4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары:арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш
Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару
Оқу мақсаты
6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің өзгеріс ауқымы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару
6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару
Ойлау дағдыларыңың деңгейі Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Бағалау критерийі:Білім алушы
• Сандық қатардағы статистикалық сипаттамалар арқылы санды есептейді
•Нұсқалар ағашын тұрғызуға арналған комбинаторикалық есептерді шешеді
• Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға арналған есептерді шығарады
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар 2-нұсқа
Мәриям апта бойы сағат 12:00-де даланың температурасын тексеріп, жазып алды. Алайда сәрсенбі күннің температурасы жазылған дерек белгісіз бір себеппен өшіп қалыпты:
20°С, 17°С, ___,21°С, 14°С, 18°С, 22°С.
Егер Мәриям аптадағы температураның арифметикалық ортасы 19°С екенін білсе, апта температурасының:a) модасын;ә)өзгеріс ауқымын;c) медианасын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |