ЭССЕ
4. Мемлекеттік бюджет: түсінігі, функциялары және маңызы.
Қазақстан Республикасында алынатын салықтар мен міндетті төлемдердің түрлері.
Мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды білдіреді, мемлекеттің экономиканы, ғылымды, мәдениетті дамытуға және басқа мақсаттарға бағытталатын ұлттық кірістің елеулі үлесін жинауына мүмкіндік беретін маңызды үлестіру құралы ретінде пайдаланылады. Қаржы жүйесінің құрама бөлігі ретінде, мемлекеттік бюджеттің онымен ортақы ерекшеліктері бар, тура сол функцияларды орындайды. Сонымен бірге ол қаржылық бөлімшелерден ерекшеленетін және орталық орынды алуға мүмкіндік беретін кейбір ерекшеліктерді иеленеді. Мемлекеттік бюджеттің айрықша ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1) мемлекетке тікелей бағыныштылық;
2) бірлік және орталықтандырудың жоғары деңгейі;
3) бюджеттік ресурстарды құру мен пайдалануда демократиялық қасиеттердің бар болуы.
Қоғамдық өнімді мемлекет масштабында үлестірумен байланысты пайда болатын экономикалық қатынастардың және осы категорияның айқындалу түрі ретінде мемлекеттің негізгі қаржылық жоспарының жиынтығы мемлекеттік бюджет деп танылады. Қоғамдық өнімді мемлекеттік бюджет арқылы үлестірудің үш өзара байланысқан, бірақ қандай да бір дәрежеге дейін оқшауланған сатылары бар:
- жалпы мемлекеттік ақша қорын құру (бюджет кірістері);
- көптеген аумақтық және мақсатты тағайындалған бюджет қорларын құру;
- бюджет қорын пайдалану (бюджет шығыстары).
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджеттің мәні үлестіру, бақылау функциялары және мемлекеттің тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылады. Үлестіру функциясының айқындалуы бюджетпен қатынасқа барлық қоғамдық өндіріске қатысушылар дерлік түсуімен қамтамасыз етілген. Бюджеттік үлестіру мен қайта үлестірудің негізгі объектісі қоғамда алынатын таза кіріс болып табылады
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астан және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |