Қабылдаған: Сұлтанбек М. Тобы: мнк- 211 Түркістан 2023 Жоспары: Кіріспе



бет5/6
Дата14.03.2023
өлшемі238,44 Kb.
#172274
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бағалау МӨЖ
Халықаралық зерттеулер, anemia-kz, 04
Қорытынды

Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.


Мұғалім – қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп, мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң- мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Басқа саладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет - әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына жағдай тудыру және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлі орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен қатар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бірақ, педагогтар мұнда кәсіби қызмет атқарады. Педагогикалық іс- әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырлған білім беру орындарында жүргізіледі. Педагогикалық қызметінің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет нәтижесі бірлігінен тұрады. Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты оқушының тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке ала отырып, оған бір жағынана әлеуметтік және этикалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен қабілеттері жинақталған.
Қазіргі таңда оқушылар «Ұстаз бәрін білуге және одан да артығырақ білуге тиіс»,- дейді. Бұл әзілде бірталай шындық бар. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі - қарапайым да, қажетті талап. Д. И. Менделеев былай деп жазған еді: «Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады». «Өзінің жақсы көрмейтін пәнінен гөрі, өзінің жақсы көретін пәні он есе жақсы меңгеріледі».
Алайда мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктің, танымдық және практикалық міндеттерді шығармашылықпен шеше білудің де маңызы зор. Мұғалім ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты- баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс- әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады.
Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкерлігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылғымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде мінез-құлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде ғана тани алады.
Мұғалімнің жалпы әлеуметтік педагогикалық қызметін қарастырсақ, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды талаптарын айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтерде оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен бір ғалымдар мұғалімнің конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық дамытушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет