4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты: 1



бет1/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26696
  1   2   3   4   5   6   7
(4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі)

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.



Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.



«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол,балғын балалық» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!



Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты



2-жүргізуші:Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар



1-жүргізуші:Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!



2-жүргізуші:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!



1-жүргізуші:Дұрыс айтасың Жанель ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Есіңде ме,бізде өткен жылы дәл осылай тұрған едік.

2-жүргізуші: : Иә,Теміржан есімде,ол ешқашан ұмытылмайды ғой,яғни біз тағы бір жылға есейдік.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

1-жүргізушіИә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

(оқушылар тақпақтарын айтады)



Ән: Мектебім.

Мұғалім сөзі:Бұл күнге дейінгі 4 жыл уақытты ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт сол күндерімізді елестетер болсақ....... Құрметті қонақтар,оқушылар енді «Біздің балғын балалық» атты фильмді тамашалайық. Фильм «Біздің балғын балалық»

2-жүргізуші:

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.



1-жүргізуші: Ал енді көп күттірмей кезекті өнерлі де,талапты бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне берейік.

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Қазақ биін» билеумен тамсандырған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет