Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы:
а) толымды, толымсыз; в) жалаң, жайылма; с) жалғаулықты жалғаулықсыз;
д) дара, күрделі; е) жақты, жақсыз.
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Құрмалас сөйлемнің қай түрі?
а) сабақтас; в) аралас; с) салалас; д) жай сөйлем; е) толымсыз сөйлем.
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап.
а) біресе, кейде, бірде; в) бірақ, алайда, дегенмен; с) және, -да,-де;
д) сондықтан, өйткені, себебі; е) не, немесе, әлде.
–у үшін, -мақ, - мек жұрнақтары сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
а) себеп бағыныңқы; в) мақсат бағыныңқы; с) қарсылықты бағыныңқы; д); қимыл-сын бағыныңқы; е) шартты бағыныңқы.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін түрін ... дейді.
а) кезектес салалас; в) түсіндірмелі салалас; с) ыңғайлас салалас; д) талғаулықты салалас; е) қарсылықты салалас.
Достарыңызбен бөлісу: |