№45“Ақ Орда”мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қарсылықты салалас
Сыныбы: 8 «Б»
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Дәулет Гулжанат
2014-2015 оқу жылы
Күні:21.01
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы:8
Сабақ тақырыбы:
Қарсылықты салалас
Мақсаты:
а)Салалас құрмалас ә)Топ бойынша жұмыс- б)Танымдық
сөйлемнің түрлерін, тар жүргізе отыра, дағдарысын
оның ішінде ұйымшылдыққа, дамыту.
қарсылықты салалас, мақсаттылыққа
оның жасалу жолын, тәрбиелеу.
ерекшеліктерін түсіндіру.
Түрі:Танымдық сабақ.
Әдісі:Топпен,жеке,ұжымдық жұмыс.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,тарих.
Көрнекілігі:Интербелсенді тақта.Сызба-нұсқалар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Әрбір бала жұлдыз болуға лайықты,бірақ оның жарқырап жана беруіне жол сілтеуші-мақсаттылық...
Сөздің мәнін ашу.
2.Үй тапсырмасы:
Өткен сабақта сынып 2 топқа бөлінді.
Мұндағы мақсат-білім жарысы.
Топ бойынша берілген тапсырманы тексеру.
1)Жазбаша жұмыс.
2)Жүгіртпелі сұрақтар қою.
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-Түрлері.
-Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-Әр түріне талдау беріңдер.
3.Жаңа сабаққа кіріспе:
Ең игі іс-жақсылық жасау,алайда ең керемет іс-Отанды қорғау.
Ғұндардың әмірі Шанью Мөде.
Жаңа сабақ:Қарсылықты салалас
(Интербелсенді тақта арқылы сызба-нұсқалармен түсіндіру)
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс,оқиға екіншісіндегі іс,оқиғаға
қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Мысалы:Көктем келді,бірақ әлі де суық ызғар бар.
Біраз күн болды соғысқа дайын болғалы,-Ер Қанай Баян келмей аттанбады.
Қарсылықты салалас
↓ ↓
Жалғаулықты Жалғаулықсыз
Бірақ,алайда,дегенмен, Іргелес тұрып
сонда да әйтсе де. байланысады.
Тыныс белгісі(,) Тыныс белгісі(,-)
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесеантоним сөздерден жасалады.
Мысалы:Ән бітті,-ән құшағыңдағы көңілді сезім бітер емес.
Бекіту:
106-жаттығу
Үлгі:Жел саябырлаған сияқты,(бірақ әлі де күннің көзі көрінер емес).
107-жаттығу(топ бойынша орындау)
I топ II топ
Жалғаулықты Жалғаулықсыз
108-жаттығу(ауызша)
•Мәтінге ат қою.
•Құрмалас сөйлемдерді,оның түрін ажыратып табу.
•Қажымұқан кім?(ауызша)
Қорыту:
Сұрақтар мен тапсырмалар.
Үй тапсырмасы:
Ережелерді оқу.
108-жаттығу.Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыртып жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |