№4 Қосымша білім беру мектеп- орталығының 2021-2022 оқу жылындағы оқу- тәрбие жұмысына талдау



бет3/7
Дата03.09.2024
өлшемі0,85 Mb.
#203813
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1685429302 Үйірме тәрбие жұмысы 2022-2023 оқу жылы

жылындағы жетістіктер

  1. 2021-2022 оқу жылына арналған мақсат-міндеттері

ҚББМО-ның әдістемелік тақырыбы:
«Үйірменің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда кәсіби білім мен жаңа инновацияны басшылыққа алу»
Мақсаты:
Білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қосымша білім алуына ерекше жағдай жасау, олардың қабілеттерін жүзеге асыру, қоғамдағы әлеуметтік өмірге бейімдеу, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті ұйымдастыру.
Балаларға арналған қосымша білім беру мектеп-орталығы- бұл «Білім туралы» Заңның 37-б.сәйкес тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддесі бойынша білім алушылардың, оның ішінде білімге деген сұраныстары ерекше деген балалардың білімге деген және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
Міндеттері:
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасына, дамуына және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы қосымша білім алуға қажетті жағдай жасау;
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін жүзеге асыру;
- адамгершілік негіздерін, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
- азаматтық пен ұлтжандылықты, өз Отаныныа деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге, халықтың дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу.
- қоғамдағы өмірге бейімдеу.
- бос уақытты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында шығармашылық дағдылары, физикалық мүмкіндіктері және оны өмірде қолдана алу қабілеттері дамиды.
Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары:
-«Білім беру ұйымдарының тиісті түрлерінің типтік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;
«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы:
22. Бірінші оқу жылының топтарының сабақтары үшін аптасына 4 академиялық сағат, оқудың екінші және келесі жылдары үшін 6 академиялық сағат, оқытудың эксперименттік және зерттеу топтарында 8 академиялық сағат көзделеді. 23. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сабақтар аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 25-35 минут бойы жүргізіледі. 24. Практикалық сабақтарды (жорықтар, экспедициялар, экскурсиялар, жарыстар, концерттік сапарлар) өткізуге арналған сағаттар саны тәулігіне 8 сағаттан ( 8 сағаттан артық емес) шыға отырып белгіленеді
32. Сабақтар қосымша білім берудің білім беру бағдарламасына сәйкес топтар бойынша, жеке немесе бірлестіктің барлық құрамымен жүргізіледі. Бірінші оқу жылының әр тобында балалар саны 10-нан 15-ке дейін, екінші және келесі жылдары - 8 -ден 12-ге дейін, эксперименттік және зерттеу топтары - 6-дан 8-ге дейін. 33. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту кезінде топтың толымдылығы 6-дан 10 адамға дейін құрайды. 34. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде топтың толықтырылуы 3-тен 6 адамға дейін құрайды.

4 қосымша білім беретін мектеп- орталығы үйірмелерінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет