Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді.
Көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді.
Мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді.
Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.
Әртүрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсетеді және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады.
Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білуге міндетті
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін,
әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды, білім саласындағы уәкілетті орган ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ұстау, жас және арнайы психология мен педагогиканы,
Психодиагностика негіздерін, білім алушылардың мінез-құлқын алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін, инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері мен тәсілдерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.