Қоршаған ортаны қорғау


Мемлекеттік органдардың функциялары



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі23,93 Kb.
#121924
1   2   3
Байланысты:
Экспертиза Жамбылова А
Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы, Биохимия, 1554392529, ИГХ САУТАХЫН АРУЖАН, тесты акуш, 9 сынып КТЖ жаңа, КТЖ 8 сынып Биология жанасы, 5 сынып Жаратылыстану КТЖ 2022-23 Гульмира-2, 10-11оқу бағдар
4.Мемлекеттік органдардың функциялары.
Заңнамалық деңгейде (Экологиялық кодекс) келесі арнайы уәкілетті органдардың функциялары анықталған:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;
2) жер ресурстарын басқарудың орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті;
3) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
4) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындаға уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
7) азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті;
9) өсімдікті қорғау және карантин саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы анықталған қызметтерді коммуналдық-шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жергілікті өкілдермен, атқарушы органдармен, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жергілікті деңгейде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген және тек экологиялық заңнаманың ғана емес қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың негізі болып табылады.
Экологиялық заңнаманың негізгі құжаттары: Экологиялық, Жер, Су, Орман, Салық және Әкімшілік кодекстері. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы»; «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдары, барлығы Қазақстан Республикасының 40-астам заңнамалық актілері мен www.ecoinfo.kz. интернет-ресурсында ашық қол жетімді жарияланған 2000 шамасындағы нормативтік құқықтық актілер. Сондай-ақ Қазақстан Республикасымен 26 табиғатты қорғау конвенциялары мен олардың хаттамалары ратификацияланған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет