Қабылдаған: Сұлтанбек М. Тобы: мнк- 211 Түркістан 2023 Жоспары: Кіріспе


Педагогикалық іс- әрекеттің құрамдас бөліктері



бет4/6
Дата14.03.2023
өлшемі238,44 Kb.
#172274
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бағалау МӨЖ
Халықаралық зерттеулер, anemia-kz, 04
Педагогикалық іс- әрекеттің құрамдас бөліктері

Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процесте бағынышты. Мұғалімдерді негізінен педагогикалық бағытталу ерекшелігі мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметке бірізділігімен жүйелікті өз еңбек нәтижесінде дұрыс бағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіндігінің дамуына сендіру қажет. Сондай- ақ оптимистік көзқараста болу үшін гуманистік бағдарлау қажет. Бұл баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену балаға деген сүйіспеншілік балаға тіл тигізуден сақтау қажет. Мұғалім мінездері салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі жағдайға шыдамдылық, жинақылық, төзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті. Тағы да маңызды қасиет талап қоя білу өзіне және өзгеге қойылатын талап адам басқаратын моральдық ерекшеліктерімен нормаларын қалыптастырады. Оқушылардың оқуға деген ынтасы анықталады тәрбиенің беделінен танымал, мәңділік, ықпал оқытушылардың тәрбиелік әсерлерінің күші.


Болашақ мұғалімнің ЖОО-да дайындықтың мазмұны құрылымы және әдістері біріншіден қоғам дамуының бағыты, екіншіден педагогика ғылымының дамуымен, үшіншіден педагог мамандығының еркшеліктерімен белгіленеді. Педагогикалық білімге ие болу белгілі бір бағыттарды меңгеру жағдайына қол жеткізетін түрлі деңгейлі кәсіби маман ретінде тұрақты байланыс. Педагог мамандықтарына қойылатын талаптардың мазмұны төмендегідей:
1.Табиғат қоғам және сананың басым заңдылықтарын білу.
2.Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі.
3.Тарихи және қазіргі болмысын меңгеру тәсілдерін білуі. 4.Ақпартты жинақтарын өңдеу, қолданудың соңғы техникасын
меңгеру.
5.Педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі.
Ең алдымен қазіргі мұғалімнің бойында гуманистік бағыттағы жалпы құндылықтарға сүйену, кәсіби қабілеттік шығармашылық қабілеттерді, психикалық дайындығы және әдістемені меңгеру қасиеттерімен белгіленеді. Мұғалімнің дайындығына жалпы педагогикалық дайындау ерекше орындалады. Кәсіби дайындыққа мынадай талаптар қойылады:
- өз мамандығының тұлғалық және әлеуметтік мәңділігін сезіну;
-мәдениетінің берілуін қамтамасыз ететін білім беру жайында тұтас түсінікті меңгеру; ғылыми гуманистік көзқарасты меңгеру; табиғат пен қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу; Қазақстан Республикасы Конститутциясының этикалық және құқықтық нормаларын білуі; білім беру процесінің заңдылықтары жайындағы біліммен түсініктер жүйесін меңгеруі ғылымитану мен әдістерін білуі; таным тәсілдерін меңгеруі; пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білу; қарым-қатынас орнату іскерлігін ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі жұмысқа психикалық әдістемелік дайындау.
Мұғалімдерді дайындау жүйесінде талаптар жалпы педагогикалық дайындығына ерекше көңіл бөлу оның мақсатына педагогикалық теория мен практикасын меңгерген мұғалім қалыптастыру.
Педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық қызметінің құрылымында мынадай компоненттерді атауға болады: конструктивтік, ұйымдастырушылық коммуникативтік. А. И. Щербаков бойынша: конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, зерттеулік. Конструктивтік-мазмұндық:
- Оқу материалдарын іріктеу, композициялық құруды анықтау;
- Педагогикалық процесті жоспарлау және құру;
Конструктивтиік-жедел:
- өз әрекетін және студенттер әрекетін жоспарлай білу;
- Педагогикалық процестің оқу-материалдық базасын жоспарлау.
Ұйымдастырушылық компонент:
- амалдар жүйесін орындау;
- студенттерді әртүрлі қызмет түрлеріне қатыстыру амалдары;
- ұжым құру, бірігіп әрекет жасауды ұйымдастыру.
Коммуникативтік компонент:
- студенттермен қарым-қатынас;
- әріптестермен;
- бөгде адамдармен;
Зерттеушілік компонент:
- кәсіби білім жаңарту;
- Педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарау;
- Педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру;
- Сізіндік тәжіребиесіне талдау жасай алуы;
- Сезге оқытушылар тәжірибесіне талдау жасай білуі. Жоғары оқу орнының оқытушыларын 3 топқа бөлуге болады:
а) педагогикалық бағыттылығы басым;
ә) зерттеушілік . ;
б) педагогикалық және зерттеушілік бағыттары шамалас. Оқытушының педагогикалық шеберлігі.
Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметінің жоғары деңгейде меңгерілуі: педагогтың оқытушылардың (студенттердің) оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.
Бұл ұғым көпқырлы. Р. Пионова бұл ұғымды сатылы түрде қарастырады: педагогикалық жаңашылдық – педагогикалық шеберлік – педагогикалық профессионализм. Педагогикалық шеберлік мәні логикалық жүйеде былай көрінеді: «Білім- тәжірибе- тұлға».



3-сурет. Іс-әрекет категориясының түсініктері


Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.


Педагогикалық іс-әрекет – адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық сипатқа ие болады.
Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс- әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс- әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:

4-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері


Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы рөлін атқарады (А. Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижесін анықтау. Олар мақсатқа тікелей тәуелді болады.


Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі – педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А. Н. Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
• Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
• Жоғары білім беру;
• Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина бойынша):
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет