Қабылдаған: Сұлтанбек М. Тобы: мнк- 211 Түркістан 2023 Жоспары: Кіріспе



бет1/6
Дата14.03.2023
өлшемі238,44 Kb.
#172274
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бағалау МӨЖ



Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті

МӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық іс- әрекеттің түрлері


Орындаған: Молдабек А.
Қабылдаған: Сұлтанбек М.
Тобы: МНК- 211

Түркістан 2023


Жоспары:
Кіріспе
I Педагогикалық қызметтің мәні
II Педагогикалық іс- әрекеттің түрлері, атқаратын қызметтері
III Педагогикалық іс- әрекеттің құрамдас бөліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой- өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.


Баланың тұңғыш ұстазы- оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім, білік, дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан- жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Сондықтан мұғалімнен жан- жақты терең ғылыми білім, жоғары ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы;
- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет