4-СОӨЖ тапсырмасы. Тақырыптар: Педагогтің коммуникативті шеберлік.
Көпшіл бола білудегі кәсіби және тұлғалық маңызды сапалар.
Мұғалімнің педагогтық шеберлігінің басты бір белгісі -оның сөз байлығынан, сөйлеу мәдениетінен байқалады.
Мұғалім сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлелдігімен тыңдаушыларды баурап алып кетеді. Оның сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар.
А.С.Макаренко мұғалімнің сөйлеу қасиетіне былай деп мән берді: "Оқушылар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек", Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер мұғалім өз сөзіне немқұрайды, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар оны бірден байқап қалады. Оның білімі мен тәртібіне кері әсер етеді.
Сондықтан мұғалім күнделікті сабаққа дайындалғаяда, балалармен түрліше қарым-қатынаста дұрыс сөйлеуге дайындалуға, өз сөзіне өзі жауапты қарау керек. "Мұғалімдік тонмен сөйле" деген нақыл осы міндеттерден туған. Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек.
Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:
а) Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады.
ә) Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастырады.
б) Оқу материалының оқушылардың санасында қабылданып, нығайтылуына әсер етеді.
в) Оқушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс ұштастырып үйлестіреді.
Педагогикалық сөйлеу мәдениетін жүзеге асыруда әр мұғалімнің өз стилі болатындығын тәжірибе дәлелдейді. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргендегі сөздері естілер-естілмес, жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипнозды түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайын келтіреді. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалімнің сөйлеу стилін, оның психологиясының басты көрсеткіші десек те болады.
Мұғалімнің коммуникативтік мәнерінде сипатталатын сөйлеу тоны, қозғалысы, келбет-пішіні» дене қимылы сөйлеу мәнерімен үйлесіп тұруы қажет. Сонымен бірге педагогикалық сөйлеу мәнерінің коммуникативтік формасы мұғалімнің ауызша сөйлеу түрінде монолог және диалог болып бөлінеді: монолог формасында айтылатын сөйлеу жүйесі: әңгіме, баяндау, лекция (ереже, заң терминдері, талқылау, бағалау т.б.) түрінде келеді.
Диалог формасындағы сөз: мұғалім мен оқушы арасындағы сөйлеу негізінде жүзеге асырылады.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің коммуникативтік өлшем сапасы осы күнгі әдеби тілге сай: образды, эмоционалды, анық, орыны лекциялық бай мәнерлі, мұғалімнің тіл мәдениетін білдіруге тиіс.
Мұғалімнің сөйлеу тілінде тағы бір өте жауапты қарайтынымыз терминдік сөздер болуға тиіс. Терминдік сөздерді жаза білу оның мазмұн, мән-жайын оқушыға түсіндіре білу. Түрлі жаргондық архаизмдік сөз қолданысына ұқыпты қарау керек. Әр педагогтың өз сөз қолдану талабын ескере отырып, оқушымен қатынас талабына сай, оның логикалық сезіміне, ерекше әсер етерліктей оның интонация темпі, ритмі лайықты құрылуға тиіс.
Мұғалімнің сөйлеу функциясы - ең алдымен білімді оқушылардың санасына жеткізерліктей болуға тиіс. Оқушыларға жаңа білімді хабарлаған уақытта санасына әсер етумен бірге эмоциялық сезіміне әсер етерліктей болуға тиіс.
Осы жоғарыдағы көрсетілгендей талапты орындай алмаса, сөз өзінің функциясын жүзеге асыра алмайды. Ол формалды болып қалады, оқушылардың санасына білім -тәртібіне әсер ете алмайды. Мұғалімнің сөйлеу тілінің тағы бір атқаратын функциясы оқушылардың оқу әрекетін нәтижелі ету. Ол үшін сөйлеу интонациясы әр сыныптарда әр түрлі көлемде болу керек. Мысалы, бастауыш сыныптарда бір түрлі айқын анық болса, орта, жоғары сыныптарда сынып оқушыларының ерекшелігіне сай айқын болу керек. Егер оқушыларға қатаң дауыс көтерген интонациямен сөйлесек, (тоқтат, үндеме, отыр, жап) т.б. оқушының құлағына дауыс көтерген ұнамайды. Сондықтан оқушылардың құлағына жағымды, ұнамды, жұмсақ гуммандық мәні бар сөздерді іріктеп алу керек.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің бір атқаратын функциясы қарым-қатынас, негізгі функцияға жатады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас функциясының негізгі мақсаты оқу-тәрбие жұмысында тиісті нәтижеге жеткізу. Мұның өзі мұғалімнің жеке дара стиліне байланысты, Кейбір мұғалім достық-жолдастықта ыңғайласуға бағыттап құрса, кейбір мұғалімдер сыйласу, сенім білдіру сипатына сай құрады.
Мұғалімнің коммуникативтік , сөйлеу мәнері, қатынас мәнері жоғары айтылған талаптар негізінде жүзеге асырылған жағдайда өз функциясын жүзеге асыра алады. Педагогтың оқушылар алдындағы айтатын сөздеріне қойылатын талаптар өзінің ерекшелігімен нақтылана түсу керек. Сөз мұғалімнің көзқарас ерекшелігімен, зейін қабылдауын әсер ету жағынан бағыттылығымен ерекшеленуге тиіс. Мұғалім оқушылар оның сөзін қалай қабылдайды, қандай жері балаға ұнамды, осының бәрін мұғалім алдын-ала болжауға тиіс.