Сабақтың тақырыбы
|
С.Мұратбековтың « Қылау» әңгімесі.
|
Сабақтың мақсаты
|
«Қылау» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру, сөздік қорын молайту,ойлау қабілеттерін арттыру.
|
Енгізілген модуль
|
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету.Оқыту мен оқуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
|
Сабақтың әдісі
|
Психологиялық дайындық.Топқа бөлу.әдісі.ДЖИГСО әдісі .Синквеин стратегиясы .Сергіту кезеңі.Кері байланыс:Екі жұлдыз бір тілек.
|
Күтілетін нәтиже
|
«Қылау» әңгімесінің мазмұнын түсініп игереді.
|
Сабақтың барысы
|
Уақыт,әдісі
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
Ресурстар
Көрнекі құралдар
|
Сабақтың тұсаукесер кезеңі.
1Кіріспе
|
2 мин
Психология-лық дайындық
|
Бүгінгі күні естіген алғашқы жылы сөздерін айту.
|
Оқушылар бір- біріне естіген жылы сөздерін айтады.
|
|
Топқа бөлу
|
2 мин
Түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу
|
Түрлі - түсті қызыл, сары,жасыл түсті қағаздарды таңдатып топқа бөлу
|
Қызыл түс - 1 топ
Сары түс - 2 топ
Жасыл түс- 3 топ өздері қалаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді.
|
Түрлі- түсті қағаз
|
Үй тапсырмасы
|
5 мин
Автор орындығы әдісі.
|
Үйге берілген тақырып С.Мұратбековтың өмірі туралы оқып ,үйде дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды. С.Мұратбековтың шығармаларын атап шық. Шығармаларының мазмұны қай кезеңдегі тыныс тіршілікті білдіреді.Қай жерде туылған? Шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі жан дүниелерін ,сезімдерін жазушы қалай бейнелеген?
|
Сұрақтарды бір- біріне доп лақтыра отырып қояды.С.Мұратбековтың өмір жолы,шығармасы туралы өз ойларын айтады. «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін», «Қылау» сияқты әңгіме повестерін білетіндіктерін айтып пікірлеседі.
Формативті жиынтық бағалау,топтық бағалау.
|
А-4парағы
Дәптер
|
Негізгі кезең.
Жаңа сабақ
|
13мин
ДЖИГСО әдісі
|
«Қылау » әңгімесін екі үш топ бөлім- бөлімге бөліп оқйды.1.Таңғы тәтті ұйқы.
2.Сатайдың қорқынышы.
3.Тастөбенің көшесінде Рабиғамен кездесуі.
4.Сатайдың әңгімесі.
5.Сатайдың Рабиғаға алаңдауы.
6.Сатай Рабиғаға деген алғашқы балауса сезімін қалай білдірді? Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін әр топтан бір бір оқушы барып сол топқа түсіндіреді.
|
Топтағы бір- бір оқушы басқа топтағы оқушыларға өздері оқыған бөлімнің мазмұнын түсіндіреді.
Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін суретке салу арқылы көрсетеді,постер қорғайды.
|
Оқулық,
флипчарт,
маркер.
|
|
15 мин
Дәптермен жұмыс
|
«Қылау» әңгімесі бойынша кестелерді толықтыру.
Кейіпкерлер Сатай,Рабиғаның портреті,мінезі,іс-әрекеті туралы жазады.
Сатайдың іс-әрекеттерін бағалау.
Мына іс-әрекеттерді қолдаймын.
Бұл іс-әрекеттерді қолдамаймын,деп кестені толтыру.
|
Толтырған кестелерін оқып шығады.
Формативті жиынтық бағалау.
Топтық,жұптық жұмыс.
|
Дәптер
Ноутбук
Стикер,мар-кер.
|
3 Қорытынды
|
5 мин
Синквеин стратегиясы
|
Бес жолды өлең шығарады.
|
Зат есім: Не ? Қылау.
Сын есім: Қандай? Суық.
Етістік: Не істейді?Жауратады.
4. Синоним: Қар.
5. Сөйлем:Қылаулаған жұп- жұмсақ қар ерекше үлпілдейді.
Формативті жиынтық бағалау.Топтық бағалау.
|
Дәптер
|
4 Сабақ рефлекциясы
|
2 мин
Кері байланыс:
Екі жұлдыз бір тілек.
|
Мұғалім бүгінгі сабақта сабақтың қандай бөлімдері ұнағанын,несімен ұнаңанын,қызықты сәттерін стикерге жазуды тапсырады.
|
Бүгінгі сабаққа тілектерін,ұсыныстарын білдіріп жазады.
|
Стикер,мар-кер.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
С.Мұратбековтың «Қылау» әнгімесін оқу.
|
|
|
Сабақтың жағымды жағы: оқушылар өз ойларын жеткізе алды.
Сабақтың қорытындысы:сөйлеу мәнерлері қалыптасты.