Адам капиталынаинвестициялар - қазіргі заманғы экономикалық өсудің аса маңызды факторы. Осындай инвестициялар әлеуметтік-экономикалық құрылымның ҒТП-нің даму ырғағына үздіксіз ілесіп, әрі бейімделіп отыруына жағдайлар жасайды. Демек, бүгінгі күні сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға, жұмыс орнында тәжірибе жинақтауға, инновацияларды енгізуге инвестиция салусыз, яғни адам капиталын дамытусыз экономикалық өсудің шынайылығына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Алайда экономикалық өсудің теріс факторлары да болады. Экономийалық өсуді тежейтін факторларды экономикадагы әлеуметтік өзгерістер деп атайды. Оларға әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жатады. Мәселен, қоршаған ортаның ластануын бақылау бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қысқа мерзімде экономикалық өсу қарқынының бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін.
Соңында, экономикалық өсудің институционалдық факторларын да атап өткен жөн. Меншік құқығын мемлеқеттік қорғау, қоғамдық тәртіпті орнату және қолдау, тәуелсіз сот сияқты институционалдық факторлар экономикалық өсуге оң әсер беріп еңбек өнімділігінің артуында ерекше рөл ойнайды.
Бүгінгі күнге дейін ұзақ мерзімді тұрақты, әрі теңгерімді экономикалық өсудің нәтижелері туралы ортақ пікір жоқ. Сол себепті, әртүрлі макроэкономикалық мектеп өкілдерімен түсіндірілетін экономикалық өсудің үлгілері әртүрлі алғышарттар мен болжамдарға сүйенеді.
Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер дамытты. Соның ішінде, Дж. Кейнс, Ч. Кобб, П. Дуглас, Э. Денисон, С. Кузнец, Й. Шумпетер, Р. Харрод, Е. Домар, Р. Солоу, Э. Фелпс, П. Ромер, К. Эрроу, Г. Мэнкью, Д. Уэйл, Д. Ромер, Р. Лукас, X. Юзава сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.
Экономикалық өсудің үлгілерін негізгі үш топқа бөлуге болады:
1. Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері. 2. Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері. 3. Экономикалық өсудің тарихи-элеуметтік үлгілері.