Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
48.Өтпелі кезеңінің қиындықтары.Экономиканың негізгі салалары дамытудың басымдылықтары мен перспективалары.ҚР-ның экономикалық реформаларының ерекшеліктері мен модернизациясының кезеңдері.(1991-2018 жж.) КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс (1997) та әсерін тигізді.Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.1994 – 1995 жылдарыагроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастапэкономикалық өрлеуге бет бұрды. Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканықұруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.1994Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды;инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi. (1995-1997)Үшiншi кезеңде Макроэкономиканытұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары менинфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге),бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды.