Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал: "Екі қолды жұмысқа жұмылдыру"
Екі қолымен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі жағы да іске жұмылады екен.
Екі қолына қалам алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады: 1. Оң қолымен 5 үшбұрыш, сол қолымен 5 төртбұрыш салады.
2. Оң қолымен 5 шеңбер, сол қолымен 5 үшбұрыш салады.
3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
1-топ: "Үшбұрыштар"
2-топ: "Төртбұрыштар"
3-топ: "Бесбұрыштар"
4-топ: "Жазық фигуралар"
Үй тапсырмасын тексеру:
Белсенді оқыту әдісі: «Ойлар ағыны »(I).
Жай механизмдер дегеніміз не?
Жай механизмдердің түрлерін білу..
"Механиканың алтын ережесін" тұжырымдау.
Жай механизмнің пайдалануына мысал келтіру
Ассоциация "Фигуралар" сөзіне жасау.
Мәтінмен танысу. «Жигсо» әдісі
Жаңа сабақ
№ 8 зертханалық жұмысты орындау: "Жазық фигураның массалық центрін анықтау".
1-топ тапсырма: үшбұрыштың массалар центрін анықтау.
2-топ тапсырма: төртбұрыштың массалар центрін анықтау.
3-топ тапсырма: бесбұрыштың массалар центрін анықтау.
4-топ тапсырма: жазық фигуралар массалар центрін анықтау.
Жалпы топқа келесі тапсырма: Үшбұрыш сызғыштың массалар центрінің орнын анықтау. Қорытынды жасау .
Белсенді әдіс: «Біліміңді шыңда»
Массалар центрі дегеніміз не?
Массалар центрін қалай анықтауға болады?
Дененің массалар центрі мен ауырлық центрі қай жағдайда сәйкес келеді?
Қандай тепе-теңдік орнықты деп аталады?
Қандай тепе-теңдік орнықсыз деп аталады?
|