4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты: 1



бет2/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26696
1   2   3   4   5   6   7

Би: «Адай»
2- жүргізуші:Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,

Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.

Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,

Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз

« Ұмытшақ оқушы » көрініс тамашалаңызыздар.

1-жүргізуші:Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгерді.Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да қатысты. Ұстаздарымызға ...... көп рақмет айтамыз!

Мұғалім:

Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр - түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.


“Ең білімді және сабырлы ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директоры марапатталады
“Қамқор және мейірімді ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оксана Викторовна марапатталады

Ең шебер ұйымдастырушы және көңілді ұстаз” номинациясы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлік Еркінұлы марапатталады.

Ең ардақты,аяулы ұстаз” номинациясы бойынша алғашқы ұстаз

Арай Илюбаевна марапатталады



«Орыс тілін меңгерткен ұстаз» номинациясы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі
Конурбаева Сауле Жұматовна марапатталады.

«Күміс көмей, жез таңдай ұстаз» номинациясы бойынша “Музыка” пәнінің мұғаліміГульвира Жеңісқызы марапатталады.

«Дені саудың – жаны сау» номинациясы бойынша “Дене тәрбиесі” пәнінің мұғалімі Сайран Зұлқарнайевич марапатталады.

«Ағылшын тілін үйреткен ұстаз» номинациясы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гульмира Қалимолдақызы марапатталады.

2- жүргізуші:Құрметті ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Елге сәлем» әнін Диастың орындауында қабыл алыңыздар.

Мұғалім:Сонымен қатар мектебіміздегі балаларға өз жылуларын сыйлаған адамдарды да қошеметтеп,алғысымызды айтсақ деп едік.

«Біздің сүйікті дәрігер» номинациясы бойынша мектебіміздің медбикесі Алма апай марапатталады.

«Кітап біздің -досымыз» номинациясы бойынша мектебіміздің кітапханашысы Гүлнар Қуанышқызы марапатталады.
«Тағамы ең дәмді аспаз» номинациясы бойынша мектебіміздің аспазшысы Айнагүл апай марапатталады.

1- жүргізуші: Өнер – білім, егіз ұғым екендігін танытты

Бойларына бар өнерді жиып – теріп дарытты,

Биін билеп береді енді, бүгін олар сіздерге.

Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың.



Құрметті апайлар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Шығыс» биін қыздардың орындауында қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Диас:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.


Бексұлтан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.



Думан:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!



Дамир:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!



1-жүргізуші::Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2- жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Аналар сіздердің құрметтеріңізге Алтынбек пен Диастың орындауында әнді қабыл алыңыздар

Ән «Аналар алтын»

2-жүргізуші:« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Теміржан?

1-жүргізуші:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

2-жүргізуші:Дұрыс айтасың Теміржан,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

1-жүргізуші:Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды алғашқы ұстазға арнаймыз!

(оқушылардың ұстазына тақпақтары)
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

1-жүргізуші: Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.Ән «Ұстазым менің» барлығы бірге



2-жүргізуші:: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін алғашқы ұстазға береміз!



Мұғалім сөзі:Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұландар,көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.



Ұстаз оқушыларға грамоталар ұсынады
1.Әлпештің мінезі бар жанға жайлы,

Ешқашанда,ешуақытта шаршамайды.

Сыныбымыздың ерке қызы өзіңсің

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Күліп жүрген өзіңе жарасады..

2.Диастай ұлымыз бар мақтанамыз,

Әніне,өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Диасқа ақ тілекті ақтарамыз.

3.Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Әр ісі әрқашан да мойындалар.

Әр ісіне жауапты Думан бала

Арманың болашақта орындалар.

4.Барлық істі тез арада тындырады,

Бар жанын сала тырысады.

«Жыл оқушысы» жүлдегері, атағы бар.

Махаббат менің мәңгі есімде қалады.

5.Айтар сөзім, тілегім бар өзіңе.

Үлгі болғай Айдын деген ініңе.

Назгүлсенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Тек жақсылық пен сәттілікті тіледім,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегіңе.

6.Үлкені боп келеді жанұяда,

Кезек келді ерке қыз Анарға да

Әрқашанда күлімсіреп жүресің.

Әңгімеңмен баурап алып кетесің.

Болашақта биік-биік шыңдардан,

Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.

7.Диас сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын

Оқушымсың сенімімді ақтайтын.

8.Әр іске де жауапкершілік танытатын

Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.

Бексұлтан ақкөңіл бала,жүрегі кең,

Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.

9.Есеп шығарудың шебері,

Математиканы өте жақсы көреді.

Өнеріңді өзіңнің бағалаймыз,

Сұңғақ бойлы,әдемі Мадина қыз.

10.Бос жібермей ешқашан да уақытын,

Сурет салу сенің бар үлкен талантың.

Самғай бер,қанатың талмасын,

Дамир келешекте жарқын болсын болашағың.

11.Балама да мінекей кезек келді,

Оқытпаймын өзім деп,кеш берілді,

Бәрібір де оқытуға тура келді.

Аналық жүрегіммен тіледім ақ тілекті.
Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті Бауыржан ағай, қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз.Мектеп директорының құттықтау сөзі

1-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.



1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет