1.ҚР-да қандай мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау мен басқаруды жүзеге асырады?
2.Бұл органдардың құрылымы?
3.ҚР мемлекеттік экологиялық саясаты
4.Мемлекеттік органдардың функциялары.
Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында (бұдан әрі – реттелетін салалар) басқару процесін үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамыту мемлекеттік саясатын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық блогы 5 департаменттен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен оның 16 аумақтық департаменттінен құрылған.