Сабақтың басы
10 минут
|
Ұйымдастыру – сыныптағы оқушыларды түгендеу; бүгінгі сабақтың барысы – жоспарымен, орындалатын іс-әрекеттермен таныстыру. Осы тақырыптың алдында өтілген материалдарды пысықтау, үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында оқушылармен жұптық жұмыс орындау
Серіппелі маятниктің қозғалысы кезінде энергияның түрленуін қарастырыңыздар. Кестеде келтірілген шамалар қалай өзгеретіндігіне қарай оны толтырыңыздар. Төмендегі белгілерді қолданыңыздар
Нүкте
|
Серпімділік және ауырлық күшінің тең әрекет күші
|
Жылдамдық
|
Потенциалдық энергия
|
Кинетикалық энергия
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.
|
Еркін және еріксіз тербелістерге сипаттама береді
Резонанс құбылысының сипаттамасын сапалы түсіндіреді;
Резонанстың техникадағы және тұрмыстағы қолданылысын түсіндіреді;
Құбылысты тәжірибе жүзінде бақылап, резонатор құралын қолдана алады (мысалы, камертон);
Резонанстың пайдасы мен зияны туралы түсіндіреді
Кестенің толтырылуын тексеру – бағалау – әр жұптағы оқушылар өз жұмыстарын келесі жұпқа бередді, бірін-бірі тексереді, мұғалімнің ұсынған жауаптарымен салыстырады. Бірін-бірі – өзара және өзін –өзі бағалау жүзеге асырылады.
|
Оқулық
Слайд
Таратпа материал – кестені толтыру
|
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Жаңа тақырып
Келесі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Мұғалім тербелістің екі түрімен таныстырылады.
Еркін тербелістер
Еріксіз тербелістер
Оқушылар осы екі түріне мысалдар келтіреді.
Қандай тербелістерді өшетін тербелістер деп атайды?
Өшетін тербелістердің бар болуының себептерін атаңыздар.
Демонстрациялық тәжірибе көрсету. Резонанс құбылысын Бартон маятнигі арқылы демонстрациялау. Төмендегі суретте көрсетілгендей тербелмелі жүйені құрастырыңыз. Жүргізуші маятник – ұзындығы 0,5 м темірден немесе басқадай металдан жасалады. Қалған маятниктердің ұзындықтарын 0,25 см-ден 0,75 см-ге дейін әр түрлі ұзындықта алу керек. Жетекші немесе жүргізуші маятникті тепе-теңдік қалпынан шығарып, тәжірибені осы қондыпғыны қырынан қарап тұрып бақылау керек. Сонда тербелістер, амплитудалары жақсы көрінеді.
Оқушыларға резонанс құбылысын анықтап көруді тапсырыңыз. Яғни, фазалық ығысуларды, тербелістердің амплитудаларының кемуін – тербелістің өшуін, тербелістің өшуіне не ықпал ететіндігін өте мұқият бақылаулары керек. Конустық маятниктердің қайсысы жетекші маятникпен резонансқа түседі? - деп сұраңыз.
Маятниктер әр түрлі амплитудамен тербеледі. Конустық маятниктердің ішінде жетекші маятникпен резонансқа жібінің ұзындығы жетекші маятникпен бірдей немесе шамалас маятник қана түседі. Сонымен қатар, резонансқа түскен маятниктің тербеліс фазасы жетекші маятниктің фазасына қарама-қарсы болады.
Резонанс құбылысында да энергияның сақталу заңы орындалады.
Міне, осы тәжірибеден мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталатын құбылысты көреміз.
Резонанс құбылысына сипаттама беретін видео көРeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалаурсетіледі
https://www.youtube.com/watch?v=nQaJloZD-xY
|
Оқушылар видеоны екі- үш сөйлеммен қорытындылайды.
Резонанстың пайдалы және зиянды әсерлері туралы мағлұмат беріледі. Осыдан кейін резонанстың теріс және пайдалы әсерлері туралы видео көрсетіледі және талданады.
(Т/Ө) Оқушылар ғаламтордың және кітаптардың көмегімен резонансты пайдасы мен зиянын зерттей алады. Олар Такома қаласы арқылы бұғаз туралы видеоны көрген соң резонанс кездесетін басқа мысалдарды ұсынуы мүмкін, мысалы: машина айнасы немесе киім кешекке арналған центрдентепкіш кептіргіш машина, бір мотордағы бір жиілікте вибрацияланатын қозғалтқыш. Өшетін тербелістердің резонансқа ұшырау әсерін білу жер сілкінісі кезінде ғимараттарды зақымдалудан қорғау үшін пайдалы.
|
Керілген жіпке ілінген бірнеше конустық маятниктерден және жетекші маятниктен тұратын Бартон маятнигі моделі
http://practicalphysics.org/Barton-pendulums.html
Достарыңызбен бөлісу: |