
! Ерте жастағы балаларда жедел гематогендi остеомилит кезiнде қабыну процесiнiң жиi орналасуы:
*+эпифизде
* эпиметафизде
* диафизде
* буын сiңiрiнде
* буын қуысында
! Экскреторлы урография жасауға қарсы көрсеткiш болып табылады:
*+жедел пиелонефрит
* бүйрек жарақаты
* бүйректiң шаншуы
* макрогематурия
* созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгi
! Инвагинацияның қай кезеңiнде рефлекторлы құсу тән:
*+бастапқы кезеңiне
* инвагинаттың дамыған кезеңiне
* асқыну кезеңiне
* компенсирленген кезеңiне
* субкомпенсирленген кезеңiне
! Ерте спайкалы iшек өтпеуiнiң мерзiмi:
* бiрiншi тәулiкте
* 2-3 тәулiкте
*+4-5 тәулiкте
* 7-13 тәулiкте
* 14 тәулiктен 1 айға дейiн
! Өңеш атрезиясына тән белгi:
* туылғаннан құсу
*+туылғаннан аузынан көбiктi бөлiнiстiң болуы
* өңешiнен қан кету
* iшi түсiп кеткен (ладьевидный)
* кекiру
! Балаларда iшек инвагинациясы жиi кездеседi:
* аш-аш iшектi
*+аш-тоқ iшектi
* тоқ-тоқ iшектi
* ретроградты
* мықын-мықын iшектi
! Балаларда жиi кездесетiн жарық түрi:
* санды (бедренные)
*+қисық шапты
* тiк шапты
* жүре пайда болған
* операциядан кейiн пайда болған
! Диафрагма жарығының қай түрi жалған болады:
* алдыңғы
* көк ет куполының жарығы
* өңеш тесiгiнiң жарығы
*+френико-кардиальдi
* көк ет релаксациясы
! Ортан жіліктің туа пайда болған орынан таюының рентгенологиялық белгісі:
*+ойық бетінің толық дамымауы (скошенность вертлужной впадины)
* ойықтың терең болуы
* санның ішке ротациясы
* жамбас бұлшық етінің гипертонусы
* сан бұлшық етінің атрофиясы
! Ересек жастағы балаларда жедел гематогендi остеомилит кезiнде қабыну процесiнiң басталу орны:
* эпифизде
* метафизде
* диафизде
* өсу зонасында
*+буын сiңiрiнде
! Қай жағдайда экскреторлы урография жасалмайды?
* бүйрек жарақаты
* бүйрек шаншуы
*+анурия
* макрогематурия
* бүйректiң созылмалы жетiспеушiлiгi
! Өңеш атрезиясына тән белгі:
* туылғанна құсудың болуы
* өңештен қан кету
*+Туыла салысымен өкпесінде ылғалды сырылдың болуы
* іші төмен түскен
* ұйыған сүт аралас құсу
! Балаларда шап аймаңында жиi кездесетiн жарық:
* сан
* тiк шапты
* жүре пайда болған
*+туа пайда болатын
* операциядан кейiн пайда болған
! Туа пайда болған сан сүйегiнiң шығуына тән клиникалық компонент:
*+санның iшке қарай ротациясы
* санның сыртқа қарай ротациясы
* жамбас бұлшық етiнiң гипертонусы
* аяқтың қысқаруы
* сан сүйегiнiң атрофиясы
! Гематогендi остеомиелит қай жаста жиi кездеседi:
* 6 айға дейiн
* 2-4 жаста
* 8-11 жаста
*+5-14 жаста
* 14-16 жаста
! Балалардың асқазанынан қан кетудiң себебi:
* асқазан рагы
* асқазанның ангиоматозы
*+асқазанның ойық жарасы
* гастрит
* асқазанның айналып кетуi
! Өңеш атрезиясының ерте белгiсi болып табылады:
*+құсуға жалғасатын кекiрудiң болуы
* емізгенде шашалу
* көгеру, аритмдi тыныстың болуы
* инспираторлы ентiгу, сторидорозды тыныс
* аузы мен мұрнынан көп мөлшерлi көбiк тәрiздi бөлiнiстiң болуы
! Қыз балаларда кездесетiн шап жарығының түрi:
*+шапты
* ұмалық
* шап-ұмалық
* қисық
* мықындық
! Туа болған сан сүйегiнiң орнынан шығуына тән рентгенологиялық белгi:
* ойықтың терең болуы
*+жамбас ойығының дұрыс болмауы (скошенность крыши вертлужной впадины)
* ацетабулярлы бұрыштың кiшiрейуi
* сан сүйек басының ойықтан шығып тұруы
* ацетабулярлы бұрыштың үлкеюi
! Қай сүйекте жиi жедел гематогендi остеомилит дамиды:
* бұғана
* бiлек
* саусақ
*+иық
* аяқ башпайлары
! Экскреторлы урография несеп шығару жүйесінің қай бөлігі туралы мәлімет береді.
*+несеп шығару жолдарының жоғарғы бөлігі туралы
* несеп шығару жолдарының жоғарғы бөлігі туралы
* қуық туралы
* несепағар туралы
* бүйрек туралы
! Өңеш атрезиясы диагнозын дәлелдеу мақсатымен жасалатын анықтаулық әдiс:
* кеуде қуысының шолу рентгенсуретi
*+өңештi контраст жiберу арқылы тексеру
* эзофагосокпия
* асқазанына түтiк салу
* УДТ
! Асқынбаған шап жарығы кезiнде жарық қапшығы қандай болады?
* эластикалылығы қатты, тұйық перкуторлы дыбыс, көлемi өзгерiп тұрады
* жұмсақ,кәлемi өзгермейдi, перкуторлы дыбысы тұйық
*+жұмсақ, күшенген кезде көлемi үлкейедi, ауырмайды
* тығыз,перкуторлы дыбысы жоғары, көлемi өзгермейдi
* тығыз, жоғалмайды,көлемi өзгермейдi
! Туа болған сан сүйегiнiң шығуына тән клиникалық симптом:
* аяқтың анатомиялық қысқаруы,Тренделенбург симптомының терiс болуы
* санды жанына қозғағанда шектелу, аяқтың функциональдi қысқаруы
*+сан терi қатпарларының ассиметриясы
* Тренделенбург симптомының оң болуы
* Тренделенбург симптомының терiс болуы, аяқтың функциональдi
! Қай сүйекте жиi жедел гематогендi остеомилит дамиды:
* бұғана
* бiлек
* саусақ
* өкше сүйектері
*+үлкен жіліншік
! Туа бiткен маймақтық кезiнде аяқ басының деформациялану элементтерi қандай:
* вальгусты деформация, аяқ басының эквинусы, аяқ басының пронациясы, аяқ басының аддукциясы
*+варусты деформация, аяқ басының эквинусы, аяқ басының супинациясы, аяқ басының аддукциясы, аяқ басының инфлексиясы
* аяқ басының супинациясы, табанның жалпайуы,вальгусты деформация
* аяқ басының инфлексиясы,аяқ басының пронациясы,табанның жалпайуы
* вальгусты деформация, аяқ басының пронациясы
! Қуықтың құрсақтан тыс жарақатына ота жасау мақсаты:
* қуыққа катетер қою
* лапаротомия жасап қуыққа тігіс салу
*+жарақат жері арқылы қуыққа тікелей тігіс салу
* несепағарды сигма тәрізді ішекке жалғастыру
* екі жақты пиелостомия жасау
! Қуықтың құрсақтан тыс жарақатына тән рентгенологиялық белгі:
* контрасты заттың қуық маңындағы торшаға енуі
*+қуық контуры анық емес, контрасты заттың ішек арасында болуы
* несепағарда контрасты заттың болуы
* қуық контурының деформациясы
* қуықтың дұрыс толмауы
! Ерте iшек жүрмеуiне тән белгi:
* нәжiсi сұйықтау
* нәжiсiнiң болмауы
*+құсу, толғақ тәрізді іш ауруы
* iшi кепкен, үнемi ауру сезiмi бар
* толғақ тәрiздi iш ауруы
! Өңеш атрезиясы кезiнде диастаза 1,5-2 см болса қалай емдейдi?
* Гастростомия
* мойын эзофагостомиясымен бiрге гастростомия
*+өңештiң бөлiктерiне тiкелей анастомоз жасайды
* тоқ iшек трансплантантынан пластика жасайды
* қосарланған эзофагостомия
! Кіндік бауының эмбриональді жарығын консервативті емдеу мақсаты:
* алдыңғы құрсақ бұлшық етіне массаж жасау
*+жарық қабаттарын ерітіндімен өңдеу, майлы тану салу
* клизма жасау
* лейкопластырлы таңу салу
* бандаж кигізу
! Жасына қарамай шап жарығының қай түрінде жоспарлы түрде ота жасайды:
*+қайталамалы қысылуда
* қосымша даму ақаулары болғанда
* қосымша крипторхизм болса
* кіші көлемді жарықта
* ата-анасының сұрауы бойынша
! Ересек жастағы балаларда жедел гематогендi остеомилитке тән белгi:
* терiсiнiң қызаруы
* зақым болған сегменттiң жұмсақ тiнiнiң флюктуациясы
* буынның шар тәрiздi болуы
*+сүйектi пальпациялағанда ауру сезiмiнiө болуы
* жүктеме бергенде ауру сезiмiнiң болмауы
! Варикоцеле кезінде жасалады:
* ұрық бауын аталық без венасымен орау
* аталық без венасын байлау
* аталық без артериясын байлау
* ұрық бауының барлық элементтерін байлау
*+ұрық бауының лимфалық коллекторларын сақтап, аталық без венасымен артериясын байлау
! Қуықтың жарақаты туралы мәлімет беретін қосымша зерттеу әдісі:
* құрсақ қуысы ағзаларының шолу рентген суреті
* экскреторлы урография
*+цистография
* жамбас сүйектерінің рентгенсуреті
* компьютерлі томография
! Балаларда шап жарығын жасайды:
*+пупарт байламынан жоғары немесе паралелльді
* іштің төменгі тері қабаты бойынша
* пупарт байламынан төмен немесе вертикальді
* ұма арқылы
* лапаротомия арқылы
! Ересек жастағы балаларда жедел гематогендi остеомилитке тән белгi:
* терiсiнiң іызаруы
* зақым болған сегменттiң жұмсақ тiнiнiң флюктуациясы
*+буынның шар тәрiздi болуы
* ауырған жердің тері асты көк тамырларының анық көрінуі
* жүктеме бергенде ауру сезiмiнiң болмауы
! Варикоцеленің аталық безіне әсері:
* аталық безінің малигнизациясы
* қабыну ауруларына бейім болуы
*+аталық безінің атрофиясы
* гипогонадизм дамуы
* аталық безінің гипертрофиясы
! Уретраның жарақатына тән клиникалық белгі:
* лейкоцитурия
* зәр шығаруының болмауы
* шонданай аймағының ауруы
* қуыққа катетер қоя алмау
*+уретрадан қанның бөлінуі
! Кiндiк бауының эмбриональдi жарығына жедел түрде оперативтi ем жасау көрсеткiшi қандай?
*+кіші көлемді жарық болса
* үлкен көлемдi жарық болса
* аяқтары бар жарық болса
* қысылған жарық кезiнде
* қосымша жүректiң даму ақауы бар болса
! Ішек инвагинациясына тән белгілер:
*+толғақ тәрізді ауру сезімі
* қан аралас сұйық нәжіс
* құрсақ қуысында пальпацияланатын ісік тәрізді зат
* іштің кебуі
* гипертермия
! Ересек жастағы балаларда жедел гематогендi остеомилитке тән белгi:
* терiсiнiң қызаруы
* зақым болған сегменттiң жұмсақ тiнiнiң флюктуациясы
* буынның шар тәрiздi болуы
*+пальпация жасағанда ауру сезімінің күшейуі
* жүктеме бергенде ауру сезiмiнiң болмауы
! Созылмалы остеомиелиттi хирургиялық жолмен емдеу принципi:
* антибиотик салу
*+секвестрдi жою
* иммунды ем
* грануляциядан тазарту
* сүйек қуысын пластикалау
! Крипторхизмдi хирургиялық жолмен емдеудiң оптимальдi жас мөлшерi:
* 1-3 ай
*+2 жаста
* 6 жаста
* 12-14 жаста
* 14-16 жаста
! Ертелiк спайкалы iшек жүрмеуiне тән белгiлер:
*+iшiнiң толғақ тәрiздi ауру сезiмi
* нәжiсiнiң болмауы
* iштiң ассиметриялы кебуi
* құсу
* гипертермия
! Өңеш атрезиясы кезiнде диастаза 1,5-2 см болса қалай емдейдi?
* Гастростомия
* мойын эзофагостомиясымен бiрге гастростомия
*+өңештiң соңғы бөлiктерiне тiкелей анастомоз жасайды
* тоқ iшек трансплантантынан пластика жасайды
* қосарланған эзофагостомия
! Асқазан iшек жолының қай жерi жоғарғы және төменгi iшек өтпеуiн бөледi:
* өңеш пен асқазан арасындағы қақпақша
* пилорус
*+аш iшектiң бастапқы бөлiгi
* илеоцекальдi қақпақша
* тоқ iшектiң ректосигмоидальдi бөлiгi
! Кiндiк бауының эмбриональдi жарығына жедел түрде оперативтi ем жасау кәрсеткiшi қандай?
* жарықтың жыртылуына күмән болғанда
*+үлкен көлемдi жарық болса
* аяқтары бар жарық болса
* қысылған жарық кезiнде
* қосымша жүректiң даму ақауы бар болса
! Нәрестелердің ортан жілігінің орнынан туа пайда болған шығуы кезінде консервативті ем жасау мақсаты:
*+кеңінен жаялыққа орау
* қаңқалы тарту салу
* наркоз арқылы жабық түрде орнына келтіру
* Лоренц бойынша гипсті таңу салу
* наркоз арқылы ашық түрде орнына келтіру
! Жедел гематогенді остеомиелиттің ерте лабораторлы белгісі:
* ЭТЖ жоғары (повышено)
*+ЭТЖ тездетілген (ускоренное)
* анемия
* тромбоцитопения
* лейкопения
! Құрсақ iшiлiк қуықтың жыртылуына тән клиникалық белгi:
* несеп шығарғанда ауру сезiмiнiң күшейуi
*+өз бетiнше кiшi дәретке отыра алмау
* iштiң барлық бөлiгiндегi ауру сезiмi
* Щеткин Блюмберг симптомы оң
* лейкоцитурия
! Эмбриональдi кезеңде iшек айналуының бұзылысы неге алып келедi:
*+ортаңғы iшектiң айналуына
* iшек мембранасына
* iшек атрезиясына
* Меккел дивертикулына
* iшектiң тарылуына
! Хирургиялық практикада кездесетiн кiндiк баудың эмбриональдi жарығының
клиникалық түрлерi:
*+кiшi, ортаңғы, үлкен көлемдi
* кiшi, жалған, шар тәрiздi
* жартылай шар, аяқшада, үлкен көлемдi
* ассиметриялы, шын
* орташа, ассиметрия, жалған
! Кiндiк баудың эмбриональдi жарығының дамуына әсер етеді:
* іш терісінің дефекті
* іштің апоневротикалы қабатының дефекті
* кіндік қан тамырларының даму ақаулары
* кіндіктің орналасуының аномалиясы
*+ішек айналуының аномалиясы
! Пилоростеноздың даму себебі:
* тамақты дұрыс бермеу
*+пилорустың даму ақауы
* ішек түтігінің дұрыс жетілмеуі
* жедел гастрит
* асқазанның ойық жарасы
! Пилороспазмның даму себебі:
* тамақты дұрыс бермеу
*+пилорус иннервациясының бұзылысы
* ішек түтігінің дұрыс жетілмеуі
* вегетативті дистония
* асқазанның ойық жарасы
! Туа болған маймақтықты қай жастан бастап оперативтi жолмен емдейдi:
* 2-3 айдан бастап
* 6 айдан бастап
* туыла салысымен
*+2-3 жаста
* 7 жастан бастап
! Бүйректiң жарақаты болған кезде жедел оперативтi көмек көрсету үшiн қажеттi клиникалық белгi:
* макрогематурия
* жоғары дене қызуы
*+бел аймағында iсiктiң ұлғайуы
* белдегi ауру сезiмi
* iштегi ауру сезiмi
! Туа пайда болған жоғары iшек өтпеуiне тән рентгенологиялық белгi қайсы?
* эксикоз белгiлерiнiң өршуi
* екiншi күннен бастап меконий аралас құсу
* эпигастрий аймағының iсiнуiмен болатын iшектiң iшке қарай түсуi
(запавший живот с периодическим выбуханием эпигастрия)
* iштiң барлық бөлiгiнiң бiрдей iсiнуi
*+iштiң жоғарғы бөлiгiнде 1-3 Клойбер тостағаншаларының болуы
! Жұлын жарығына жасалған операция кезiнде омыртқа доғасының дефектiсi немен жабылады?
* тек терiмен
*+бұлшық ет-апоневрозды лоскутпен
* омыртқа доғасының сүйектi пластинкасымен
* бас сүйегi немесе қабырғадан алынған аутотрансплантантпен
* басқа сүйектермен
! Инвагинацияны анықтауда мәлiмет алу әдiсi болып табылады:
* құрсақ қуысының шолу рентгенсуретi
*+пневмоирригография
* қанның жалпы анализi
* зәрдiң жалпы анализi
* iшек бойынша барий қоспасының жүруiн зерттеу
! Пилоростеноз кезінде фонтан тәрізді құсу қай кезде білінеді:
* туылған соң бірінші аптада
*+туылған соң 3-4 аптада
* 1-3 айында
* 4-6 айында
* 1 жастан асқанда
! Қуық экстрофиясына жасалатын операция:
* Тері пластикасы арқылы жасанды қуық жасау
* екі жақты пиелостома жасау
*+несепағарды сигма ішегіне қондыру
* несепағар қақпақшасына пластика жасау
* несепағарды аш ішекке қондыру
! Бүйректiң ауыр жарақаты болған кезде оперативтi ем жасаудың бiр көрсеткiшi қайсы?
* қалтырау
*+белде аймағында iсiктiң ұлғайуы
* сыртқы жыныс ағзаларының ісінуі
* микрогематурия
* есінен тану
! Жұлын жарығы кезiнде жедел оперативтi ем жасау кәрсеткiшi:
* диагнозы қойыла салысымен
* гидроцефалиясы бар болса
*+жарық қапшығы жарылып, ликвор ағып жатса
* аяқ пен кiшi жамбас қуыс ағзаларының қызметi бұзылғанда
* жарық қысылғанда
! Инвагинация кезiнде мәлiметтi әдiс:
* құрсақ қуысының шолу рентгенсуретi
* кеуде қуысының шолу рентгенсуретi
*+наркоз арқылы iштiң бимануальдi пальпациясы
* қанның жалпы анализi
* iшек бойынша барий қоспасының жүруiн бақылау
! Қысылған шап жарығына тән клиникалық белгі:
* баланың мазасыздануы
* тамақпен құсу
* зәрінің шықпауы
* лейкоцитоз
*+шап аймағындағы ауру сезімі
! Пилоростенозға тән клиникалық белгі:
* өт аралас құсу, құсу күніне 5-6 рет, адинамия, әлсіздік
*+өтсіз ұйыған сүт аралас құсу, эксикоз, салмағын жоғалту
* өтсіз ұйыған сүт аралас құсу, құсу күніне 15-20 рет, іші кепкен
* баланың мазасыздығы тұрақты, эпигастрийдің кебуі, жиі сұйық нәжіс, жоғары лейкоцитоз
* гематокрит көрсеткішінің жоғары болуы, спазмды жоятын дәрілік заттардан әсер бар
! Гиршпрунг ауруы кезiнде жасалатын хирургиялық ем мақсаты:
* тоқ iшектiң кеңiген жерiн кесiп алып тастау
*+тоқ iшектiң аганглионарлы аймағын кесiп алып тастау
* аганглионарлы аймақты өшiру үшiн тiк iшекке анастомоз жасау
* аганглионарлы аймақты продольдi кесiп алып тастау (продольное рассечение зоны аганглиоза)
* аралық проктопластикасын жасау
! Гидронефрозға күдiк тудыратын негiзгi белгi:
* тұрақы макрогематурия
*+зәр шығару жүйесiнiң тұрақты инфекциясы
* дизурия
* никтурия
* несептiң шықпауы
! Қуық экстрофиясы кезiнде жасалатын операция мақсаты:
* терi пластикасы арқылы жасанды қуық жасау
*+iшектен жасанды қуық жасау
* несепағар қақпақшасының пластикасы
* екi жақты пиелостом
* несепағарды аш iшекке жалғау!
! Iшек дезинвагинациясының оперативтi әдiсi:
* iшектi кесу
* iшектi кесу
*+сауу әдiсi бойынша дезинвагинация жасау (дезинвагинация методом выдаивания)
* iшектi ауамен үрлеу
* цекостома қою
! Варикоцеле анықтамасы:
* шап жарығының түрлерi
* гидроцеле түрлерi
*+гроздьевидтi сплетение көк тамырларының кеңейуi (гроздьевидное сплетение)
* қосалқы без (придаток яичка) көк тамырларының кеңейуi
* аталық безiнiң лимфостазы
! Варикоцеле кезiнде жиi қолданылатын операция түрi:
* кеңейген көк тамырларын кесу
* Иванисевич операциясы
*+Иванисевич-Ерохин операциясы
* Ру-Краснобаев операциясы
* Винкельман операциясы
! Емшек жастағы балаларда жиі эпифизарлы остеомиелиттің болу себебі:
* эпифиздің сіңір құрылымына байланысты
* эпифиздің буынға жақын орналасуына байланысты
*+эпифизде қан айналу ерекшелігіне байланысты
* иммунды жүйе ерекшелігіне байланысты
* сүйектің құрылымына байланысты
! Гематогенді остеомиелит кезінде инфекцияның ену көзі болып табылады:
*+кіндік жарасы, тері іріңдіктері
* бадамша арқылы
* кариес тістері арқылы
* басқа жарақаттар
* асқазан-ішек жолдары арқылы
! Туа болған маймақтықты емдейдi:
* екi жастан асқанда
* 8 жастан асканда
*+өмiрiнiң 2 шi аптасынан бастап
* қай жаста емдеудiң маңызы жоқ
* 1 жастан асқанда
! Туа пайда болған маймақтықты құрайтын компоненттер:
*+балтырдың пронациясы
* аяқ басының супинациясы
* аяқ басының эквинусы
* аяқ басы iшке қараған
* аяқ басы сыртқа қараған
! Туа болған пилоростенозда мәлiметтi анықтаулық әдiс қандай?
* асқазанды түтiктеу
* эзофагоскопия
*+барий қоспасымен рентген жасау
* Вангенстин бойынша рентгенге түсiру
* Лапароскопия
! Гиршпрунг ауруының созылмалы түрiнде қолданылатын консервативтi емдеу әдiсi:
*+тазалау клизмасы
* диетаны ұстау
* асқазанға түтiк салу
* iштiң массажы
* физио ем жасау
! Перзентханада өңеш атрезиясына күмән болған кезде не жасау керек?
* Вангенстин бойынша рентгенге түсiру
*+өңешке түтiк салу
* ирригография
* эзофагоскопия
* лапароскопия
! Кедергінің орналасуына байланысты туа болған iшек өтпеуiнiң түрлерi қандай?
* жедел
*+жоғары, төмен
* қайталамалы
* төмен
* созылмалы
! Қандай бйрек санының аномалиясын бiлесiз?
* бүйрек агенезиясы
* бүйрек дистопиясы
* таға тәрiздi бүйрек
*+қосымша бүйрек
* қосарланған бүйрек
! Несепағар аномалиясына жатады:
* уретероцеле
*+эписпадия
* урахустың бітпеуі
* қуық экстрофиясы
* гидронефроз
! Зәр тас ауруына тән зәрдiң өзгерiсi:
* зәрде қанттың болуы
* уродилиннiң жоғарылауы
*+гематурия
* полиурия
* гипоизостенурия
! Нәрестелерде асқазан iшек жолдарын тексеру үшiн пайдаланылатын контрасты зат:
* иодолипол
*+емшек сүтi араласқан барий қоспасы
* желаидон
* уротраст
* билиграфин
! Жалған крипторхизмге тұн:
* гипогенитализм
* Томашевский симптомыныө оң болуы
*+Томашевский симптомыныө терiс болуы
* ауру сезiмi
* интеллектiң төмендеуi
! Крипторхизмi бар балаларда аталық безiнiң дегенеративтi өзгерiсiне алып келетiн фактор қайсы?
* андрогеннiң дефицитi
*+дене қызу режимiнiң дұрыс болмауы
* диетаны ұстамау
* гидроцефалия
* бала жасы
! Гематурия мен пиурия қай ауруға тән:
* гидронефроз
* калькулез
*+туберкулез
* нефроптоз
* бүйректiң iсiгi
! Бел аймағында көлемi үлкейiп келе жатқан iсiктiң болуы қай ауруда кездеседi:
* бүйректiң қосарлануы
* гидронефроз
* нефроптоз
*+бүйректiң жарақаттануында
* туберкулез
! Нәрестеге құрсақ қуысының рентгенсуретiн жасаған кезде екi деңгей анықталса, ол не туралы айтылып жатқаны?
* аш iшектiң атрезиясы
* Гиршпрунг ауруының жедел түрi
* пилорикалық каналдың атрезиясы
*+12 елi iшектiң толық туа болған өтпеуi
* артерио-мезентериальдi өтпеу
! Пилорстеноздың негізгі клиникалық белгісі:
* ентігу
* мазасыздық
*+фонтан сияқты құсу
* құрысулар
* полиурия
! 3 күндік балада құрсақ қуысының шолу рентген суретін жасағанда горизонтальді деңгейі бар үлкен екі ауалы кқпіршік анықталды.Болжам диагнозыңыз.
* пилоростеноз
*+12 елі ішек маңындағы жоғары ішек өтпеуі
* төменгі ішек өтпеуі
* ортаңғы ішектің айналуы
* пилорикалық бөлім маңындағы жоғары ішек өтпеуі
! 1,5 айлық бала. Ауырғанына 4 күн болған. Келгендегі шағымы - әлсіздік, жоғары дене қызуы.Қарап тексерген кезде сол жақ жамбас буынында қозғалысы шектелген, пальпацияда ауырады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Аяқ басы сүйектерінің жарақаты
* Аяқ басы сүйектерінің сынығы
* сол жақ ортан жілік сүйегінің сынығы
* жамбас сүйектерінің остеомиелиті
*+сол жақ ортан жілік сүйегінің эпифизарлы остеомиелиті
! 3 айлық балада туа болған маймақтық. Емі қандай:
* Аяқ басы сүйектеріне операция жасау
* Зацепин операциясы
*+этапты гипсті таңу салу
* ортопедиялық аяқ киім кию
* емдік дене шынықтыру мен бинтпен таңу
! Перзентханада тiк iшек атрезиясын дәлелдейтiн анықтаулық әдiс:
* хромоцистосокпия
*+тiк iшектi жұмсақ катетермен зондылау
* скандау
* ректороманоскопия
* ирригография
! Жоғары iшек өтпеуiне тән симптом:
* аузы мен мұрнынан көбiктi бөлiнiстiң болуы
* ұйыған сүт аралас құсу
*+көп рет өт аралас құсу
* дене қызуының жоғарылауы
* нәжiстiң болмауы
! Пилоростеноз кезiнде асқазан перистальтикасының сипаты:
* болмайды
*+күшейген
* үнемi антиперистальтика
* қалыпты
* эпизодты
! Даму ақауының қай түрі зәр ұстамаумен жүреді.
*+тотальді эписпадия
* аралықты гипоспадия
* субсимфизді эписпадия
* артқы уретраның қақпақшасы
* эктопиялы уретероцеле
! Шап жарығының қандай түрiн бiлесiз?
* шын
*+аталық безi
* қисық
* жалған
* ұрық бауының
! Қысылған шап жарығына қатысты негізгі симптомды атаңыз:
* ауру сезімі
* орнына салған кезде шұрылдау дыбысы (урчание)
* жөтелу күшi симптомының болмауы
* перкуторлы дыбыстың тұйықталуы
*+жарықтың орнына келмеуі
! Пилоростенозды емдеу әдiсiн атаңыз:
* Атропинизация
* асқазанын кесу
*+пилоромиотомия
* гастроэнтероанастомоз
* динамикасын бақылау
! Гиршпрунг ауруы кезiнде ең тиiмдi рентгеноанықтаулық әдiс:
* ауа арқылы ирригография
*+барий қоспасы арқылы ирригография жасау
* Вангенстин әдiсi бойынша рентгенография
* құрсақ қуысының шолу рентгенсуретi
* кеуде қуысының шолу рентгенсуретi
! Өңеш атрезиясының белгiсi:
*+аузы мен мұрнынан көбiктi бөлiнiстiң болуы, көгеру
* өт аралас құсу, көгеру
* көгеру ұстамасы мен меконидiң болмауы
* iшiнiң кебуi мен құсу
* меконий аралас құсу
! Туа болған iшек өтпеуiнiң жиi себебi болып табылады:
* iшек түтiгiнiң пайда болуының бұзылысы
* iшек қабырғасының даму ақауы
*+iшек айналуының толық бiтпеуi (незавершенный поворот кишки)
* басқа ағзалармен басылуы
* алдыңғы құрсақ қабарғасының болмауы
! Өңеш атрезиясына тән симптомды атаңыз:
* көгеру
* меконий аралас құсу
* iшi төмен түскен (ладьевидный живот)
*+аузынан көбiктiң ағуы
* аускультация жасағанда крепитациялы сырылдың болуы
! Пиелонефрит кезінде инфекцияның ену жолы:
* гематогенді
*+көтерілетін
* лимфа арқылы
* аралас
* неврогенді
! Кіндік бауының эмбриональді жарығының сипаты:
* жарық қапшығы құрсақ пен амниотикалы тіндерден тұрады
* жарық қапшығына бауыр кіруі мүмкін
*+жарық қапшығындағы ағзалар кіндік бау қабатымен жабылған
* жарық қапшығындағы ағзалар кіндік бау қабатымен жабылмаған
* жарық қапшығы міндетті түрде құрсақ қуысының бұлшық ет қабатымен жабылуы керек.
! Жаңа туылған нәрестеде туа пайда болған маймақтықтың бірінші дәрежесі анықталған. Сіздің тактикаңыз:
* Гимнастика мен массаж жасау
*+Финк-Эттинг бойынша бинттеу
* гипсті таңу салу
* этапты гипсті таңу салу
* ота жасау
! Гиршпрунг ауруының клиникалық кезеңiн атаңыз:
* компенсирленген
*+рецидивтi
* субкомпенсирленген
* жасырын
* декомпенсирленген
! Толық iшек өтпеуiнiң негiзгi симптомдарын атаңыз?
* кекiру
*+iшек заты аралас құсу, нәжістің болмауы
* нәжiстiң болуы
* қан аралас нәжiс
* iштiң кебуi
! Асқазан-өңеш рефлюксі болады:
* қысқа өңеште
* кардий ахалазиясында
* өңештің тарылуында
*+кардий хилазиясында
* пилоростенозда
! Кеңірдекке ашылған жыланкөзі бар өңеш атрезиясына тән белгiлер:
*+туылғаннан аузынан көбiктi бөлiнiстiң болуы
* аралықтың ығысуы
* нәжісінің болмауы
* көгеру, тұншығу
* ұйыған сүт аралас құсу (срыгивание с твороженным молоком)
! Гиршпрунг ауруының субкомпенсирленген түрiне тән симптомдар:
* iштiң бiр кеуiп, бiр кеппеуi, интоксикация
*+iштiң үнемi кебуi, іш қату, анемия
* созылмалы iш қату
* нәжiстi интоксикация
* анемия
! Бұлшық еттi қисық мойын клиникасына тән:
*+июшi бұлшық еттiң ортаңғы және төменгi бөлiгiнiң қалың дауы
(веретенообразное утолщение средней и нижней трети кивательной мыщцы)
* мойын бұлшық етiнiң спастикалы параличi
* басының ауру жағына иiлуi
* бет сүйегiнiң гипоплазиясы
*+басының сау жағына қарауы
! 3 жастағы баланың аталық без су ісігінің дамуы байланысты:
*+құрсақтың қынап өсіндісінің жабылмауы
* сұйықтықтың көп мөлшерде өндірілуі
* лимфаны алып кетудің бұзылысы
* алдыңғы құрсақ бұлшық етінің әлсіздігі
* жоғары жүктеме бергеннен
! Инвагинацияға тән қандай симптомдарды бiлесiз?
*+аяқ астынан басталу, мазасыздану
* гипертермия
* мазасыздану
* жиi құсу
* нәжiсi қан аралас
! Туа болған жоғары странгуляциялық ішек өтпеуіне тән:
*+өт аралас құсу, іштің қабысуы
* іші төмен түскен
* іші кепкен
* тік ішекте қан аралас шырыш
* ішінде толғақ тәрізді ауру сезімі
! Емшек жастағы балада странгуляциялық ішек өтпеуі кезінде болады:
*+аяқ астынан басталу, ауру сезімі қатты
* рефлекторлы құсу
* мазасыздану
* іші жұмсақ
* іші кернелген, ауру сезімі қатты
! Гиршпрунг ауруының декомпенсацияланған түріне тән симптомдар:
*+жедел басталу, үнемі кепкен іш, интоксикация
* үнемі кепкен іш
* нәжіс пен газдың шықпауы
* тазалау клизмасынан әсер бар
* нәжісті улану
! Балаларда инвагинацияның дамуына алып келетін анатомо-физиологиялық ерекшеліктер
*+тоқ ішектің жылжымалылығы
* ішек қабырғасының аганглиозы
* илеоцекальді қақпақшаның дамып жетілмеуі
* ішек ангиоматозы
* перистальтиканың бұзылуы
! Гиршпрунг ауруын анықтау әдісі:
*+ирригография
* тіндік холинэстеразаның табылуы
* ректальді биопсия
* пневмоирригография
* ультрадыбысты иррирография
! Гидронефрозға тән:
* несепағардың кеңейуі
* зәрдi фильтрациялау қызметiнiң бұзылысы
* астау-несепағар сегментiнiң кенейуі
* ренальді гипертония
*+бүйрек дистопиясы
! Гидронефрозды анықтайтын әдiс:
* ретроградты пиелография
*+экскреторлы урография
* цистоскопия
* ангиография
* цистография
! Жоғары дене қызуы, тұрақты ауру сезімі, құсу мен бел аймағында ісіктің болуы тән:
* гидронефроздың ашық түріне
*+гидронефроздың жабық түріне
* гидронефроздың ауыспалы түріне
* гидронефроздың туа болған түріне
* гидронефроздың жүре болған түріне
! Гипоспадия себебі:
* уретраның сыртқы тесігінің дистопиясы
* уретраның тарылуы
*+уретраның қысқаруы
* уретраның облитерациясы
* уретро-ректальді жыланкөз
! Гипоспадияны емдейдi:
* консервативтi
*+хирургиялық жолмен
* консервативтi және хирургиялық
* кiшi жаста емдеудiң керегi жоқ
* поллиативтi ем жасау
! Қуық экстрофиясына тән:
* уретраның төменгi қабырғасының болмауы
* уретраның алдыңғы қабырғасының болмауы
* инфравезикальдi обструкция
* тостағанша астау сегментiнiң обструкциясы
*+құрсақ қыбарғасы мен қуықтың алдыңғы қабырғасының болмауы
! Гидронефроз себебi:
* несепағар қақпақшасының эктопиясы
* зәрдi фильтрациялау қызметiнiң бұзылысы
*+қосымша тамырлардың болуы
* қақпақшалардың эвакуаторлы-жабылу қызметiнiң бұзылысы
* бүйрек дистопиясы
! Гидронефрозға тән клиникалық белгі:
* анурия
*+пиурия
* құсу
* олигоурия
* толғақ тәрізді ауру сезімі
! Эписпадияны ота жасап емдеу мақсаты:
* уретростомия
*+уретропластика
* уретеро-уретроанастомоз
* цистостомия
* иссечение уретрального свища
! Инвагинацияға тән қандай симптомдарды бiлесiз?
* гипертермия
*+мазасыздану, нәжiсi қан аралас
* жиi iшiнiң әтуi
* нәжiсi қан аралас
* iшiнде iсiк тәрiздi түзiлiстiң байқалуы
! Аталық безi құрсақ қуысында тұрып қалса, ол крипторхизмнiң қай түрiне жатады?
* аталық безiнiң эктопиясы
* шапты түрi
*+абдоминальдi түрi
* ұмалық түрi
* мықынды түрi
! Балалардың контрастты емес қуық тасын /неконтрастный камень мочевого пузыря/
қай әдiспен анықтайды:
* микционды цистография
*+пневмоцистография
* инфузиялық урография
* цистография
* цистоскопия
! Екiншiлiк пиелонефриттi анықтау үшiн қажет емес әдiс қайсы:
* зәр анализi
* бүйректiң пальпациясы
* лабораторлы инструментальдi
*+ретроградты пиелография
* пневмоперитонеум
! Гиршпрунг ауруының созылмалы түрінде жасалатын консервативті ем:
* атропин салу
*+тазалау клизмасы
* диетотерапия
* физиотерапия
* массаж
! Біріншілік ішек түтігі дамуының толық болмауы неге алып келеді:
* эмбриональді жарыққа
*+ішек атрезиясына
* сақина тәрізді ұйқы безіне
* шынайы мегадуаденум
* 12 елі ішектің гиперфиксациясы
! Нәрестедегі ішек өтпеуінің белгісіне жатпайды:
* нәжісінің болмауы
* көзге көрінетін ішек перистальтикасы
* ішінің кебуі
* мелена
*+құсудың болмауы
! Бас ми жарықтары болмайды:
алдыңғы
* артқы
* сагитальдi
* +бүйiрлi
* базиллярлы
! Алдыңғы бас ми жарығы орналасады:
*+мұрын негiзiнде, көздiң iшкi қырында
* көздiң iшкi қырында
* көздiң сыртқы қырында
* шүйде тесiгi айналасында
* мұрын қуысында
! Артқы бас ми жарығы орналасады:
* мұрын қуысында
*+шүйде тесiгiнен жоғары, не төмен
* шүйде тесiгiнен төмен
* мұрын негiзiнде
* ауыз қуысында
! Базиллярлы бас ми жарығы орналасады:
* мұрын қырында /край носа/
* орбитаның iшкi қырында
*+мұрын қуысында
*+ауыз қуысында
* шүйде тесiгi айналасында
! Бас ми жарығының жеңіл түрi болып табылады:
*+менингоцеле
* миелоцеле
* энцефалоцеле
* энцефалоцистоцеле
* радикулоцеле
! Анус атрезиясы анықталады:
*+қарау кезінде
* фиброгастроскопияда
* флюрографияда
* фиброколоноскопияда
* компьютерлі томографияда.
! Тік ішектің атрезиясына тән белгі:
* аузы мен мұрнынан көбіктің ағуы
*+меконидің болмауы
* бірнеше рет қан аралас құсу
* сарғаю
* құрысу
! Тік ішектің жыланкөзсіз түрі кеш анықталғанда неге алып келеді:
* жоғары ішек өтпеуіне
* аспирациялық пневмонияға
* құрысуға
* жедел зәрдің шықпауы
*+төменгі ішек өтпеуіне
! Тік ішектің атрезия деңгейін білу үшін рентгенсуретті жасайды:
*+Вангенстин бойынша
* вертикальді жағдайда
* горизонтальді жағдайда
* ауыз арқылы барий қоспасын беру арқылы
* көк тамырға уротраст жіберу арқылы
! Вангенстин бойынша рентгенсуреттi жасау керек:
* туылғаннан кейiн бiр сағат iшiнде
* үш жаста
* асқыну болған кезде
*+туылғаннан соң 15-16 сағаттан кейiн
* ФГДС жасағаннан кейiн
! Гиршпрунг ауруында іш қату сипаты:
*+тұрақты
* уақытша
* ахолиялы тұрақты
* 10 күн іш қату болады
* тазалау клизмасынан әсер бар
! Гиршпрунг ауруында:
*+нәжіс тастары пальпацияланады
* құрсақ қуысының қан тамыр суреті күшейген
* мұрнынан қан кету болады
* «Құм сағат» белгісі анықталады
* тоқтамайтын құсу
! Гиршпрунг ауруының клиникалық ағымы:
* жеңіл, ауыр
* токсикалық, септикопиемиялық, жергілікті
* жедел, жеделдеу, созылмалы
* созылмалы, созылмалы-қайталамалы, жасырын созылмалы
*+компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған
! Гиршпрунг ауруы кезінде анықталады:
* Баугин қақпақшасының жетілмеуі
*+тарылу мен сурпастенотикалы кеңейудің болуы
* Щеткин-Блюмберг симптомы
* сақина тәрізді ұйқы безі
* тік ішектің стенозы
! Шап жарығының қыздарда кездесетін түрі:
* тік
* жылжымалы
* қисық
* шап-ұма
*+шапты
! 3 жастағы баланың шап жарығының дамуы неге байланысты:
*+құрсақтың қынап өсіндісінің жабылмауы
* сұйықтықтың көп мөлшерде өндірілуі
* лимфаны алып кетудің бұзылысы
* алдыңғы құрсақ бұлшық етінің әлсіздігі
* жоғары жүктеме бергеннен
! Крипторхизм дегенiмiз:
* бiр аталық безiнiң болмауы
* екi аталық безiнiң болмауы
* аталық безiнiң эктопиясы
* аталық безiнiң ұмаға түспеуi
*+аталық безiнiң құрсақта ұсталып қалуы
! Крипторхизмнiң даму себебi түсiндiрiледi:
* тератогендi теориямен
*+механикалық кедергi мен гормональдi жетiспеушiлiк
* эндокриндiк теориямен
* аталық без эмбриогенезiнiң бұзылысы
* аталық бездiң иннервациясының бұзылысы
! Крипторхизм жиi ненiң әсерiнен дамиды?
* құрсақтың қынап өсiндiсiнiң жетiлмеуiнен
* Гунтер тәжiнiң болмауы
* ұманың жетiлмеуi
* ұрық артериясының ұзаруы
*+шап каналы бойынша фиброзды жабысудың дамуы
! Аталық безiнiң орналасуына байланысты крипторхизм түрлерi:
* монорхизм
*+ингвинальдi, абдоминальді
* ұмалық
* абдоминальдi
* аралық
! Крипторхизмдi салыстырады:
*+аталық безiнiң эктопиясымен
* жалған крипторхизммен
* монорхизммен
* орхоэпидидимитпен
* варикоцелемен
! Крипторхизмдi қай жаста оперативтi жолмен емдейдi?
* нәресте кезеңiнде
*+бiр жастан асқанда
* 6-10 жаста
* 10-14 жаста
* 15 жастан асқанда
! Крипторхизмдi қандай оперативтi әдiспен емдейдi?
* Иванисевич бойынша
*+Кители-Торека-Герцен бойынша
* Палома бойынша
* Винкельман бойынша
* Росс бойынша
! Крипторхизмдi қандай оперативтi әдiспен емдейдi?
* Иванисевич бойынша
*+Кители-Торека-Герцен бойынша
* Палома бойынша
* Мартынов әдісі бойынша
* Росс бойынша
! Бiр моменттi орхидопексияны жасайды:
* бiр жақты крипторхизмде
* екi жақты крипторхизмде
*+аталық без қан тамыр аяқшасының ұзаруында
* абдоминальдi түрiнде
* жалған крипторхизмде
! Екi моменттi орхидопексияны жасайды:
* бiр жасқа дейiнгi балаларда
* 12-14 жастан асқан балаларда
* аталық без қан тамыр аяқшасының қысқа болуында
*+тек екi жақты түрiнде
* жалған крипторхизмде
! Крипторхизм кезiнде аталық безiнiң репродуктивтi қызметiнiң бұзылысы неге байланысты?
* аталық безiнiң іысылуы
*+қоршаған тiннiң дене қызуының жоғарылауынан
* қоршаған тiннiң дене қызуының төмендеуiнен
* тестикулярлы көк тамырдың кеңейуiнен
* құрсақтың қынап өсiндiсiнiң облитерациясының болмауынан
! Аталық без эктопиясын емдеу әдiсi қандай?
* консервативтi
*+оперативтi
* емдеудi қажет етпейдi
* шап каналының пластикасы
* Палома операциясы
! Крипторхизмнен кейiн жиi болатын асқыну:
*+сперматогенез бұзылысы
* аталық бездiң малигнизациясы
* аталық безiнiң қысылып қалуы
* аталық без көк тамырының кеңейуi
* орхиэпидидимит
! Крипторхизмдi консервативтi жолмен емдегенде тағайындайды:
* иммунодепрессанттарды
* ферменттердi
* бүйрек үстi без гормонын
*+хорион гонадотропинiн
* ангиопротекторларды
! Крипторхизмдi оперативтi жолмен емдеген кезде мiндеттi түрде жасау керек:
* тестикулярлы көк тамырды байлау
*+құрсақтың қынап өсiндiсiн кесу, байлау, мобилизация жасау
* аталық без қабатын кесу, терiс айналдырып тiгу
* шап каналының сыртқы тесiгiн тiгу
* шап каналының iшкi тесiгiн тiгу
! Варикоцеле терминi ненi бiлдiредi?
* қынап өсiндiсi қуысында серозды сұйықтықтың жиналуын
* аталық безiнiң шап каналында орналасуын
* туғаннан бiр аталық безiнiң болмауын
*+ұрық бау көк тамырының кеңейуiн
* аталық безiнiң ұмаға түспеуiн
! Варикоцеленiң себебi:
* шап каналының аномалиясы
*+аталық без бауының қан тамырларының кеңейуi
* аталық бездiң гипоплазиясы
* жоғары қуыс венасының басылуы
* анорхизм
! Аталық бездiң сол жақ көк тамыры қай көк тамырға құяды?
*+бүйрек көк тамырына
* төменгi қуысты көк тамырға
* мықын көк тамырына
* төменгi геморроидальдi көк тамырға
* кремастер көк тамырына
! Аталық бездiң оң жақ көк тамыры қай көк тамырға құяды?
* оң бүйрек көк тамырына
*+төменгi қуысты көк тамырға
* мықын көк тамырына
* төменгi геморроидальдi көк тамырға
* кремастер көк тамырына
! Гиршпрунг ауруын салыстырады:
* жедел дизентериямен
* сүзекпен
*+долихосигмамен
* ішек инвагинациясымен
* тік ішектің тыртықты тарылуымен
! Гиршпрунг ауруында жасалатын клизма:
* Огнев бойынша
* майлы
*+сифонды
* перманганат калия
* шөп қайнатпасымен
! Шап жарығын консервативті емдеу үшін қолданады:
*+спазмолитиктер
* антибиотиктер
* іш айдағыш дәрілер
* қысқа әсерлі миорелаксанттар
* ұзақ әсерлі миорелаксанттар
! Крипторхизмнің жалған түрінде болады:
* құрсақтың қынап әсiндiсiнiң абсорбциялық қызметiнiң төмендеуi
* +кремастер рефлексінің жоғарылауы
* құрсақтың қынап өсiндiсiнiң облитерациясы
* шап каналындағы дәнекер тінді аралықтың болуы
* ұрық бауы көк тамырының варикозды кеңейуі
! Жалған крипторхизм дегенiмiз:
* құрсақтың қынап өсiндiсiнiң абсорбциялық қызметiнiң төмендеуi
* құрсақтың қынап өсiндiсiнiң облитерациясы
* шап каналының жетiлмеуi
* туа болған аталық безiнiң жетiлмеуi
*+кремастер рефлексiнiң жоғарылауы
! Варикоцеленiң клиникалық көрiнiсiне тән:
* аталық бездiң гипоплазиясы
*+аталық без бен ұрық бау көк тамырының кеңейуi
* ұманың жетiлмеуi
* шап аймағындағы iсiк
* шап каналының сыртқы тесiгiнiң кеңейуi
! Варикоцеле жиi кездеседi:
* 1-3 жаста
* 4-7 жаста
* 8-11 жаста
*+12-14 жаста
* 15 жастан асқанда
! Гиршпрунг ауруы кезінде сифонды клизма жасау үшін қолданылады.
* 0.9% хлорид натрий;
*+1% хлорид натрий;
* 10% хлорид натрий;
* 1% гидрокарбонат натрии;
* 0.5% формалин.
! Гиршпрунг ауруы кезінде консервативті емді жасайды:
* 3 жасқа дейін
* 5-6 жаста
* пубертатты кезеңде
* 12-14 жаста
*+радикальді операцияға дейін
! Гиршпрунг ауруының субкомпенсация түріне тән белгі:
*+іш қату
* тұрақты іштің кебуі
* тазалау клизмасынан эффект бар
* нәжісті улану
* іштің кебуі тұрақты емес
! Гиршпрунг ауруының субкомпенсация түріне тән белгі:
*+іш қату, тұрақты іштің кебуі, интоксикация
* тұрақты іштің кебуі
* тазалау клизмасынан эффект бар
* нәжісті улану
* іштің кебуі тұрақты емес
! Крипторхизмдi қайдай оперативтi әдiспен емдейдi?
* Иванисевич бойынша
*+Кители-Торека-Герцен бойынша
* Палома бойынша
* Винкельман бойынша
* Росс бойынша
! Аталық без эктопиясын емдейдi?
* консервативтi жолмен
*+оперативтi жолмен
* емдi қажет етпейдi
* шап каналының пластикасы
* Палома операциясын жасау керек
! Крипторхизмдi оперативтi жолмен емдеген кезде мiндеттi түрде жасалуға тиiс:
* тестикулярлы көк тамырды байлау
*+құрсақтың қынап өсiндiсiн кесу, байлау, мобилизация жасау
* аталық без қабатын кесу
* шап каналының сыртқы тесiгiн тiгу
* шап каналының iшкi тесiгiн толығымен тiгу қысқаруы, тiзе буынындағы бугудiң шектелуi
! Варикоцеленi оперативтi жолмен емдеудi қажет етедi:
* 1 дәрежесi
* 2-3 дәрежесi
*+2,3,4,5 дәрежесi
* бала жасында операцияны қажет етпейдi
* операция жасаудың мүлдем керегi жоқ
! Аталық безінің суісігін шап-ұма жарығынан ажыратып беретін әдіс:
* ирригография;
* ФЭГДС;
* колоноскопия;
*+диафаноскопия
* фистулография.
! Ано-ректальді даму ақаулары авторлар бойынша жіктеледі:
*+Баиров Г.А., Ленюшкин А.И.
* Винкельман
* Росс, Баиров Г.А.
* Ленюшкин А.И., Исаков Ю.Ф.
* Петривальский.
! Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы ұсынған адам денсаулығының анықтамасы дегеніміз:
* адам жасына байланысты қалыпты генотиптік және фенотиптік код
* адамда, жүйелі ағзалардың даму ақаулары мен ауруларының мүлдем болмауы
* адам организмінің өзгеретін орта жағдайына бейімделуі
*+аурудың болмауы ғана емес, адамның толық физикалық, көңіл күйі мен әлеументтік жағдайының жақсы болуы
* адам организмінде түрлі патологиялық процестердің мүлдем болмауы.
! ҚР халқының денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі қай жылы қабылданған:
*в ноябре 2010 г.
*+в сентябре 2009 г.
*в апреле 2008 г.
*в декабре 2010г.
*в мае 2008 г.
! Бала дегеніміз:
*+ 18 жасқа толмаған адам
* 16 жасқа дейін
* туылғаннан 15 жасқа дейін
* туғаннан бастап мектеп бітіргенге дейін
* ата-анасының қамқорындағы бала
! Әр бала құқылы:
*+ауруды дәрілермен емдеу және денсаулығын қалпына келтіру мақсатында, денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелі қызметіне
* мемлекеттік медициналық мекемелерде ем алуға
* өз аймағындағы медициналық мекемелерде динамикалық бақылау мен медициналық қаралуға
*Ақылы медициналық қызмет негізінде емдеу көмегін көрсету
* адам жасына байланысты қалыпты генотиптік және фенотиптік код
! Медициналық көмектің негізгі түрлері болып:
* амбулаторлық және стационарлық
* мемлекеттік және жеке
* мамандандырылған дәрігерлік көмек
*+дәрігерге дейінгі медициналық көмек, мамандандырылған дәрігерлік көмек; арнайы медициналық көмек; жоғары мамандандырылған медициналық көмек, медико-социальді көмек.
* жоғары мамандандырылған медициналық көмек, медико-социальді көме