Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсысының абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау.
Педагогикалық қолдау-қазіргі заманғы педагогиканың гумандық тұлғалық- бағдарланған парадигмасының көрінісі ретінде.
Тәрбие үдерісінің: мәні, құрлымы мен логикасы білім алушылардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі танытуға бағдарлау мақсатындағы оның субьектілерінің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы ретінде.
Тәрбие үдерісінің: мақсаты мен міндеттері, мазмұны, құралдары, формасы мен әдістері.
Мектептің тәрбиелік жүйесі
Сыныптың тәрбиелік жүйесі
Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі ұғымдары.
Мектептің тәрбиелік жүйесі-мектептің тұтас әлеуметтік –педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы.
Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің: мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі.
Тәрбиелік жүйенің қағидалары: оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік.
Тәрбиелік жүйенің: құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері.
Мектептің тәрбиелік жүйесін басқару.
Сыныптың тәрбие жүйесі- тәрбие үдерісін ұйымдастырудың және мектептің тәрбие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде (жүйе ішілік).
Сыныптағы тәрбие жүйесінің: функциялары, мақсаты мен міндеттері.
Тәрбие жүйесін модельдеу технологиясы.
Бірыңғай тәрбиелік ортада тәрбие жүйесін құруға байланысты сынып жетекшісінің іс-әрекеттері.
Сыныптағы тәрбие жүйесінің тиімділігін көрсететін өлшемдер мен көрсеткіштер.
Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: А.С.Макаренко, И.П.Ивановтың («Жалпы қамқорлық педагогикасы»),Л.И.Новикова, ВА.Караковский, В.А.Сухомлинский, Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелері мен осы мектептердің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері.
Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйелер мен олардың даму тенденциялары: қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары.
«Тәрбиелік іс-әрекет», «тәрбие жұмысы» ұғымдарының көптүрлілігі және оларды жүйелеу.
Қазіргі заманғы мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі.
Тәрбие жұмысының: мақсаты, міндеттері, атқаратын қызметтері.
Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтары: интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, еңбек, кәсіптік бағдар, физикалық, экологиялық, экономикалық, денсаулық сақтау, қазақстандық патриотизмді, азаматтық пен толеранттылықты қалыптастыру.
Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – қазіргі заманғы тәрбиенің нәтижелі шарттарының бірі.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері мен іс-әрекетінің түрлері.
Сынып жетекшісінің: оқушыларды тәрбиенің жекеленуін, тұлғалық –бағдарлық тұрғыларды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, қоғамның ашық кеңістігінде бағдарлану біліктілігін дамытатын қосымша білім алу мен білім бағдарламаларының алуан түрлеріне қатыстырудағы рөлі
Педагогикалық рефлексия-сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті.
Жобалау іс-әрекеті – сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын басқарудың негізі, қызметтері.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау.
Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Педагогикалық модельдеу қағидалары – сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі.
Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының: жоспары, оның құрлымы мен мазмұны.
Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың: формалары, әдістері мен тәсілдері.
Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі.
Тәрбие жұмыстары жоспарының: мазмұны мен құрлымы.
Тәрбие жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау үдерісінде педагогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Педагогика ғылымындағы «ұжым» туралы түсінік.
Жеке тұлға және ұжым.
Жеке тұлға және ұжымның өзара қатынасының моделі.
Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі ретінде.
Тәрбиеленуші ұжым-оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіру факторы ретінде.
Балалар ұжымының: түрлі типтері, олардың ерекшеліктері, өзара әрекеті, бірізділігі.
Ұжым тәрбиенің обьекті және субьекті ретінде, ұжымның мәні.