4. Студенттердің өздік жұмысы



бет10/57
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59245
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Телевидение кинематография
2. Теледидардағы жанр формаларының эволюциясы
3. Телевизия тілінің қалыптасуында кино өнерінің әсері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011
2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005
3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998
4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


7-Дәріс
тақырыбы: Теледидардың ағартушылық функциясы


Дәрістің мақсаты: Теледидардың ағартушылық функциясы, оның дәстүрлі әдіс-тәсілдерін талдап, түсіндіру.
Дәріс жоспары:

  1. Теледидардың басты мақсаты.

  2. Телеублицистика теориясы уақыт талабына сай қайта қарауды, терең талдауы қажет етеді.

Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді. Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып, республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұымдар мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік, мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.


Шығармашылыққа кеңестік кезеңнің тар қыспағы, қатаң партиялық бақылау, ұлттық бағыттағы рухани шектеушілік өз зияныны тигізді. Білікті әрі білімді кадрлар даярлаудағы жіберілген кемшіліктер, телеөнердің құпия сырларын ұғына алмаушылық, телехабардың көркемдік-идеялық мазмұныныдағы олқылықтар телестудияның аудиториямен қоян-қолтық араласуына кедергі келтірді. Осындай кемшіліктерге қарамасатан, теледидардың қоғамның тәрбиешілік, ағартушылық, көңіл-көтерушілік бағыттағы табыстары аудитория үшін нәтижелі болды. Телеэкрандағы шығармашылық және техникалық топ сан алуан жүйедегі тақырыптық бағытын айқындап, ол қоғамның күнделікті ақпарат алатын ауқымды аймағына айналды. Алғашқы хабардағы пішін уақыт ағымының аясында өзгеріске түсе отырып, ол болашақтағы тағылымды дүниелерге негіз қалады. Қазақ телехабарының қалыптасу, даму жолдары теледидардағы шығармашылықы және техникалық топ үшін үйрену, іздену үрдісіне толық кезең болды.
Қарымды телепублицист Сағат Әшімбаев жүргізген «Парыз бен қарыз» телехабарының теледидар тарихындағы орны ерекше. Қоғамдық сананың қалыптасып, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде ағартушылық-философиялық мәндегі бұл хабардың көтерген жүгі салмақты еді. Ел көлеміндегі ақыл-ойдың қаймақтарын қатыстыра отырып, әлемдік деңгейдегі пікірлерді тоғыстырып, ұлттық мұрат-мақсаттарымызды саралап салмақтап, өрнекті пікірлер түйіндеді. «Парыз бен қарыз» сипаты жағынан ағартушылық, көтерген мәселесі жөнінен сынға құрылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап беруі жөнінен талдау мәнеріндегі философиялық толғаныс. Бұл кемшілікті тұтастай көру. Бюрократизмге көп болып қолдасып жасалған шабуыл. Халық қасіретін ұжымдық тұрғыдан айту.
Хабарға халқымыздың зиялы қауымы қатысып, елдің бүгіні мен болашағы жайында өзекті мәселелерді көтере, осы бағыттағы атқарылатын істерге ой тоқтатты. Студиядағы қонақтардың бәрінің де ой-пікірінде елдің бүгіні мен ертеңі жайлы толғамды ойлары қабаттаса өрбиді. Сағат Әшімбаев биік интеллектуалдық ойдың иелеріне сұрақ тастай отырып, өзі олардың жан дүниесін қоздата үрлеп, жан бітіре, экранда сөзден сурет сомдады. Талант пен биіктіктің астасқан тұсында автор әлемі өзгелермен біріге өріліп, сөз құдіреті санаға сілкініс әкелді. Автор жарыса жамыраған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре, олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп-жұмыр сырлы дүние ұсынды.
Сонымен, мына мәселеге ерекше назар аудартқымыз келеді. Телеублицистика теориясы уақыт талабына сай қайта қарауды, терең талдауы қажет етеді. Егер оны «әдеби жанр» немесе «журналистиканың саласы», я болмаса «саяси проза» дейтін болсақ, онда мынадай сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда олар жанрдың жанрлары болып шыға ма? Егер телепублицистика журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма? Біздің білуімше, телепублицистикаға араласпайтын сала мамандары кемде-кем, оны қалай түсіндіреміз? Телеублицистика тек саясатты ғана қайзай ма екен, ол әлеуметке қатысты кез келген тақырыпты көтере береді емес пе?
Осы ретте тележурна­лис­тiң белгiлi тақырыпта ма­ман­дануына заманның да, телевизияның да даму үрдiсi қажеттілік танытуда. Кезiнде Нобельдiк сыйлық алған, қатарынан озған, ұлы математик орта мектеп оқулығындағы есептердi шығара алмай қиналыпты. Бұған таңырқаудың қажетi жоқ. Өйткенi белгiлi бiр ғылымды үңги зерттеген ғұлама өзiне қажетсiз ақпараттармен басын қатырмайды. Телевизия дүние­ге келген алғашқы кезеңдей емес, қазiр оның да сала-саласында өз iсiн үздiк меңгерген мамандар өсiп жетiл­дi. Сондықтан журналист те әр ғылымның басын шалмай, бiр саладан, мысалы, экономиканы, финансты, өнердi, мәдениеттi, ауыл шаруашылығын, сая­сатты т.б. терең игерген адам болса, олардың пайымына көрермен де, сол саланың мамандары да иланар едi. Американдық CBS арнасында Уолтер Кронкайт деген журналист болды. Ол өз елiнiң саяси өмiрiн бес саусақтай бiлетiн. Оның пiкiрiмен президенттер де санасатын. Сол Кронкайт алпысыншы-жетпiсiншi жылдары кезектi Президент сайлауында ұйқы-күлкiсiз 24 сағат репортаж жүргiзгенде, оның таңдауы кiмге қарай ауса, сол үмiт­кер­дiң алған даусы да өсiп отырған. Совет телевизиясындағы Юрий Жуковтың «Телевизиялық әңгiмелерiне» тек совет басшылары мен көрермендерi ғана емес, әлемдiк саясаткерлер де құлақ түретiн. Бұндай журналистер қоғамдық пiкiр қалыптастырудың үлкен шеберлерi едi. Ал бiздiң елiмiздегi телеканалдарда тек спорт журналистерi ғана тұрақты түрде өз тақырыбымен айналысады. Бiрақ олардың iшiнен Диас Ахметшәрiп сынды бiрен-сараны болмаса, бiр кезде жастардың куми­рiне айналған Сейдахмет Бердiқұлов, Несiп Жүнiсбаев тәрiздi спорт журна­листерiн табу қиын.
Оның жер мен орта таңдамайтындығы мен талғамайтындығы. Әлемнің кез келген нүктесінен сол сәтінде болып жатқан оқиғаларды көрсету мүмкіндігі.
Бір мезгілде көрініс қатарларын көрсете отырып, сол сәтте болып жатқан құбылысқа тележүргізушінің өз ой-пікірін білдіруі.
Музыкамен және қосымша шулармен оны көмкере беру әдістері.
Оқулық телевидение. Оның материалдық-техникалық базасы. Ел тұрғындарын, жастарды жаңа кезеңге сай әлемдік стандарт жүйесіне жақын біліммен қаруландырудағы оның рөлі.
Ағартушылық телевизияның шапшаң қарқынмен дамуы. Көрермендердің көңіл көтерушілік сұраныстарын өтеу. Ағартушылық телевизияның принциптік ерекшеліктері, олар арқылы мазмұн, әдіс және перспективалық даму функциясын анықтау.
Оқулық теледидардың эффектілігі. Оның мектептегі ұстаз бен оқу орнындағы оқытушы рөлін қайталамайтындығы. Керісінше, оларға барлық қырынан көмекке ұмтылушылық. Тікелей әңгіменің артықшылығы мен құралдарды көрсету кезіндегі психологиялық әсері. Пікірталастың сабақ тақырыбын тереңдету мен жан-жақты толықтырудың рөлі.
Ауызша түсінік жұмысының аудиторияға психологиялық факторлар жағынан жан-жақты тиімділігі. Радионың ізін ала теледидардың ауызша сөйлеуді трансляция жасау әдісін меңгеру. Көрнекілік, сенімділік, деректіліктің телевидениені қоғамның педагогикалық қызметіне бір табан жақындата түсуі.
Әлемнің көптеген елдерінде оқытушылық және ағартушылық цикл бағдарламалардың бар екендігі. Аудиториямен кері байланыстың тиімділігі. Мұның оқулық телевидениенің тиімділік функциясына ғылыми талдау жасау кезінде ғалымдарға көмекке келетіндігі.
Орталық теледидардың 1965 жылы ағартушылық бағдарлама көлемін 614 сағаттан, 1978 жылы 2555 сағатқа дейін ұлғайтуы.
Хабарлардың нақтылы белгілі бір тақырып саласына арналуы. Оның танымдық әсерінің әрі жас толқын бойында өмірге қызығушылығын арттырудағы рөлі. Факультативтік сабақтар, мектеп оқушыларының кружоктармен өз бетінше жұмыстары. Жоғары оқу орнына түсуге дайындалушы сырттай студенттер үшін бағдарламалар. Ел тұрғындарына жалпы білім беру бағдарламалары.
Оқулық телевидение қызметінің басты аспектісі оқу мен тәрбиені ұштастыру, телевидениеден жас ұрпақты отан сүйгіштік, патриотизм рухында тәрбиелеуге даярлауы.
Телехабарлар көлемінің 25-30 минуттан аспауы. Кіші жастағы мектеп оқушыларына бұл уақыт қысқартылып беріледі. Бастапқы сынып оқушыларына арналған бағдарламалар уақыты – 10-15 минут.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет