Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері: «5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;
«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3
өрескел емес қателер жіберілсе;
«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;
«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.
Бақылау жұмыстарының көлемі 4 сыныптарда – 35-40 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:
бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;
болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;
тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;
оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.