Қоғамдық пәндерді оқытудағы баспасөз материалдарының
танымдық ролі.
Абай «Азат басың болсын құл, Қолдан келмес іске ұмтыл».
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050»стратегиялық жоспарында интеллигенция қоғамның қозғаушы күші деп интеллигенция өкілдеріне қоғамдағы орнын,олардың алдында зор жауапкершілік жүгін арқалау міндеті тұрғанын атап өтті.Тарих-бұл тарих қойнауында жатқан адамзат баласы ашып кеткен мәдениет жетістіктерін кейінгі ұрпақ өз қажетіне жемісті пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық ілім.Адамзат баласы қоғамдасып өмір сүруі басталған кезден бастап –ал бұл өз кезегінде тіршілік иелері арасындағы зор жетістік екенін ескерсек-онда жер бетінде қоғамдасып өмір сүрудің бүгінгідей биік сатысына жеткен адам баласы кең мағынасында алғанда тәрбие саласында үлкен тәжірибе жинақтағаны айтпасада түсінікті.Осы мол тәжірибені жас ұрпақ санасына жеткізу ісі интеллигенцияның үлкен тобын құрайтын педагогтар қауымының ал-дындағы Елбасы Жолдауындағы атап көрсетілген аса жауапты міндеттердің бірі.Ежелгі дүние ойшылы,Платон,Ксенофонт,Аристофан арқылы Аристотелге де ұстаздық ықпал еткен Сократ «мен өзімнің еш-теңе білмейтінімді білемін»деген екен.Ал қазахия философиясы «білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз»деп түйіндеп,тіршілік иесін шыққан биігінде аялдап,өзін тани түсуге мәжбүрлесе,19-ғасыр педагогі Ушинский «мұғалім ізденуді тоқтатқан кезден бастап мүғалім болуды тоқтады»деген ескертпесі бүгінгі заман ұстаздарының тұлғасын анықтап,жауапкершіліктерін айқындай түспек.Бүгінгі ұстаз педагогика тарихын ғылыми-техникалық прогресстің соңғы жетістіктерімен қаруландырып,жетілдіре түскен,әрі соның ықпалымен өзіде алға кетіп бара жатқан үлкен,жауапты тәрбиеші тұлға.Техниканың соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану арқылы ұстаз үлкен жетістіктерге сөз жоқ жете алады.Бірақ тіл өнерін меңгермей,асыл сөз қазынасын игермеген тәрбиеші тұлға бүгінгі ұрпаққа ұлттық мағынадағы отаншылдық сезім мен патриотизм принциптерін,қағидаларын жеткізе алмайды,санасының сезімін оята алмайды.себебі,қоғам сөз қаруын мегерген адам бес қаруын меңгерген батырдан ,жоғары тұрып келгенін,тұра беретінін де әлдеқашан дәлелдеген,дәлелденіп те келеді. Әлемдік дамудың соңғы 20 жылында Қазақстанның саяси орнының айқындала түсуі ,Елбасы өмірі мен қызметі ,әлемдік саясаттағы жетекші түлғалардың қатарынан орын алуы ,оның дипломатиялық қабілетінің ықпалды психологиялық күшке ие болуы сөз жоқ сөз өнерінің шоқтығы биік өнер екенінің көрінісі.
Бүгінгі таңда білім мен тірбие берудің негізгі үрдісі сабақ формасында қалуы,белгілі уақыттың ішінде кең де терең мағлұмат беріп үлгеру,ұстаз үшін өзекті мәселе болып қалуда.Ал бұл қиын мәселе ұстаздарды жиі бас қосуға мәжбүрлеп ,түрлі тәжірибе мектептерінің тәжірибелерімен алмасып,үйреніп отыруды талап етеді.Өйткені заманының айтулыларының бірі болған Сенеканың мына сөзін ескерусіз қалдыра алмаймыз «Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.» Сенека №4 (43) 2012 Үркер
Білім мен тәрбие беру қазіргі уақытта оқулықтың шеңберінде қалмайтыны және мұғалімнің барынша қамтып айтуынан тұрмайтыны әркімнің көзі жеткен шындық.Осы орайда баспасөз материалдарын оқушы шыққан биіктен ,оның үйренген,жинақтаған тіжірибесіне сүйене отырып,баспасөз материалдарын дерек көзі,тәрбие мен білімнің құралы ретінде пайдалана білуі оқушыны алдағы білім сайысына дайындауға және өздігінен дайындалуына септігін тигізеді
Мемлекеттік хатшының 5-маусымда Еуразия университетінде ел тарихын зерттеу жөніндегі жұмысшы тобының мәжілісінде «Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр,жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күнсайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді өзің сақтап қалудың жалғыз жолы»,-дегені бүгінгі тарихшыларды ойлантса керек. Мемлекет тарарапынан Елбасы тапсырмасымен «Тарих толқынындағы халық»деген атпен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасы жасалатынынан,ол қазақтың ұлттық тарихының көжиегін кеңейтуге,ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететінін қуана қабылдап жатырмыз.АСТАНАДА ӨТКЕН ОСЫ алқа отырысының мақсатын кеңінен пайымдасақ,мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау,басты құндылықтармен бағдарларды айқындау болып отырғанын түсінеміз Ал бұл құндылықтар осы заманғы және болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиістігі,анық байқалған жаһандану заманында ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан күрделі жағдайлар біздің ұлттық бірлігімізді ірітпеуге тиістігі,керісінше,олар ұлттың мәдени кодын,тілін,руханиятын,дәстүрлерін,мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуі керектігі баяндама да айтылды.Қазақстан –қалыптасқан мемлекет ретінде дамудың жаңа белесіне шыққаны тарихи шындық.Дамудың бұл кезеңі тарихи зертеулердің сапасына да,тарихшы тұлғасына да жаңа талаптар қоятыны сөзсіз.5-маусымдағы алқа отырысында М.Тәжин баяндамасында айтқандай:ендігі жерде тарихшы –фактілерді тізбелеп ,суреттеп отырушы,оқиғаларды тек «тіркеуші»емес,тарихшы ендігі жерде «пайымдаушыға»игерілетін мәселенің ішкі мағынасына ой жіберетін тарихшы тұлғаға,фактілерді жәй зерттеп қана қоймайтын,нақты қоғамның құндылықтарын ,жөн-жосықтарын ,моралін «зерттеуші тұлғаға-тарихшы ғалымға айналуға тиісті
Өз баяндамасында М.Тәжин тарихшылардың міндетін былай түйіндейді: «Тарихшының міндеті –ұлттық тарихты қайдағы бір әмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жібермей,ұлттық тарихтың жанды ,бөлекше ағзасының қалай дамитынын түсіну».Ендеше біз тарихшы ұстаздар әр сабағымызды оқулықтың мазмұнын қосымша материалдармен жандандырып,маңызын аша түсуіміз аса қажет әдіс болмақшы.
Баспасөзде тарихи деректермен бірге құндылығын жою былай тұрсын,күн санап ықпалының зор екенін дәлелдеп келе жатқан салт-дәстүрлерімізден,өткен дәуірлерде қолданыста болған құрал-жабдықтар ,оның ішінде әлемдік деңгейде алғаш және кеңінен қолданыста болған ат әбзелдері туралы қызықты ,дәлелді пікірлер жарияланып, оқулықта кездесе бермейтін мағлұматтар көптеп берілуде.(журналдың аты номері көрсету)Мысалы тарих сабағында мәдениет,шаруашылық ,қолөнері туралы тақырыптарды өту барысында оқулыққа қосымша ретінде,оқушыларды қызықтыруға да,әлемдік мәдениеттен қазақ халқының өзіндік салмақты орны болғанын дәлелдейтін,сөйтіп өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын баға жетпес асыл қазынамыз-ұлттық құндылықтар туралы баспасөз материалдарының көмегін пайдаланудан тек ұтпасақ ұтылмайтынымыз анық.(газет беттеріне қиынды мысал келтіру керек)..Мысалы,газет-журналдарда жиі жарияланатын материалдардың бірі-өлкетану тақырыбына арналған материалдар.Оларда көтерілетін мәселердің тарихқа қатыстылары ел қорғаудағы батыр бабаларымыздың ерлік істеріне байланысты,сондай-ақ,ел бірлігіне еңбек еткен,рухани-материалдық мәдениетіміздің дамуына баға жетпес өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін дәріптеген ,оқулықта кездесе бермейтін,көпшілік оқырмандар мен жас ұрпақ үшін аса құнды мақа-лалардың жариялануы ұстаз еңбегін жеңілдете түсетін жағымды құбылыс.Себебі ,оқушы өз бетімен сабақ тапсырмасына дайындалу барысында білімін жетілдіруге,жауабын өмірмен ,өз өлкесінің тарихынан мысалдар келтіріп,фактілерге қаныққан жауап дайындауына,ұлылардың өмірінен өзіндік сабақ алуына ,өмірлік тәжірибе жинақтауына мүмкіндік туады.Тек ерінбей еңбек ету ғана керек. Мысалы , «Жетісу»газетіндегі 2013 ж.3-тамыздағы санында «Бөрібай батыр» және «Қобызшы Молықбай шал» туралы мақалалр,немесе,діни мәселелерге байланысты «Қазақстан заман»газетінің 2013 ж.18-шілдедегі «Қазақтың дәстүрлі исламындағы Иассауи мәдениетінің орны», «Ақиқат» журналының 2003 ж.8-санындағы Исатай мен Махамбет туралы Мүхтар Әуезовтың ,Халел Досмұхамбетұлының ғалымдар Хайыржан Әбисатовтың және Рысты Сариеваның мақалаларын (қиындылар көрсету)мысал ретінде айтуға болады.Белгілі тарихшы ғалым Ж.Қасымбаевтың «Тарихты дамытушы да,жасаушы да халық»деген маркстік-лениндік ілімге сүйенген бұрынғы тарихи концептуалдық жүйелер енді санадан біртіндеп кете бастаған сияқты Әрине,тарихқа арқау,ғылымға өзек болып келе жатқанбасты фактор-бұқара екеніне дау жоқ.Алайда осы тарихи құбылыстарды белгілі бр кеңістікте ,географиялық ортада,мерзімді бірде құйын соққандай тездететін,бірде су сепкендей баяулататын мемлекет қайраткерлері азаттық туын желбіреткен айбынды батырлар,даналық пен ұстамдылықтың арқауы-атақты билеріміз»(Қазақстан тарихы,1998 ж.№6,3-4 беттер)деген пайымы мерзімді баспасөздегі тарихи тұлғалар мен заманымыздың ерлері туралы материалдарды тиімді пайдаланудың қажеттігін меңзейді.
Ел болашағы жастар –десек ,тіл өнерінің қоғамдық өмірде қаншалықты маңызды екенін,саяси,құқықтық,әлеуметтік тұрғыдан өз пікірсайыстарында дәлелдеуге тырысулары барысында көз жеткізулеріне мүмкіндік туады.
Ата-бабадан мирас болып кележатқан ,ұрпақ тәрбиесіне қалай көңіл бөлу керектігі жөніндегі ұлы қағидалар қазіргі ұрпаққа өмір сүруге бағытталған шамшырақ екеніне таңданбасқа шараң жоқ.Ұс-таз міндеті осы ұлылықты көре біліп,жеке тәжірибесінде тиімді қолдана білсе,қазақстандық патриотизмді қоғамда нығайтудың сенімді кілті екенін жұмыс барысында көзі жете түсер шындық.Бабалар нұсқаған сара жолмен жүру,олардың білім,шешендік өнер қазынасымен сусындау –пән бойынша сабағымыздың да,оның барысындағы тәрбие жұмысының да сенімді жолға түсуіне үлгі болып,бағдар берері сөзсіз.
Баспасөзбен жұмыс барысында біржақтылықтан абай болған жөн,себебі,жүйелі сөз жүйесін табады,жүйесіз сөз киесін табады,дегендей,деректерді іздестіру,сабақ барысында,өздік жұмыстарды дайындауда,басқа да пайдалану барысында түрлендіру,орынды пайдалану жолдарын назарда ұстау керек,яғни,ең бері айтқанда аудиторияны жалықтырмау үнемі назарда болатын қағида.Сондай-ақ,баспасөздің ұстанған бағыты мен мақала авторының ғылыми ,қоғамдық-қайраткерлік дәрежесінің болуы,мақалада көтеріліп отырған мәселенің қоғамдық,тәрбиелік маңызының болуы,мемлекеттік,ұлттық саясатпен үндес келуі сияқты талаптар мен «Білім туралы»Заңда көрсетілген білім стандарты деңгейі сақталғаны жөн. Білім Заңының 51-бабының 2,3,4-тармақшаларында педагогтің құқы мен жауапкершілігі былай баяндалған:2) Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) жеке педагогтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;құқылы десе,сондай-ақ,осы заңның56-бабында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары туралы былай дейді:
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; міндетті. Бұдан ұғатынымыз оқыту барысында әрине,оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып,барынша көп мағлұмат беру міндеттеліп отырғаны түсінікті.Заңның бұл талабын мерзімді баспасөзден қосымша материалдарды тартқанда ғана шеше алатынымызға дау тумаса керек.
Негізгі бөлім
Баспасөз беттеріндегі ұлттық құндылықтарға байланысты материалдарды жинақтағанда пәнге ыңғайлап былай жіктеуге болады:
Тарихи тұлғалар туралы
Салт –дәстүрлер туралы
Қолөнері туралы
Шаруашылық туралы
Тіл өнері туралы
Жер-су атауы туралы
Қала құрылысы туралы
Дипломатия туралы
Құқықтық мәселелер туралы
Отбасы мәселелері туралы
Өлкетану туралы
Дін істері туралы
Тамақ өнімдері туралы -
айта берсек қоғамдық пәндерді оқыту барысында барынша тиімді пайдалануға қажетті қосымша материалдар мен сабақтың пәрменін арттыратын ықпалды пікірлерді топтап жинақтап әруақытта әр ұстаз шығармашылық қабілет таныта пайдалануға болады.Осы жұмыстың барысында мұғалімнің жеке педагогикалық қоры жинақтала береді және осы қорды қажетіне қарай өзі де,оқушы да пайдалануына,сөйтіп сабақтың жоғары нәтижелі болуына мүмкіндік туады.
Еліміздің белгілі заңгері Нағашыбай Шәйкенов «Халықтың салт-дәстүрі заңнан да биік» деген болатын.Иә,айтса айтқандай,ғасырлар бойы халықтың өмірінде маңызды роль атқарып келген салт-дәстүрлер қағидалары әлі күнге мемлекетіміздің қоғамдық тірлігінде зор маңызға ие,оған дәлел халық жадында сақталып,өмрде қолданыс тауып келе жатқанында.Өздеріңіз білесіздер олардың түрлерін тізбелеудің керегі шамалы,»Жетісу»газетінің беттеріндегі мақалалар,түрлі айдарлармен беріліп жатқан әр кезде айтылып ,халық арасында сақталып қалған шешендік сөз пікірлері оған дәлел.Мысалы даугерлердің беделді адамға,билерге жүгіну салтымыз бар.Төле би заманында көрші ауылдың екі адамы шабындыққа таласып,бірін-бірі көрместей болыпты.Ауылдағы үлкен-кішінің айтқанына тоқтамапты.Төле би екеуін шақыртқан екен.Екеуі екі жақтан келіп,би отырған үйге кіріпті.Би ештеңе айтпастан екеуін ертіп далаға шығыпты.Қараса бір атағашқа байланған екеуінің аты қасынысып тұр екен.»Па,екеуінің татуын-ай,кекілдері де келісті екен,- депті.Мұны естіген екі жігіт үндеместен аттарына мініпті де қайтып кетіпті.
Бұл жерде көрініс беріп тұрған қоғамдлық қатынас,құқықтық қатынас,екі жігіттің үндемей,артық дау айтпай кетіп қалуы әдебі,бидің дауды қысқа шешіп беру білімдігі,т.б.көріністер сабақтың мақсатына жетуіне ықпал ететін қосымша материал екеніне дау жоқ.Бұл мысал сабақ барысында проблемалық мәселе қойып,тәрбиеленушілердің пікір таласын да туғызып,сабақтың тығыздығы,тәрбиелілігі,өмірмен байланысы сияқты талаптарына жауап беруге болады,яғни ,сабақтың құзырлы бола түсуіне ықпал ете алады.Сондай-ақ, «Желтоқсан оқиғасына» байланысты лирикалық жырлар топтамасы туралы мақала Үркер журналының 2012 ж.№1 санында және «Мәдениет»журналының 2012ж.№3 санында берілген «Қуғындалған қазақ азаматтары»деген мақала беріліпті.Сабақ барысын да болсын немесе өздік жұмыста болсын бала ой-өрісін дамытуға пайдалы материалды орынды пайдаланудан ешкім ұтылмайды. Пән мұғалімдері білесіздер ,оқулықта қаралған тарихи мәселелер ресми қысқа тілді болып,талдап түсіндіруге орын берілмейтін ,мысалдар аз,не тіпті келтірілмей кететін кездер жиі кездеседі.Мұндай кезде баспасөз бетінде жарияланып отырған мақаларларды пайдаланудың артықшылығы айтпаса да түсінікті.Оқушы өздігінен үй тапсырмасын орындау барысында -талдап жату орынсыз шығар-көптеген пайдалы жетістіктерге жетері сөзсіз.
Өз кезінде көрнекті ғалым Евней Букетов былай деген екен:
«Шын мәдениетті адам болудың бірден – бір жолы өзіңнен бұрынғы буынан дұрыс тәрбие алу, дұрыс үлгі көру.» Үркер,2012,№5 Ғалым айтса айтқандай-ата-баба салт-дәстүрлері туралы «Жетісу»га-зетінің соңғы жылдардағы санында «Көненің көзі»айдарымен жарияланған «Текемет,кимешек,шолпы,кесте,ошақ,босаға,т.б.ұлттық ерекшеліктерімізге байланысты мақалардың танымдық ролін оқыған жан өзі таңдана бағамдай жатады.Мысалы, халқымыздың мақтанышына айналған ұлттық аспаптарымыз домбыра мен қобыздың тірі жанның жанын,тәнін емдеуге пайдаланғанын жазған мақаларды тек осы баспасөз беттерінен табамыз.
Сабақ барысында баспасөздегі жарияланымдарға жиі жүгіне отырып ұстаз шәкірт бойында бірте-бірте өз бетімен іздену қаблетін дарытады,баспасөзге деген құрмет сезімі қалыптасады,оның қосымша ақпарат әрі білім көзі екеніне көзін жеткізеді,дара іздене отырып өз бетімен білім арттыруға болатынына көзі жетіп,өзіне деген сенімі артады.Жеке адам ретінде қалыптасуы жолында өзі де еңбек ете бастайды.Мектептегі тәрбиенің мақсатыда осы емеспе.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, етек- жеңін жинаған кезеңде халықтың рухани құндылықтарына ерекше көңіл бөлінгені белгілі. Алайда атадан қалған асыл сөздерді жадына сақтап, насихаттап, өскелең ұрпақтың игілігіне жаратып келген көкірегі ояу, көнекөз қариялардың мүлде азайғандығынан, фольклорлық, авторлық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауддың мүмкіндігі шектеле бастады. Бірақ қолда бар әдеби жәдігерлерді цензурасыз, толық, өзгертусіз, түпнұсқа негізінде жариялауға, терең зерттеулер жүргізуге барлық жағдайлар жасалды. Тек ,бізге –қоғамдық пәндерді оқыту барысында осы рухани игіліктерді тауып, орынды басшылыққа алып,пайдалану міндеті тұр.Нобель силығының иегері Мартен Дю Гардың: «Толстойдың байқау қабілеті адам таңданарлық, оның бұл қабілетімен салыстырғанда біздің көру қуатымыз әлдеқайда тар, әлдеқайда таяз, шектеулі әрі үйреншікті аяда.» Үркер,2012№11,деген пікірін біздің де есте ұстағанымыз жөн шығар.Ендеше қоғамдық пәндерді оқыту барысында мерзімді баспасөз материалдарын дер кезінде байқап, шығармашылықпен пайдаға жарата білу ұстаздық міндетіміздің маңызды бағыттарының бірі екенін есте ұстайық ,құрметті әріптестер.
Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - материалдың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу – материалдың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен оқушы шығармашылықпен жұмысқа жегіледі,жеке ізденісі барысында өзіне жаңалық ашуы немесе өзіндік жаңа қорытындыға келуі мүмкін.Бұл жерде оқытудың эвристикалық,қолданбалы-тәжірибелік әдістерінің тәсілдері көмекке келері сөзсіз.
Қорытынды бөлім.
«Тарихты сақтап қалу-ұлтты сақтап қалудың жалғыз жолы»-деді ҚР
Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин 5-маусым күнгі Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тари хын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген алқа отырысында аталып өткендей Тарихшының міндеті –ұлттық тарихты қайдағы қайдағы бір әмбебап қасаң заңдылықтардың қалыптарына салып жібермей,ұлттық тарихтың жанды ,басқадан бөлекше ағзасының қалай дамитынын түсіну,соны тәжірибеде іске асыруУақыт әрқашан ұстаз алдына оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруүшін,қажетті деңгейде меңгеру үшін әдістемелік,тілдік құралын,тарихи фактілер қорын үнемі өзгертіп,жетілдіріп отыруды талап етеді.Осы орайда бізге баспасөз материалдары көмекші құрал ретінде таптырмас маңызға ие.Тәуелсіздік алғалы бері төл тарихымыздың ақтаңдақтары туралы құнды пікірлер көптеп жарық көруде.Көптеген ақтаңдақтар жойылды,бірақ тарихтың күрделілігі ,әрі,қызығы да сол-бір ақтаңдақтар жойылса келесі туа беретінінде,Баспа беттеріне кеңестік кезеңде Республикамыздың территориялық тұтастығын сақтау жолындағы республика тарихының әр кезінде басшы қызмет атқарған ел ағаларының қандай құрметке болсын ие болуға лайық ерлікке бара-бар шешімдері мен ұлттық дара мінез-құлықтарын жариялаған материалдар сабақтың білімдік әрі ,тәрбиелік мақсаттарына жетуге таптырмас тарихи құнды фактілер бере алады.Мысалы Кеңестер Одағын Н:С:Хрущев басқарып тұрғанда Республика Үкіметінің басшысы қызметіндегі Жұмабай Тәшенев қазақ жерінің тұтастығы үшін ұлт намысын қорғай отырып жүргізген тартысқа толы саяси күресі ,оның Республикаүшін нәтижелі аяқталуы бұрын жарияланба-ған тарихи жаңалық.Алтайдан Атырауға идейінгі Қазақия кеңістігінен табылып жатқан б.ж.с. дейінгі мың жылдықтарға кететін археологиялық жәдігерлер оқулықтың келесі басылымынан тапқаны-мызша пайдаланбай отыру тәуелсіздік берген тамаша мүмкіндікті пайдаланбау деген сөз-ал бұл жәй ғана қателік емес,-ұлт алдындағы тарих алдындағы қылмыс деңгейіне дейін төмендететін жағдай деп есептеймін.Тарихшы мұғалімдердің бойындағы қазақстандық патриотизм қасиеті осы мәселеде айқындала түседі.Тіпті түбі бір түркілік тұлғалар,оның ішінде Шыңғысханның этникалық шығу тегі туралы кеңінен жазып жатқан газет –журналдардағы жаңалықтарды айтпағанда,кеңестік кезеңдегі ұлттық идеологияның кемшілігі туралы бас шайқатар материалдардың жариялануы баспасөздің танымдық ролі туралы пікірімізді нақтылай түседі.
Еліміз бойынша жарық көріп жатқан газет-журналдарда тарихи құндылықтарға толы деректік,тәрбиелік құндылығы жоғары материалдардағы шығармашылық желісін дұрыс түсіну үшін баларды көп ізденуге үйрету,бағыт беру,қажеттісін алып,орынды пайдаланып,дұрыс қорытынды жасауға дағдысын қалыптастыру бас-пасөзбен жұмыс жасаудағы шығармашылық –ұстаздың басты міндеттерінің бірі-бала тәрбиесінің жан-жақтылығының қайнар көзі бола алатынын назарда ұстау тарих пәні мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің күн тәртібінен үнемі түспейтін маіызды мәселенің бірі деп бағалау орынды.Тарих пәнінің мұғалімі бұл әдіснамадан ұтпаса ұтылмайтыны анық.
Сабақтың әдістеме де анықталған 24 параметріне назар аударайық
Негізгі идеяны жеткізуі,
Материалдың ғылымилығы ,жеткізілуі
Оқу материалының тәрбиелік мәні
Оқу материалының мазмұны мен оқыту әдісі арасындағы байланыс,мұнда басты орын мазмұнға беріледі
Оқу материалының мазмұнын беру сапасы
Өмірмен байланыстылығы,дүниетанымы
Оқушылардың өздік жұмысы
Жазба жұмыс
Сабақтың тығыздығы,уақытты пайдалану
Оқушылардың білім сапасын жетілдіруі сияқты 24 параметрдің - 10-ы мерзімді баспасөзбен жұмыс барысында қосымша шешімін табады екен.Яғни,сабақтың мақсатына жетуіне,құзырлылығының артуына баспасз материалдарының пайдасы барын байқаймыз .
Мен өз баяндамамда мерзімді баспасөз материалдары қоғамдық пәндерді оқыту барысында аса пайдалы көмекші құрал екеніне, тарихи құнды фактілер алуға,тіл ұстартуда,қазіргі қоғам өмірінде кездесетін жағдайлардың шешімін табуға ықпал ете алатын жауаптар табуға болатынына тоқталдым.Ал сабақтың әр кезеңінде пайдаға жарату –ол әр ұстаздың шығармашылық ізденісіне қарай шешімін таппақ. Ұстаз жас ұрпақ тәрбиесінің жауапты міндеттерін арқалаған,өзіне меншіктеген қоғамның жауапты тұлғасы.Соданда болар бәріміз үшін орны бөлек.Жарық дүниедегі жандардың бәріде ұстаз алдынан түлеп ұшады.Әлемге әйгілі,еліне пайдалы танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты екені әлімсақтан ай-тылып келеді. «Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен,досы көп,ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.»-деген екен Ұлы Қорқыт бабамыз.Сонымен бірге ұлы ғұламалардың бірі Конфуцийше айтқанда «адамдар мені түсінбесе қапаланбаймын,керісінше ,мен оларды түсінбесем қапаланамын».Абройлы істеріңізде табысты болуларыңызға тілектеспін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан
мемлекеттің
жаңа саяси бағыты.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
3.Ақиқат ,2003 ж.№8
4)Қазақстан заман, 2013ж.6-маусым
5.Білім шапағаты,2012ж.№24
6.Үркер,2012ж.№№-4,5,11
7.Қазақстан тарихы №6
8.Жетісу ,2013ж.3-тамыз
9.Мәдениет,2012№3
Достарыңызбен бөлісу: |