44. Халықтың қоғамдық денсаулығы экономикалық санат ретінде


Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 77-бабы



бет4/5
Дата13.12.2022
өлшемі35,79 Kb.
#162533
түріКодекс
1   2   3   4   5
Байланысты:
44.48 заннама
Дәріс 10 аң шаруашылығы, Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 47,50 сит 77,78
47.Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 77-бабы
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
77-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының: 

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға; 

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге; 

3) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға; 

4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға

5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке; 

6) ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға; 

7) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне; 

9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға; 

10) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға; 

11) медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына; 

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне медициналық көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына; 

14) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға; 

15) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге; 

16) донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге

17) қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге; 

18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға; 

19) бірлесіп төлеуге; 

20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға

21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға; 

22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар; 

23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар. 

1-1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектігі бар адамдардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар. 

2. Әйелдердің отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселені шешуге және қаламаған жүктіліктің алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар. 

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы: 

1) репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен; 

2) әйелдердің репродуктивтік денсаулығына және науқас баланы күтіп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдері бойынша емдеумен қамтамасыз етіледі. 

Қорытындылай келе : Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес, жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

48.Денсаулық сақтаудағы экономиканың ерекшеліктері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет