44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі



бет1/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
шпор




44.Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі.
Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады” . Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны айқындап алу қажет болды.


45.Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені,бүгіні және болашағы.(« Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «XXI ғасырдың қадамында», «әлемдік орталық».).
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз».Мемлекет басшысының айтуынша, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгілеген барлық міндеттерді шештік. Президент 2009 жылы көптеген дамыған елдер рецессияны бастан кешіріп жатқанда, Қазақстанда экономика өсімі 1,1 пайызды, өнеркәсіпте - 1,7 пайызды құрағанын еске салды. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырма берді. 2020 жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. «30 елдің қатарына кіру міндетін де алдымызға қоюға болады, өйткені ол да қолымыздан келетіні кәміл», - деп атап өтті Н.Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет