Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу - бұл белгілі бір уақыт аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын көрсететін ұлттық экономиканың ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңгерімді өсуі нәтижесінде бағалардың тұрақты деңгейін ұстап тұруға болады.
Экономикалық өсуді график түрінде негізгі үш әдіспен сипаттауға болады:
1. Нақты ЖІӨ қисығы арқылы.
2. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы.
3. «АD-АS» үлгісінің көмегімен.
12.1-сурет. Экономикалық өсу
12.1, а-суретінде тренд қисығы ЖІӨ-нің ұлғаюының ұзақ мерзімдік үрдісін сипаттайды.
12.1, ә-суретінде экономикалық өсу өндірістік мүмкіндіктер қисығымен (ӨМҚ) көмегімен көрсетілген. Инвестициялық тауарлар (өндірістік құрал-жабдықтар) мен тұтынушылық тауарлар экономикада өндірілетін негізгі тауарлар болып табылады. Егер экономика ӨМҚ1-ден жаңа ӨМҚ2-ге өтсе, яғни А нүктесінен D нүктесіне оңға жылжыса, онда экономикалық өсу байқалады да, тұтынушылық тауарлар өндірісі С3-ке дейін және инвестициялық тауарлар өндірісі І3-ке дейін ұлғаяды. Сөйтіп, экономикалық өсу ӨМҚ-ң жылжуымен (параллельді түрде жылжу міндетті емес) сипатталады.
12.1, б-суретінде экономикалық өсу АD-АS үлгісінің көмегімен бейнеленген. Бұл жерде экономикалық өсу әлеуетті ЖІӨ - нің өсуін көрсететіндіктен, ол жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді қисығының (LRAS) оңға жылжуымен көрініс тауып, өндіріс көлеміҮ*1-денҮ*2-ге дейін артады.
Қандай да бір елдің экономикалық өсуінің нәтижесін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс ретіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер сипаттайды. Олар белгілі бір уақытқа пайызбен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |