430 бұйрық Жалпы білім беретін мектептердің 9- сыныбына арналған «Дінтану негіздері» курсының бағдарламасын бекіту туралы



Дата08.07.2018
өлшемі101,5 Kb.
#48743
2009 жылғы 14 қыркүйектегі

430 бұйрық




Жалпы білім беретін мектептердің

9- сыныбына арналған «Дінтану негіздері»

курсының бағдарламасын бекіту туралы
Жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері» факультативін енгізу үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Дінтану негіздері» курсының бағдарламасы бекітілсін.

2. Орта білім департаменті (Н. Аршабеков) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау Орта білім департаментінің директоры Н. Р. Аршабековке жүктелсін.



Министрдің міндетін

атқарушы А. Жақыпов

ҚазаҚстан Республикасы

Білім және ғылым Министрлігі

Дінтану негіздері

Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған

БАҒДАРЛАМА

Құрастырушылар:

Ғарифолла Есім,

Айдар Әбуов

Әділхан Дүйсебек



Астана

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Ғылыми кеңесі ұсынған.

2009 жылғы 4 тамыздағы №8 хаттама

Рецензенттер: А.А. Жайтапова, п.ғ.д., доцент

К.У. Купакова, п.ғ.к., доцент

Түсіндірме жазба
Қазіргі тандағы Қазақстанның саясаты конфесcияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың жаңа жүйесін құруға бағытталған. Бұл әсіресе көп конфесcиялы, көп ұлысты қазақстандық қоғам жағдайында өзекті болып табылады. Қазақстанның ұлттық-мәдени мемлекеттілігін нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жастарды сан ғасырлы рухани құндылықтар мен әлемдік және дәстүрлі діндердің жасампаз тәжірибесіне тартуды қажет етеді.

Діни ілімнің даму тарихы Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына және дамуына елеулі әсер етуде.

Қазақ халқының көрнекті ойшылдары мен ағартушылары әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрім, Ы. Алтынсарин діннің адамның ішкі дүниесінің мәнін түсінудегі, қоршаған табиғи және қоғамдық ортамен оның үйлесімді дамуындағы гуманистік және рухани-адамгершілік мағынасын ашып берді.

«Дінтану негіздері» факультативтік курсының мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани-адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

1. оқушыларды әлемдік және дәстүрлі діндердің және конфессиялардың тарихымен, олардың қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру;

2. діннің танымдық-дүниетанымдық және психологиялық-педагогикалық аспектілерін ашу;

3. әлемдік және дәстүрлі діндер ілімінің негізгі гуманистік жағдайын және негізін түсіндіру;

4. деструктивтік діни культтардың, діни және экстремистік ұйымдардың идеологияларын қабылдамау ұстанымдарын қалыптастыру;

5. оқушылардың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру;

6. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді Қазақстан Республикасында және халықаралық қауымдастықта орнатудағы рөлін айқындау.

Бағдарламада материалды зерделеудегі сабақтастық, тарих, қоғамтану негіздері, әдебиет, өнер пәндерімен пән аралық байланыс көзделген.

Дінтану негіздерінің тәрбиелік мүмкіндігін күшейтуге кіріктірілген сабақтар мен түрлі нысандағы: «Мәдени пікір алмасу», ғылыми практикалық конференция, мектеп спектаклы, шағын жобаларды қорғау, «Дін әлеміндегі салауатты өмір салты» немесе «Фантастика және дін» сияқты сабақтарды пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

міндетін атқарушының

2009 жылғы «14 » қыркүйек

№430 бұйрығымен бекітілген




Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған

«Дінтану негіздері» факультативінің бағдарламасы





Тақырып атауы

Сағат саны




Алғысөз




1.

«Дінтану негіздері» курсының мәні. Дін теориясы.

«Дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні. Дінтану негіздері – ғылыми пән ретінде. Дін туралы түсінік. Монотеизм және политеизм. Дін – адамзат тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Діннің құрылымы мен функциялары. Діни бірлестіктердің түрлері.



2

2.

Дін бастаулары мен тарихи түрлері.

Мифологиялық сананың өзіндік ерекшеліктері. Көне (алғашқы қауымдық) культтар. Алғашқы қауымдық сенімдердің формалары (фетишизм, тотемизм, анимизм, магия). Шаманизм. Ежелгі Египет, Греция, Рим елдерінің діни түсініктері.

Индуизм. Конфуциандық. Даосизм. Синтоизм.

Тәңірлік. Түрік дүниетанымының ерекшеліктері. Діни ілім ерекшеліктері мен культтік тәжірибе. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне әсері.

Иудаизм. Иудаизм діни ілімі және дамуының негізгі кезеңдері.


5

3.

Әлемдік діндер.

Буддизм. Буддизм ілімі, пайда болуы және таралуы. Буддизмнің негізгі тармақтары.




2




Христиан діні. Христиан дінінің пайда болуы. Інжіл. Христиан ілімінің негіздері. Христиан дінінің ағымдары (православие, католицизм, протестантизм). Қазіргі замандағы христиан діні.

4




Ислам. Ислам діні пайда болғанға дейінгі Арабия түбегі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Құран және ислам ілімі. Мұхаммед – пайғамбар. Сунниттер мен шииттер. Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар). Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет. Ислам дініндегі әйел адамдар.


8

4

Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі орын алған діндер

Исламның Қазақстанда таралуы. Исламның білім, ғылым және мәдениеттің дамуына әсері. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асан-қайғы және т.б. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі (XV ғ.). Абай, Шәкәрім, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин. Атеизм, кеңес дәуіріндегі дінді қудалау саясаты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі.




4




Қазақстандағы христиан діні. Қазақстандағы православие тарихы. Тәуелсіз Қазақстандағы православие шіркеуі. Қазақстандағы католицизм және протестантизм.

2

5.

Дәстүрлі емес діни культтар.

Жаңа (дәстүрлі емес) діни культтардың мәні. Деструктивті культтардың белгілері. Экстремистік және лаңкестік ұйымдар.




3

6.

Қазақстан – конфессияаралық келісім аумағы.

Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы. Діни сенім бостандығы туралы түсінік. Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату саласындағы саясаты.



4





Барлығы:

34



Негізгі әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзі. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі» кітабы. - Алматы «Өнер», 2006. - 136 б.

  2. Діндер үнқатысуы және адамзат тағдыры. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзі. «Егемен Қазақстан» газеті. 02.07.2009.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Астана, 2009.

  4. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы.

  5. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі /Ауд. Халифа Алтай/. - Екі харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран шәриф басым комбинаты, 1991. - 604 б.

  6. Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. - Алматы «Дәуір», 2003. - 560 б.

  7. Ғарифолла Есім, Артьемов А.И., Қанаев С.З., Біләлова Г.Н. Дінтану негіздері /Оқулық/. - Алматы «Білім», 2003. - 156 с.

  8. Құрастырушы-автор Хаников А.А./ Ислам. / - Миниск «Книжный дом», 2006 – 384 б.

  9. Құдайбердіұлы Ш. Три истины. - Алматы «Қазақстан» және «Ғақия» ғылыми әдебиет орталығы, 1991.

  10. Православие/ құрастырушы Ю.Н. Иванов/. - Минск «Книжный Дом», 2006. - 384 б.

  11. Ғарифолла Есім. Хакім Абай (даналық дүниетанымы). Алматы «Атамұра-Қазақстан», 1994.

Қосымша әдібиеттер:

  1. Религии мира. Мәскеу. «Махаон», 2007.

  2. Грицанов Н.А., Смило Г.В. «Религия. Энциклопедиялық сөздік». - Минск, Книжный двор. 2007.

  3. Дінтану негіздері: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. (Яблокова И.Н. 5-е баспасы, 2006.

  4. Гараджа В.И. Дінтану негіздері. Педагогикалық ЖОО-дың студенттеріне арналған оқу құралы. Мәскеу., 1994.

  5. Васильев Л.С. Шығыс дінінің тарихы. 8-баспа, Мәскеу, 2006.

  6. Дворкин А.Л. Сектоведение. Тоталитарные секты: Опыт систематическое исследования. - Н.Новгород «Христианская библиотека», 2007.

  7. Сурдель Доминик, Сурдель Жанин. Цивилизация классического ислама /фран. тілінен аударылған В. Бабинцева/. - Екатеринбург «У-Фактория», 2006. - 544 б.

  8. Ғарифолла Есім. Данышпан Шәкәрім. - Алматы «Атамұра», 2008. - 336 б.

  9. Мухин А.А., Здоровец Я.И. Религиозные конфессии и секты. Мәскеу «Эксмо» 2005, 288 б.

  10. Джилл Кэррол. Диалог Цивилизаций. - Алматы «Дәуір», 2009. - 180 б.

  11. Фетхуллах Гюлен. Пророк Мухаммед: Венец Рода Человеческого. - Алматы «Дәуір», 2009. - 632 б.

  12. Буддизм /Автор-сост. Л.А. Сурженко/. - Минск «Книжный Дом», 2006. - 384 б.

  13. Индуизм /Авторы-сост. А.А. Грицанов, Т.Г. Румянцова/. - Минск «Книжный Дом», 2006. - 384 б.\

  14. Иудаизм /құрастырушы авторлар. В.А. Барановский, Ю.Н. Иванов/. - Минск «Книжный Дом», 2006. - 384 б.

  15. Католичество /құрастырушы авторлар. А.А. Грицанов/. - Минск «Книжный Дом», 2006. - 384 б.

  16. Протестантство /Құрастырушы авторлар. А.А. Грицанов, В.Н. Семенова/. - Минск «Книжный Дом», 2006. - 384 б.

  17. Гордон Ньюби. Краткая энциклопедия ислама. М., «Фаир-пресс», 2007- 384 б.

  18. Ислам. Энциклопедиялық сөздік. Алматы,

  19. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақстан энциклопедиясы», 1998-2007. 9-томдық.

  20. Религия в системе духовности Казахстана. Анықтамалық әдістемелік құрал. . /құрастырушы Бегалинова К.К., Новикова Г.Н., Рүстембекова А.М./. - Алматы, Жібек жолы, 2007. - 152 б.

  21. Языческие о неоязыческие направления в христианстве. Әдістемелік нұсқаулық /құрастырушы Бегалинова К.К., Новикова Г.Н./. - Алматы, Жібек жолы, 2007. - 72 б.

  22. Ислам. Қысқаша ақпараттық анықтамалық құрал. /Құрастырушы Бегалинова К.К., Рүстембекова А.М./. - Алматы, Жібек жолы, 2007. - 24 б.

  23. Христианство. Қысқаша анықтамалық. /құрастырушы Бегалинова К.К., Новикова Г.Н./. - Алматы, Жібек жолы, 2007. - 32 б.

  24. Протестантизм. Нетрадиционные религиозные объединения. Внеконфессиональные верования. Новые религиозные движения. Анықтамалық. /құрастырушы Бегалинова К.К., Новикова Г.Н., Рүстембекова А.М./. - Алматы, Жібек жолы, 2007. - 88 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет