Күріш, қант қамысы, көптеген жеміс және көкөніс дақылдары
50
2. Шығыс Азиялық орталығы
Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралы, Корея
Соя, тары, жеміс және көкөніс дақылдары
20
3. Оңтүстік Батыс Азиялық орталығы
Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан
Бидай, қарабидай, көптеген астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, жүзім, жеміс дақылдары
14
4. Жерорта теңіз орталығы
Жерорта теңізі жағалауына орналасқан елдер
Көптеген мал азықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөніс дақылдары, зәйтүн.
11
5. Абиссина орталығы
Африка материгінің шағын ауданы
Дәндік құмай, бананның 1 түрі, бидай мен арпаның ерекше формалары
1
6. Орталық Америкалық орталық
Оңтүстік Мексика
Жүгері, ұзын түкті мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, қызыл бұрыш, темекі.
3
7. Анд (Оңтүстік Америкалық орталық)
Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд таулы жотасы ауданының бөлігі
Картоп, қызан, жержаңғақ, ананас, кейбір дәрілік өсімдіктер
1
Жануарларды қолға үйрету
Жануарларды қолға үйрету орталықтары
Орталық атаулары
Географиялық орны
Үй хайуанаттары
Қытай-Малай орталығы
Вьетнам, Лаос, Тайланд, Шығыс Қытай
Шошқа, тауық, үйрек, тұт жібек көбелек
Үндіқытай орталығы
Үндістан, Солтүстік Пәкістан, Бирма, Непал
Енеке, ит, тауыс, тауық, сиамдық мысық, балара
Оңтүстік-Батыс Азиялық орталық
Солтүстікжәне Шығыс Түркия, Сирия, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан
Ірі қара, жылқы, қой, ешкі, нар, шошқа, кептер (көгершін)
Жерорта-теңіздік орталық
Жерорта теңізі елдері
Ірі қара, жылқы, қой, шошқа, үйрек, нілдік қаз, үйқоян
Оңтүстік Америкалық орталық
Батыс жағалауды бойлай орналасқан Оңтүстік Америка
Таутайлақ, кекілеш, күркетауық, теңізшошқа
Африкалық орталық
Солтүстік және Шығыс Африка елдері
Түйеқұс, сырдаңтауық, мысық, ит, есек, шошқа.
Ұсақ ағзаларды сұрыптау – сұрыптаудың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Мұндағы негізгі бағыт – рентген немесе ультракүлгін сәулелерімен және химиялық мутагендермен әсер ету арқылы жоғары өнімді мутант микроағзаларды алу.
Көптеген қалпақты саңырауқұлақтар ғана емес, өзге де
саңырауқұлақтар кең пайдаланылып, адам мәдени
дақыл ретінде өсіреді. Адамдар пайдаланатын
қалпақсыз саңырауқұлақтарды екі үлкен
топқа бөлуге болады:
зең саңырауқұлақтары антибиотиктер,
оның ішінде пенициллин алуға пайдаланылады;
2. ашытқылар.
Бакериялардың жәрдемімен көптеген сан алуан витаминдер, ферменттер және басқа көптеген заттар алуға болады?
Микробиологиялық жетістіктердің арқасында
қоздырғыштарға қарсы тұра алатын
антибиотиктер табылды. Мысалы:
Пенициллин – пенициллум зең
саңырауқұлағынан алынған.
Стрептомицин – актиномициттің бір тобынан
алынған. Ол туберкулез таяқшасының
тіршілігін тежейді.
Биомицин – актиномициттің бір тобынан алынады.
Бұл адам мен жануарлардағы ауруды емдеуге
қолданылады.
Қазақстандық ғалымдар үлкен табыстарға қол жеткізді. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі А.Н.Илялетдинов Қазақстанда екі ғылыми бағытты басқарып, дамытуда. Ол: табиғаттағы ағзалық және минералдық айналымдағы ұсақ ағзалардың рөлі және мал азығын өндірудегі ұсақ ағзалардың әрекетін пайдалану.
Профессор Д.Л.Шамис Қазақстанда ұсақ ағзаларды және микроб текті физиологиялық белсенді заттарды медицинада, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында пайдалануға байланысты бірқатар бағыттарды дамытты.
ҚР ҰҒА академигі профессор М.Х.Шигаева Қазақстанда антибиотикалық және мал азықтық препараттар алуға, сондай-ақ наубайханада және сүт өнеркәсібінде пайдаланылатын ұсақ ағзалардың генетикасы мен сұрыптауы бойынша ғылыми бағыт жасады.
Биотехнология– тірі ағзалар мен биологиялық әрекеттерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдану болып табылады. Ең алғаш 1917 жылы Венгр инженері алғаш рет “биотехнология” терминін енгізді. 1941 жылдан бері кеңінен қолданылып, даму үстінде.
Биотехнология адами білімінің ең жас саласы.
Қазіргі уақытта биотехнология саласымен бірге, оның гендік инженерия, жасушалық инженерия және ферменттік инженерия тәрізді салалары барынша дамыды.
Гендік инженерия әдісі ағзаның бағалы қасиеттерін сақтап қалумен қатар, оған жаңа, сапалы қасиет те береді. «Инженерия» термині “құрастыру” деген мағынаны білдіреді. Гендік инженерия ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана жасалды. Гендік инженерия әдісімен картопқоңыз жей алмайтын картоп өсімдігі шығарылды.
Ферменттік инженерия саласында өндіруден өте үлкен кіріс кіреді. Бұл-спирт, шырын және кір жуатын ұнтақтар өндіруге пайдаланылатын биопрепараттар, ферменттердің көп тонналы өндірісі.
Жасушалық инженерия әдістерінің арқасында сүтқоректілерді клондауда (жыныссыз жолмен ұрпақ алуда) үй хайуанаттарының жыныссыз жолмен ұрпағы Долли қойлары алынды.
Омарта шаруашылығы
ІҮ. «Білім кілті танымдылықта»
ІҮ.1. «Ол кім, бұл не?» (лездемелік сұрақтар)
1. Ата-тектері туралы ілімді жете зерттеуде жетекші рөл атқарған ғалым кім? 2. Н.И.Вавилов әлемнің әр түкпіріне қаншадай экспедиция жасады?
3. Мәдени өсімдіктердің ата тектері болып табылатын
материалдар қазіргі кезде қайда сақталуда?
4. Мәдени өсімдіктердің қанша орталықтары бар?
5. Картоп өсімдігінің отаны қайсы орталық?
6. Антибиотиктер, оның ішінде пенициллин алу
үшін қандай саңырауқұлақ пайдаланылады?
7. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық
объектілердің көмегімен өндіру қалай аталады?
Қандай әдістің арқасында үй хайуанаттарының
жыныссыз жолмен ұрпағы Долли қойлары алынды?
9. Қазақстанда екі ғылыми бағытты басқарып,
дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізген ғалым кім?
10. Жерорта – теңіздік орталықта қандай жануарлар қолға үйретілген?