Реферат тақырыбы: З.Қабдоловтың әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі Орындаған: Әлім Г.Қ ҚБ 41 Тексерген: Таутина Б. А



Дата14.12.2023
өлшемі27,62 Kb.
#197004
түріРеферат
Байланысты:
Зейнолла реферат
жамбыл

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: З.Қабдоловтың әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі


Орындаған: Әлім Г.Қ ҚБ 41
Тексерген: Таутина Б.А

2023-2024 оқу жылы


Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.
2.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі (әрі қиын, әрі қызық) даму - өсу, өркендеу кезеңдерін бастан кешіріп отыр.


Атап айтсақ, қазақ әдебиетінің тарихын түгендеу бағытында жаңа дәуірге сай біршама батыл адымдар жасалды. Орта мектепке, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдары, әр алуан арнаулы зерттеулер мен монографиялар, әсіресе «Ақтаңдақтар ақиқатына» байланысты толғаныстар мен талдаулар - осының айғағы.
Әдеби сынымызда да әжептәуір ажар бар. Көркем шығармашылықтың қандай келелі мәселелері мен нәзік құбылыстары болсын, қазіргі әдеби сын талдап- тексеруге де, барлап-байыптауға да әзір.Осы реттен алып қарағанда, біздің әдебиеттануда күні кешеге дейін кенже қалып келген сала – әдебиет теориясы.
Сөз жоқ, мұны соқа тимеген тың десек, ағат болар еді. Әдебиеттің тарихы мен сыны оның теориясымен тығыз байланысты екенін ескерсек, белгілі қазақ әдебиетшілерінің қай-қайсысы болса да өздерінің ірі, іргелі зерттеулері мен сын еңбектерінде әдебиет теориясын орағытып өтпегені, оның бір жайы болмаса бір жайын қозғап-байқағаны даусыз.
Әдебиет теориясын зерттеу ісі кенжелеу жатты дегенде біз бұл Шындыққа көз жүма қараудан аулақпыз.
Сөйте тұра, республикамыздың жоғары оқу орындары үшін әдебиет теориясынан алпысыншы жылдардың аяғына дейін («Сөз өнерінің» бірінші басылымы 1970 жылы шықты) қазақша оқулық жазылмай келгенін айтпауға болмайды.
1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқышын» кітап қып бастырып шығарды.Бұл біздің жыл санауымыздан үш ғасырдан астам бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің «Поэтикасы» тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.
Аралары бір-бірінен тым алшақ жатқанына қарамастан бұл екі кітапты өзара салыстыра, қатар атауымыздың мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы «әліпбилері».Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен қанша ерекше болса, бір-біріне сонша ұқсас болады…
Бұдан шығатын екінші түйін – әдебиеттің теориялық мәселелерін бірыңғай қисынға ғана айналдырып, оны әлдебір қасаң ереже, кейде, тіпті, қатал заң ретінде ұсынбай, теориялық толғамдарымызды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем творчествоның психологиясымен байланыстыра жүйелеп отыруымыз керек.
Осынау егіз-қатар екі талап тұрғысынан әдебиет теориясының негіздері болып табылатын өзекті мәселелерді өзімізше байыптап-байқағымыз келеді.

Міне,әдебиет өте күрделі ұғым.Әдебиеттану ғылымының дамуына үлес қосқан қазақ ғалымдары жетерлік.Ал осылардың ішінде ойып тұрып орын алар тұлға- Зейнолла Қабдолов.


Сөз зергерінің «Әдебиет теориясының негіздері», «Жанр ерекшелігі», «Сөз өнері» атты еңбектеріне осы күнге дейін су астынан маржан іздегендей қызыға оқимыз. Еңбектерінің қай-қайсысы болсын, көркем әдебиет туындылары іспеттес өзіне еріксіз тартып, адамды олжасыз қалдырмайды. Жаңа бір тың пікірлер мен идеяларға жол сілтеп отырады, ғалымның жазғанының, еңбегінің ерекше құндылығы осы емес пе!
З.Қабдоловтың «Жебе» деп аталатын жеке томдығында әдебиеттің теориялық мәселелері, шеберлік жайында зерттеулері мен талдаулары, толғаныс-тебіреністері, тұстастары мен ұстаздарға арналған естелік-сырлары, замандас тұлғасы туралы парасатты ойларын тамаша өрнектейді. Сол арқылы өзінің де сол ұлылардың сапына қосылғанын дәлелдеп тұрған сияқты. «Менің Әуезовім» атты шығармасының болмысы да ерекше. Оның әлемі сұлу, әдемі, келісті. З.Қабдолов әлемінің эстетикалық категориялары − мәдени-әлеуметтік құндылықтардың асыл қорына қосылған мазмұнды да мәнді интеллектуалдық байлық.
Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» атты оқулық-монографиясына шолу жасасақ…
Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы – шындық.Біз бұл мәселелерге кейін толығырақ тоқталамыз.Жалғыз-ақ мына жайға көңіл аударғымыз келеді:Өмірде не болса, соның бөрі көркем шығармаға өзек,оқиға болып ене бермейді. Жазушы өмірдегі сан-сапа шындықтан өзінің суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап алып, шығармасына арқау етеді.Бұл ретте ол өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ал суреткердің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасын ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Дәл осы арадан келеді де таптық қоғамда тіршілік еткен жазушының көзқарасындағы таптық сипат анықталады: ол белгілі бір таптық мүддеге тәуелді, соған қызмет етпек. Өйткені әдебиетші «қоғамда өмір сүре отырып, қоғамнан тысқары бола алмайды» (Ленин). Ол – өзі қаласын, қаламасын –бәрібір белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (Горький) болмақ.
Бірақ осыны мойындауда бір-біріне кереғар, екі түрлі қарама-қарсы түсінік бар.
Бірі – әдебиеттің таптығын жоққа шығару. Бұл –жаңалық емес, атам заманғы идеалистерден бастап, осы күнгі символистер мен формалистерге, кубистер мен экспрессионистерге, сюрреалистер мен экзистенциалистерге дейін уағыздалып келе жатқан флюралистік ұғым. Олардың уағызына бақсақ, әдебиет тіршілік «күйбендерінен» биік, түрмыстан аулақ, саясаттан тыс, «өнер - өнер үшін» ғана болуға тиіс. Өмірдің өзінде ешқандай ажар да, көрік те жоқ.Ал әдебиет - әдемі зат. Демек, әдебиеттін мақсаты -өмірдің әлгі бір олқылығынын орнын толтыру.
Мұның өзін, сайып келгенде, әдебиеттің қоғамдық қызметін жоққа шығару деп білген Белинский кезінде қатал сынаған болатын. Әдебиеттің «қоғамдық мақсатқа қызмет ету правосын тартып алу, - деген еді ұлы сыншы, - оны жоғары көтеру емес, құлдырату боп шығады; өйткені бұл - оны нағыз жанды күшінен, яки ой-санасынан айыру, оны әлдекімдердің ойыншығына айналдыру болып шығады». Сонымен бірге Белинский «өнер - өнер үшін» дегеннің жалған екенін, ондай өнер «ешқашан, ешқайда болмағанын» дәлелдей келіп, былай деп түйді: «Қазіргі шындыққа тамыр тартпаған кез келген поэзия, шындыққа сәуле түсірмеген кез келген поэзия - еріккеннің ермегі, қуыршақ ойнау, қуыс кеуде кісілердің ісі».
Осындайларға қарама-қарсы енді бір ұғым - әдебиеттің таптығы дегенді тым саяз, шолақ түсіну,жалаң, жайдақ уағыздау. Мұндай ұғымдағылар әдебиетті де, әдеби шығарманы да эстетикалық табиғаты мен көркемдік қасиетінен жұрдай ғып, жап-жалаңаш идеяға жаршы етіп қояды. Бұл – тұрпайы социология. Мұның зияны да, жоғарыда айтқандай,кертартпа идеалистерден кем деуге болмайды.
Ойлап тұрсақ, адамзат басынан кешкен алуан-алуан қоғамда әртүрлі таптың болуы, тап тартысының болуы тым қиын, ойы-қыры, қия-қалтарысы көп, қосқыртыс нәрсе емес пе? Айталық феодализм тұсында тап әртүрлі қоғамдық топ (сословие) киімін киіп жүреді. Қазақ топырағында, мысалы, топ-топ, жік-жік рулар болды. Бұлардың арасындағы алыс-жұлыс, мәселен, капитализм түсындағы ап-ашықтап тартысынан өзгеше, бөлек. Демек, бұл шындықтың көркем өдебиеттегі сәулесі де өзінше оқшау.Осы ерекшелікті ескермеген жагдайда түрпайы социология жаңғырықтары қүлақ түндырары сөзсіз.
1953 жылы баспасоз бетінен Мүхтар Әуезовтің «Абай» романы хақында» деген мақала оқығанымыз бар. Мақала сол түста етек алған «үрда-жық» сынның үлгісі болатын. Мақалада әйгілі жазушымызға айтылмаған айып, тағылмаған кінә қалған жоқ. Ал классикалық эпопеяның «тас-талқаны» шыққан.Онда, ең жеңілі, Абай неге «бай-феодал жастарының ортасында, мақсатсыз, қарекетсіз, уақытын босқа өткізіп жүр», «бай ауылдың молшылығы, Бөжейдің асы неге көркем суреттелген», «ескі ауылдың қыздары ылғи сұлу болатыны несі» деген секілді тіпті сын көтермейтін «сын пікірлері» тізбектеле келіп, ақыр аяғында «М.Әуезов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы тап қайшылығының тігісін жатқызып… бүркемелеп көрсетті», - деген байлау жасалды, бір-біріне өзара жауығып жүрген әртүрлі рулар ғана, «күрес кедейлер мен байлар арасында емес, рулар арасында жүріп жатады».
Бұл келтірілген мысалға дау айтып, айтыс ашып жатудың керегі жоқ. Мұндағы пікірлер соншалық солақай, сыңаржақ екені өзінен-өзі көрініп тұр.Біздің бұл жолғы мақсатымыз - әдебиеттің таптығы дегенді әріпшілдікке айналдыру, әдеби шығармадағы тап қайшылығын суреттеудің шыншылдығы дегенді түсінбеу қандай ұшқарылыққа апаратынын ғана аңғарту.
Сонымен, әдебиеттің таптығы туралы ұғымның сыры күрделі, терең. Мүны тым жайдақ, саяз түсінуге болмайды. Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы көркем шындықтың шыншылдығы мен шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты. Оның үстіне сол қаламгер мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты ескермеудің және жөні жоқ. Мысалы, Маяковскийдің капиталистік құрылысқа қарсылығы стихиялық бүліктен басталғаны, оған «тап аралық халдеміз» деген иллюзияға шырмалған интеллигенттердің зиянды әсері, дауылды жылдардың «революция жағындасың ба, жоқ па» деп тіке қойған ашық сұрағы, ақыр аяғында,ұлы ақынды жұмысшы табы жағына бұлтақсыз бір-ақ көшіріп, оның дүниеге тұрақты көзқарасын қалыптастырғаны жұртқа мәлім. Бұл бұралаңды түсіну әдебиет пен әдебиетші творчествосындағы таптық сипатты жоққа шығармайды, қайта оның тәжірибе жүзінде кездесе беретін үстірт түсініктен әлдеқайда қиын, кең, күрделі екеніне кепіл.
Біздің әдебиет туралы ғылымның тарихында бір кезде етек алған тұрпайы социология әдебиеттің таптығын танып, түсінудегі осындай күрделілікке көз жұма қарап, әдебиеттің қоғамдық-өзгертушілік күшін мүлде жоққа шығарды да, оны әншейін автоматты түрде әр таптың идеялық рупоры ретінде көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет