4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет75/97
Дата07.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#86725
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97
Байланысты:
42 Тілдік төрт дағдыда (1)

27
-
кесте. 
Тақырыптар
Тақпақ 
Гигиена тақырыбындағы сөздер
Дене бітімі
Сабын мен су
Тіс щеткасы
Сымбат-мүсін дегенің 
Бітім-көркі денеңнің. 
Сымбат – жүру әдемі, 
Дене қалпын тік ұстап: 
Көтеріп сәл кеудені, 
Иық жазып дұрыстап. 
Түзу отыр, қисаймай, 
Бүкіреймей, жантаймай. 
Күш сап бас пен арқаға, 
Жатып алма партаға.
Дос бол сабын, сумен сен, 
Жиі-жиі жуын сен: 
Таңертең де, кешке де, 
Жуын күндіз-түсте де, 
Жуын тамақ алдында, 
Жуын тамақ соңында, 
Жуын ұйықтар кезіңде, 
Жуын тұрған мезгілде. 
Тіс болмаса, 
Асты қалай шайнарсың, 
Тазалап жүр тісіңді. 
Тісті күнде екі рет 
Кішкене де ыңғайлы, 
Тазартуды ойларсың. 
Тіс щеткасын пайдалан. 
әдет қыл бұл ісіңді: 
Тазалауға болмайды, 
Щеткасымен басқа адам.
Дене қалпын тік ұста
Кеудені көтер
Түзу отыр
Қисайып отырма
Бүкірейме
Жантайма 
Таңертең, жатар алдында жуын
Тамақ алдында, тамақтан кейін 
жуын 
Тісті тазала
Күніне екі рет таза
Тіс щеткасымен тазала
Қосымша
• Оқушыларға тазалық туралы мәтін құрастыртып немесе сурет салғызуға болады. 
• Оқушылардың жасы мен тілдік деңгейіне сай өзге тақпақтарды қолдануға болады. 


40
6.4 Тазалықты сақтау
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Тазалық тақырыбындағы сөздер
Дағды 
Нұсқаулардың ретін тыңдау
Ойлау әрекеті
Еске сақтау
Оқыту әдісі
Тиянақтылықты ынталандыру – қателерді түзету
Қарым
-
қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Жүргізілу барысы 
1. Оқушыларды орындарынан тұрғызасыз. 28-кестедегі бір нұсқауды оқып, оны 
оқушылардың қимылмен көрсетулерін сұраңыз, мысалы: 
Бетіңді жу.
2. Келесі жолы екі нұсқауды бірінен соң бірі оқыңыз. Оқушылар екі нұсқауды 
тыңдайды да, қимылмен көрсетеді, мысалы: 
Шашыңды тара және тісіңді тазала.
3. Әрдайым нұсқауларды тізімге бір-бірден қосып отырыңыз. Оқушылар біртіндеп 
өскен тізімді толықтай тыңдайды. Сіз оқуды тоқтатқан соң, өздіктерінен барлық 
қимылды рет-ретімен көрсетеді. Оқушы тізімді есіне сақтай алмаса отырады. 
Нұсқауды толық есіне сақтап қимылдарды ретімен орындаған бала жеңімпаз 
атанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет