Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған.)
Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут Балл саны: 15 Тапсырмалар түрлері Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы мынандай компоненттен тұрады:
Оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары
\
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым Тапсырма
Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [7]
А мәтіні
Өткен жұмада Cамат деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншар орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. География сабағында мұғалім Африканы мекендейтін хайуанаттар туралы қызықты мәліметтер айтқан болатын. Самат екеуміз соны қасымыздағы балаларға айттық.
Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандар да темір тордың ішінен орын алыпты.
Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайратып қойыпты. Қазақ киелі санаған құстың бұлбұлша сайрағанына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің қызықты саяхатымыз осылай аяқталды.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [1]
Тұжырым
Дұрыс
Бұрыс
1
Хайуанаттар бағындағы тасбақалар біршама үлкен екен.
2
Сұңқар мен бірқазандар тордың сыртына жайғасыпты.
3
Екі дос қарапайым қарлығаштың әнші құстарша сайрағанын естіп, таңғалады.
2. Мәтіндегі екі дос өздерінің танымдық білімдерін қолдана алды ма? Осы жайлы ойыңызды 4 сөйлеммен жазыңыз. [2]