41 М.Оразалиев атындағы жалпы орта мектепте С.Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі бойынша 7сынып оқушыларына өтілген үлгілі ашық сабақ туралы талдау.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңару үстінде.Күн өткен сайын білім берудің деңгейі мен сапасы жақсарып,оның тиімділігі білім мазмұны арнайы критерийлермен бағалануда.Жаңа ғасыр талабы-оқушылардың мектепте табысты оқу ғана емес,өмірде де табысты болуын талап етуде.Бұл талаптың орындалуы мұғалімнің қабілеті мен оның құзіреттілігіне тікелей байланысты.Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. «Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық,өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын ұйымдастыру барысында, сындарлы оқыту технологиясының түрлі әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы әңгіменің мазмұнын және қорытындылау кезеңінде түрлі тәсілдерді қолданып, оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылау өте тиімді.7сынып оқулығындағы С.Мұратбековтың «Қылау» әңгімесінің мазмұнын оқушыларға түсіндіру барысында тиімді әдіс- тәсілдерді пайдаландым. «Қылау» әңгімесінде балалардың мінез - құлқы мен іс- әрекеттеріндегі адалдық,сезімталдық,бауырмалдық,қайырымдылық қасиеттер суреттеледі.Әңгіменің негізгі мазмұны - адамгершілік, жан дүниеcінің сұлулығы.
Кеспе қағаздарымен жұмыс жасауда , оқушылар әрбір кейіпкерлерге жеке- жеке мінез- құлықтарына талдау жасап бір- біріне пікірлерін білдіреді.Алдын ала дайындалған кестелерді толтыру арқылы кеіпкерлердің портреті,мінезі,іс- әрекеті туралы топтық жұмыстар орындалады.Топтық жұмыс кезеңінде ойларын білдіріп,өзтұжырымдарын айтады.Сатайдың іс әректін бағалау кестесін келесі топ толтырады.Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы,қайырымдылығы қандай әрекеттерінен байқалатынын,орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел екендігі,өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не болғаны,оны ненің белгісі деуге болатындығы туралы өз ішкі ойларын айтып кестені толтырады.
Сабақтың тұсаукесер кезеңінде,Оқушыларды ұйымдастыру,сабаққа деген ынтасын аудару үшін « ынтымақтастық атмосферасы» орнатылды.Оқушылар бүгінгі алғашқы естіген жылы сөздері туралы бір- біріне айтады. Түрлі түсті қағаздарды таңдап алу арқылы толпқа бөлінеді. Үй тапсырмасын «автор орындығы «әдісі арқылы үйден дайындап келген сұрақтарын бір - біріне қояды.
Сабақтың Негізгі бөлімі кезеңінде, «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқулықтағы С.Мұратбековтың «Қылау»әңгімесін үш топтағы оқушыларға оқуға бөліп беріледі.Оқылған әңгіменің мазмұнын әр топтан бір- бір оқушы шығып басқа топтағы оқушыларға барып түсіндіреді.Келесі кезекте, топтағы басқа оқушылар топтарына барып әңгіменің мазмұнын түсіндірген оқушыға өз оқыған бөлімдерінің мазмұнымен таныстырады.Бұл әдіс арқылы оқушылар әңгіменің мазмұнын бір-бірінің көмегі арқылы жылдам әрі уақытты үнемдеуге болады.Сонымен бірге әңгімеден түсінгендерін айту барысында бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды,көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын,ауызша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп,қазақ әдеби тілін,сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға,сөздің құдіретін сезіндіруге болады.
Оқушыларға әңгіменің тақырыптың идеялық мәнін және көркемдік бейнелілік құрылымын талдай білуге ,және рухани мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету барысында,тақырып бойынша алған деректерін естеріне алып,сурет салады. Әр топтан бір -бір оқушы топтың бірлесіп салған суретін қорғап шығады.
Сабақта әр топтан бір оқушыға бағалау парағы беріледі.Үй тапсырмасында оқушының дайындап келген авторлық сұрақтарын.Жаңа сабақ барысында топтағы іс - әрекеті,өз ойын білдіруі,постер жасалғанда сурет салу әрекеті,қорғау кезінде өз ойын ашып айтуын,қорытындылау кезеңінде бес жолды өлең шығару,яғни топтық,жұптық,ұжымдық,жеке жұмыстары бағаланады.
Бүгінгі сабақты «Бес жолды өлең» арқылы оқушылар өздері қорытындылады.Кері байланыста «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа бір ұсыныс,екі тілектерін білдіріп стикерге өз пікірлерін жазады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал
2.Әдебиет оқулығы 6 сынып
Достарыңызбен бөлісу: |