44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі



бет12/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
шпор

53.Қазқстандағы көші-қон,демографиялық процесте,халықтың этникалық құрылымдағы өзгерістер.Егемен Қазақстан халқының санағының қорытындысы.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы.
Қазақстанның демографиялық мәселесі-қазақ қоғамының маңызды
мәселелерінің бірі. XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет
халық санағы жүргізілген:1959,1970,1979,1989,1999жылдары.
Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар
республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық
халық саны – 16млн 475 мың болса, оның 6млн 535 мыңы ғана қазақ
ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекеңдеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдағы 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басыңда экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі
өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмеңдеуі және өмір
сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90-жылдардан бастап жаппай миграция мен туу үдерісінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық. Бұрын, 1970-1980 жылдарда да Қазақстанға келушілерден кетушілердің саны басымырақ болғанымен, халықтың табиғи өсуі олардың орнын толықтырғандықтан, еліміздегі халық саны азаймай, едәуір өсіп отырған болатын. 1959 жылы 9,3 млн болса, 1970 – 1989 жылдар арасында 13 млн-нан 16 млн-ға дейін өсті.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді.1991 - 1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді.1993жылы(Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шет елдерден 23мыңнан аса қазақ келген. Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органыДүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады.Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет