4-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу



бет3/5
Дата15.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#135613
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 сынып

Сабақ жабдықтары:
1. Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптар бойынша.
2. Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».
3. Қасиеттер жазылған үлестірме қағаз.
4. Люшер тесті. 8 түсті үлестірме қағаз.
5. Оқушылардың мұғалімдерді эмоционалдық қабылдау кестесі.
Сабақ барысы.
I. Кіріспе сөз.
- Бүгін біз семинар - тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге жиналдық. Осы семинарда өздеріңізге қажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес аласыздар деп сенеміз.
II. Қатысушыларды сергіту.
Біз шеңбер жасап отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстың жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.

III. Еске түсіру.
- Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?
Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр түрлі эмоционалдық қабылдауы.


IV. Бірыңғай талаптар.
Мұғалімдерге сұрақтар.
- Дәптерді толтыру, орындалған жұмыстарды жазу талаптары. Неше тор, неше жол қалтыру қажет?
- Қазақ тілін бермейтін мұғалімдерге дәптердегі қателіктерін түзеп, оған сол үшін бағасын төмендеткен дұрыс па?
- Сынып кезекшісі нені орындауы міндетті?
- Сонымен мұғалімдердің қоятын талаптары әр түрлі. Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы осындай сәтте нені сезінеді? Мазасызданған, қобалжыған оқушыға қандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?

V. Ассоциация.
өзіне сенімді өзіне сенімсіз шындық
көнушілік ашулы қайсарлық
біреуге тәуелді белсенді мінезі ашық
Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.
- Енді біз бесінші сыныптың ассоциациясын ілеміз. Балалар сіздерді қалай қабылдайды екенін көріңіздер.
Егер сіздер жақсы немесе жаман эмоционалдық қарым - қатынас деңгейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.
Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу керек?
VI. Басқаға ауысу.
– Енді сіздердің қажу деңгейлеріңізді анықтайық. Егер жоғары болса - отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса - тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.

VII. Жұмыс орындау динамикасы.
Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.
Жұмыс орындау механизмінің циклі.
3 - 5 минут – дайындық
15 - 20 минут – оптимум
20 - шы минуттан кейін қажу
Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?

VIII. Баға қою қауіпсіздік ережесі.
Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата - анасынан жазалауды талап етпеңіз, бала үде өзің жақсы сезіну керек.
Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне емес.
Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.

IX. Қорытынды жасау.
«Мен және біз»
Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту тренинг - сабақтар.
Ата - аналарға жадынама
• Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңгімелеп көңілін көтеріңіз.
• Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым - қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.
• Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.
• Өз балаңыз оқитын мектептің ерекшелігін, бағдарламасын біліңіз.
• Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.
• Мектепте нені оқытатынына баланың қызығушылығын арттыруға көмектесіңіз.
• Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.
Сабақ 1 Танысу
Мақсаты: Тренинг ережесімен танысу, бір - бірімен қарым - қатынас жасау әдістерін талдау.

Сабақ барысы
Кіріспе
Жаттығу. Аты және қасиеті. Допты кезекпен бір - біріне лақтырып өзің де айтып шығады.
Бізге ереже қажет. Талдау.
Оқушылар сабаққа неге келеді?
Сабақта тәртіп ережесі бар ма?
Негізгі бөлім.
Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады, әр біреуі оны естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір - бірін тыңдау.
Екінші - басқаға кедергі жасамау.
Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір - бірін ренжітпеу.
Сен өзіне сенімді боласың егер саған кедергі жасамаса.
Басқаға кедергі жасамайтындай қылып барлығын істеуге болады. Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.
Қорытынды.
Менің көңіл - күйімнің түсі.
Қоштасу ритуалын келісіп орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет