9-сынып қазақ тілі пәні бойынша білім алушы_________________________________ 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда
мәтіндер құрастыру;
9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану;
Бағалау критерийі
мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырады;
құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану.
1-тапсырма. Берілген мәліметтерді негізге алып, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырыңдар.
Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңды-лықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті: 1.Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістен
әкелуі мүмкін.
2.Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Олзат табиғи айналымға түсуі
тиіс. Мысалы: адам полиэтиленді ойлап тапты.
Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді.
Себебі, оны ыдырататын редуцент яғни бактерия
жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқыстар көбеюде.
3.Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынас ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оныбұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық
апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай, табиғат
қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндет-тер тұр:
өндірісті,өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшер-де болуы керек;
өндіріс пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиға арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс
табиғат ресурстарын игеру кезінде оның
қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;