Мағыналық жағынан салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
а) 6 в) 3 с) 4 д) 5 е) 2
Кезектес салалас құрмалас сөйлемді тап.
а) Жаңбыр жауып, күн суық болды. в) Дәулеткерей Шығайұлы – күйші, композитор. с) Ресейде ән өнерін зерттеу, ХҮІІ ғасырда басталып, ХҮІІІ-ХІХ ғ. кең өріс алды. д) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде еңбек даласында көрдік. е) Домбыра - өзіндік сипаты бар аспап.
Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі жалғаулықсыз жасалады?
а) ыңғайлас; в) кезектес; с) түсіндірмелі; д) талғаулықты; е) қарсылықты.
-са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын сабақтас құрмаластың түрін көрсет.
а) қарсылықты бағыныңқы; в) мезгіл бағыныңқы; с) мақсат бағыныңқы;
д) қимыл-сын бағыныңқы; е) шартты бағыныңқы.
Сабақтас құрмалас мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 2 в) 3 с) 6 д) 5 е) 4
Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырат.
а) мақсат бағыныңқы; в) мезгіл бағыныңқы; с) қарсылықты бағыныңқы; д) себеп бағыныңқы; е) шартты бағыныңқы.
Достарыңызбен бөлісу: |