4. Студенттердің өздік жұмысы


ДӘРІСТЕР “Телерадиожурналистика теориясы мен әдістемесі” пәні бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша тезисі



бет3/57
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
2 ДӘРІСТЕР
Телерадиожурналистика теориясы мен әдістемесі” пәні бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша тезисі


1-дәріс
тақырыбы: Телерадио хабар жасау технологиясы


Дәріс мақсаты: Телерадио хабар жасау технологиясы туралы жалпы түсініктеме бере отырып, оның даму тарихын талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:

  1. Теледидар – ақпарат пен насихат құралы.

  2. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері.

  3. Телерадио хабар жасау технологиясы.

Теледидар бүгінде жер шарында болып жатқан сан саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихында Қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда.
Теледидар – ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естірту мен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде олардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.
Ақпарат құралдарының ішінде теледидар көрсемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы жағынан өлшеушіз мүмкінджікке ие. Ол адамды, адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір қырынан оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал. Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, той-думан, жарнама т.б. сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Теледидар жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени, эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.
Ел мен елді байланыстыратын халыққа ақпарат таратудың көзі болып отырған теледидардың пайда болуы және қалыптасуы көп жылдарды қажет етті. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері 30 жылдардан астам уақытты алды. Телевизияның пайда болуы ХХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Электротехниканың дамуы мен қолданысқа енуі телевидениеге тікелей қатысты болған еді.
Электронды сигналдардың арқасында бағдарлама, хабарлар алыс қашықтықтарға жетті. Телевиденияда хабарды эфирге шығару өте күрделі жұмыс болды. Ең алғаш телевидениеде қазіргі замандағыдай бейне мен дыбыс қатар келген жоқ, керісінше, алдымен фототелеграфия дамып,эфирге қозғалмайтын суреттер, сызбалар шыққан болатын. Суреттер мен бейнелер токтың химиялық әрекеті мен әртүрлі мехзаникалық қондырғылардың күшімен жүзеге асты.
Алғаш фототелеграфияның дамуы А.Бейна (1842 ж.), А. Бэйкуелла (1847ж.) ашқан ғылыми құралдармен байланысты.
Фототелеграфия мен телевидениенгнің айырмашылығы фото мен киноны салыстырумен пара-пар деуге әдбен болады. Қозғалмайтын бейнелердің байланыс аралығында сәтті шыңғуы ғалымдарды телевидение туралы ойға шомылдырады. Бірақ фототелеграфиядан телевидениеге көшу көп жұмысты қажет етеді. Яғни жаңа технологиямен қатар техниканың қыр-сырын біліп, тосын жаңалықтар ашу болды. Бұл үлкен қажырлы еңбекті талап етті.
Теледидардың даму кезеңдері.
1 кезең (1900-1930жж.) – орыс ғалымдарының ғылыми тәжірибедег ашқан құралдарын іске қосу. Әлемде алғаш рет электр сәулелі трубканы Петербург университетінің профессоры Б.Л.Розинг ойлап шығарды.
2 кезең. Бұл кезең тәжірибелі бағдарламалармен 1931 жылдан басталады. Бүкілкеңестік электромеханикалық институттың Мәскеу радоибайланыс серіктестігімен. Бұл құрылғы соншалықты тиімді болмағандықтан ғалымдар 3 жылдан кейін өзге бағдарламаны эфирге шығарды. Бұл 30 минутқа созылды. Ал 1938 жылы алғаш телевизиялық орталықтар Мәскеу мен Ленинградта салынды. Телевидениенің дамуын соғыс жылдары тоқтатты.
3 кезең. (1960 ж.соңы мен 1990ж). Телевидение үлкен қарқынмен дамыды: кабельдік ТВ, телетекст ТВ мен баспасөздің бірігі, коммуникацмяның өзгеше аумағы компьютермен бірігу, жекелей трансляция жасады.
4 кезең (1990 ж.бастап)
бәсекелестік пайд болды. КСРО-ның ыдырауынан телеканал мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық телеарналар хабар таратуда.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет