24. Кімнің? Ненің? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне жатады?
а) пысықтауыш в) анықтауыш с) бастауыш д) баяндауыш е) толықтауыш
25. Сөйлем мүшелері қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
а) 5 в) 4 с) 3 д) 2 е) бөлінбейді.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемді көрсет.
а) Ақылды қарттан нақыл шығады. в) Ерлік көрсеткен ер болар. с) Бөгенбай 1680 жылы дүниеге келді. д) Күн батты да, тау бөктерін қара көлеңке басты. е) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің түрін тап.
а) Қорғанның қақпасы мықты болған, кейде шапқыншылар оларды бұза алмаған.
в) Отырарда медресе, мешіт, базар болған. с) Қаланы айналдыра қорған салынған және оның ұзындығы үш шақырымдай болған. д) Бас болмақ оңай – бастамақ қиын.
е) Оңтүстіктің ауа райы жылы, суы мол, сондықтан егіншілік кәсібі жақсы дамыған.
Өйткені, сондықтан, сол себепті, себебі, - деген жалғаулықтар салалас құрмаластың қай түріне жатады?
а) түсіндірмелі; в) қарсылықты; с) талғаулықты; д) ыңғайлас; е) себеп – салдар.
Достарыңызбен бөлісу: |