B БӨЛІМІ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырма түрлері:
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар типтері пайдаланылды: бірнеше жауаптары бар тапсырмалар, қысқа/толық жауапты тапсырмалар.
Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 8 тапсырма бар.
Бірнеше жауабы бар тапсырмада оқушы берілген жауаптар нұсқасынан үшеуін таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем және бейне түрінде жазады.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізбекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады. Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер және сұрақтар болуы мүмкін. Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |