Омарова Ә.Т., Сарыбаева И. С.
ТҮЛЕКТЕРДІ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН РЕТІНДЕ ДАЙЫНДАУДА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Аңдатпа. Мақала ЖОО түлектерін оқыту процесіне инновациялық әдістерді ендіру мен
қолданудың өзекті мәселелеріне арналған. Қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдістері мен формалары
және жұмыс берушілермен әріптестік стратегияларын қарқынды іздестіру жүруде, бұл өз кезегінде
оқытудың директивті үлгісінен тұлғаға бағытталған интреактивті, тиімдірек үлгісіне көшуді
білдіреді.
Түйін сөздер: түлек, коммуникациялық технологиялар, инновация, кейс стади, бизнес- имитация,
жобалық әдістер.
Бүгінгі күні еңбек нарығындағы білім беру бағдарламасының бағыттылық деңгейі жоғары білім мен
даярлау сапасының тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Еңбек нарығына бағыттылық білім
беруші мен білім алушының жүйеленген өзара әрекеті арқылы жүзеге асады. Түлектерге қазіргі еңбек
нарығы қойып отырған кәсіби критерийлер мен талаптар олардың өзара әріптестігінің жаға
формаларын іздеуді талап етуде. Сонымен бірге, ЖОО еңбек нарығы құрылымындағы болатын
өзгерістерге адекватты түрде есепке алып отыруы уақыт талабы.
ЖОО-ның стратегиясы түлектерді еңбек нарығы талаптарына жауап беретін, кәсіби
компетенциямен қамтамасыз ету тұрғысына өзгеріп отыр. Алынған білімдердің тез ескіруі, ресми
282
білімдердің топтанған көлемін игеруден өзін-өзі дамыту мәдениетіне, кәсіби білімдер мен дағдыларды
арттыру әдісі мен амалдарына, яғни үзіліссіз білім алуды бүгінгі күннің негізгі қажетті даму жолы
ретінде қарастырылады. Студенттердің тәжірибеден өтуінің тиімділігін жоғарылату қазіргі жаңа
стратегияның маңызды ресурсы болып табылады, оны қолдануда ЖОО ғана емес, жұмыс берушілердің
де тікелей қатысуы жас мамандардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттіліктерін қалыптастыруда үлкен
орын алады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да жоғары білім мен өндіріс саласындағы әріптестікті
дамыту бойынша белгілі бір қадамдар жасалынып жатыр. Бірақ, білім саласына арналған мәліметтерді
талдау негізінде бұл процес әлі де болса шешімін таппағанын байқауға болады.
Бизнес-қауымдастықтың адекватты қажеттіліктеріне жауап беретін кадрларды кәсіби білім беру
жүйесінің жаңа құрылымын қамтамасыз ететін механизмдердер ретінде бітіруші мамандардың
сапасын жоғарылату, жаңа технологияларды игеру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында
білім берудің ресурстарын жаңартуға негізделеді.
Еліміздің басшысы Н.Ә. Назарбаев көрсеткендей, қазіргі уақыттағы мамандарды даярлау
сапасының басты критерийі болып түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы табылады.
Бұл қазақстан білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуімен байланысты. Бұл жағдайда
жоғары оқу орны мен жұмыс берушінің өзара әрекеттестігінің, сонымен бірге, қоғам мен тұлғаның
қызығушылықтарына сәйкес келетін әріптестіктің эффективті моделін таңдаудың өзектілігі артып
отыр.
Ғылымға назардың күшеюімен байланысты кадрларды дайындау процесін жетілдіруге, ескі
процестерді қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес қайта құру қажеттілігі пайда болды.
Университеттің инновациялық инфрақұрылымын дамыту, университет ішінде ғылыми-технологиялық
парктерді, ғылыми-білім беру консорциумдарды құру, ғылыми-зерттеулік институттар, орталықтар
мен лабораторияларды қалыптастыру – бұның барлығы Қазақстандағы қазіргі оқу орнына тән
шынайылық.
ЖОО білім берудегі дәстүрлі тәсіліне жұмыстың келесі түрлерін жатқызуға болады: бірлескен
дөңгелек үстел, пікір талас, әртүрлі кездесулер өткізу; туындаған мәселені анықтау мақсатында
анкеталық сауалнама, сұхбат өткізу, студенттердің тәжірибесін, түлектерді жұмыспен қамтуын
ұйымдастыру. Жұмыс берушілерді жоғары оқу орындарымен ұйымдастырушылық әріптестіктерінің
маңызды формасы болып ғылыми лабораторияны және ЖОО-мен бірлескен қаржыландыруға
бағытталған белгілі бір жұмыс берушілердің қызығушылықтары негізінде кафедралар құру табылады.
Қазіргі заманғы коммуникациялық технологиялар бар мүмкіншіліктерді кеңейтуге, бірнеше ЖОО
мен ұйымдардың қатысуымен желілік жобаларды ұйымдастыруға және оқытудың «технологиялық
инновациялық» әдістерін оқу процесіне ендіру кәсіби мамандрады қалыптастырудағы маңызды қадам
болып табылады.
«Технологиялық инновацияларды» оқу процесіне ендіру жұмыс берушілердің көмегімен
кәсіпорындар мен жұмыс орындарында тәжірибелік оқыту әдістерін қолдана отырып қол жеткізуге
болады. Қазіргі жағдайда болашақ маманнан қандай да бір сала бойынша белгілі бір кәсіби білімінің
болуы ғана емес, сонымен бірге, кәсіби міндеттерді және әртүрлі ситуациялардағы қызметтерді
орындауды қамтамасыз ететін тәжірибелік қабілеттер мен дағдылардың болуын қажет етеді. Білімнің
тез ескіруі студентте өздерінің білімін өз бетінше тиімді дамыта, толықтыра, қайта құрылымдай алатын
қабілеттерді қалыптастыруды міндеттейді. Бұл өз бетінше қажетті ақпараттарды табуға, мәселелерді
рационалды шешу жолдарын іздеуге, алынған білімді сыни талдауға негізделген дағдылар мен
қабілеттерді қалыптастыратын оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары арқылы жүзеге асады.
Білім беру жүйесі дамуының әртүрлі кезеңдерінде оқытудың әдістемелік амалдарының келесідей
түрлері қолданылып келеді:
-
тәжірибе;
-
материалдарды трансляциялау;
-
ситуацияларды сұрыптау және талдау;
-
ойын;
-
имитация;
-
жоба.
Тәжірибе – оқытудың ескі тәсілі. Оның идеясы адам шынайы өмірлік іс-әрекеттерге ене отырып,
кәсіби дағдылар мен құралдарды игеруді білдіреді. Қазіргі білім беру жүйесінде ол оқитындардың
тәжірибесін және тағылымдамасын ұйымдастыруда кең қолданылады.
Материалдарды трансляциялау – бір адамның екіншіге іс-әрекеттің пәні мен тәсілдері туралы
білімді беруі. Бұл амал да ертеден қолданылып келеді, қазіргі білім беру жүйесінде дәрісті тыңдау,
283
кітап оқу, дистанционды курстар мен эксперттердің шеберлік сағааттарына қатысуда әртүрлі формада
өткізіледі. Бірақ оқытудың бұл классикалық формасы оқитындардың тәжірибелік дағдыларын
қалыптастыруда қажетті білімді толық ала алмаумен, дайын білімді алуды оқитындар шектен тыс
теорияланған және өмір шынайылығына тыс білім алу сияқты кемшіліктерімен сипатталады.
Бұл кемшіліктерді азайту және оқыту тиімділігін арттыну үшін ХХ ғасырда келесідей
инновациялық әдістер тәжірибеге енді:
Ситуацияларды сұрыптау және талдау. Бұл әдіс Гарвард университетінен бастау алған, алғашында
ол дәрігерлерді дайындауда қолданылды. Бұл әдістің мәні – тәжірибелік іс-әрекетте типтік
ситуацияларды бөліп алу. Оқитындар бұл ситуацияларды талдауды, сосын өздерінің шешімдерін
ұсынады және оқиғаның даму сценарийін қалыптастырады. Соған орай оқитындарда кәсіби ойлау мен
типтік кәсіби ситуацияларда шешім қабылдау қабілеттері қалыптасады.
Ойын. Барлық адамдар өмірге ойын арқылы үйренетіндігіне қарамастан бұл әдіс ХХ ғасырдың 40
жылдары ғана қолданыла бастады. Рөлдік ойындарда типтік кәсіби ситуацияларда және белілі бір
жұмыс орнында мінез-құлық үлгілерін демонстрациялау негізгі міндет болып табылады.
Имитация
.
Имитациялық үлгіні оқыту процесіне қолдану ең алғашында әскери салада жүзеге асты.
Бұл әдістің негізіне шынайы тәжірибелік іс-әрекеттің нормалары мен тәртіптеріне негізінде құрылған
үлгі жатады. Исмитациялық ойынға қатыса отырып, оқушылар кәсіби процедуралар мен жұмыс
құралдарын игеруге, сонымен бірге, іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойынша біртұтас түсінік
қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл әдісті басқаша «симуляция», «симулятор» және «имитациялық
ойын» деп те атайды.
Жоба – оқытудың ең бір нәтижелі әдістерінің бірі. Жобалық әдістің мәні болып студенттің
тәжірибелік міндетті шешуге бағытталған ұжымдық жұмыс жүйесіне енуі табылады. Ситуацияның
дамуын жобалай, ақпараттарды талдай отырып, студент соған сай келетін жұмыстарды орындау тәсілін
игереді. Оқы жобаларын ұйымдастырудың топтық түрі қатысушыларды біріккен іс-әрекетті
ұйымдастыруға және жұмыс коммуникацияларын дұрыстауға иетрмелейді, яғни командада жұмыс
жасай алуға үйретеді.
Қазіргі кезеңде білім беру технологиялары ретінде тек қана оқытудың жаңа әдістерін ғана емес,
сонымен қатар, интернет, мультимедиа, вебинар, телеконференция т.б. сияқты ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды белсенді қолдануды да енгізеді. Егер нақты бір технологиялық
жаңа әдістерді ретінде қарастырсақ, нақты ситуацияны талдауды немесе кейс-стади әдісін, бизнес-
стимуляция әдісін, жобалар арқылы оқыту әдісін атап өтсек болады.
Сase study - бұл жағдайды немесе нақты бір оқиғаны талдау, іскерлік ойын. Кейс-талдау әдісінің
технологиясы өте қарапайым. Ол шынайылықта болып кеткен нақты бір жағдайды белгілі бір
тәртіппен құруға негізделеді [1]. Кейс-стади әдісінің үлкен білімдік мүмкіндіктері бар. Әдісті
қолданудағы нәтижелердің көптігін екі топта бөлуге болады – оқу нәтижелері – білімді және
дағдыларды игерумен байланысты нәтижелер және білім берудегі нәтижелер – қатысушылардың өзара
әрекетінде құрылған, оқудың жеке мақсаттарында жүзеге асқан нәтижелер.
Жағдай кейс-мәтінде сипатталады, ол көлемі және бөлшектері бойынша әртүрлі болуы мүмкін.
Студенттер әртүрлі ақпарат көздерін тарта отырып кейсті зерделейді. Содан кейін семинарда жағдай
талданады – маңыздыны мәнсізден ажыратып бөліп алумен өзгеше жұмбақ талқыланады. Кейсті
оқығаннан кейін оның жүйелік сипатын беру керек, онда келтірілген фактілер, бағалар, болжамдар
және тағы басқалармен өзінің тұжырымдамасын қалыптастыру қажет. Сосын кейсте қойылған
мәселеге талдау және шығу жолдары іздестіру жүреді. Оқытушы бұл талдау барысында пікір таластың
модераторы болады, бақылайды және шығармашылық процесін дамытады. Кейс әдісінің
құрылымында пікір таластың, даудың, аргументацияның болуы талдауға қатысушыны күшті
жаттықтырады, нормаларды сақтауды және қарым-қатынас тәртібіне үйретеді. Бұл жағдайда оқытушы
сезімтал болуы керек, сабақ барысында қақтығысты шешуі немесе оған жол бермеуі, бір уақытта
әріптестік пен бәсекелестік ахуалын құруы, топтың шығармашылық күшін белсендіруі қажет. Кейс-
талдау әдісінің бірегейлігі сол, ол оқытуда бірнеше әдістерді әрекетке түсіреді және оқушыларға
моделдеуді, жүйелік талдауды, мәселелік әдісті, ойлау экспериментін, бейнелеу әдісін, жіктеуді және
ойын әдісін қолдану арқылы таным формасы мен шынайылықты талдауды кешенді игеру мен бекітуге
мүмкіндік береді [2].
Әртүрлі шешімдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыра алу құзыреттіліктерін қалыптастыруда
жобалық әдістер ерекше орын алады. Жобалар бір айдан бірнеше айға дейін созылады. Оқу барысында
білім алушылар жобаны екі кезеңде орындауы мүмкін: біріншісі - ұйымдастырушылық, мәселені
зерттеу, жұмыс жоспарын құру, екіншісі – шешім қабылдау, күтілетін нәтижені болжау.
284
Оқытудың тиімді технологияларының бірі – әртүрлі ситуацияларды имитациялау, мысалы, бизнес-
имитация болып табылады. Бұл термин ретінде әдістедің бірнеше түрлері рөлдік ойын, стол ойындары,
іскерлік ойындар, сонымен қатар, компьютерлік имитация немесе симуляторлар түсініледі.
Инновациялық әдістер оқытушының білімді таратушы ғана емес, сонымен бірге, студенттердің
шығармашылық ізденуіне бастамашы болатын тәлімгер рөліне өзгеруіне әкелді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқытудың инновациялық әдістері студенттерді
білім алуында әртүрлі ситуацияларды талдау негізінде өздерінің кәсіби білімдерін шығармашылықпен
қабылдауға және олардың шынайы және мүмкін ситуацияларға бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.
Болашақ интерактивті әдістер ретінде, олар студенттер тарапынан жағымды қатынасқа ие болып отыр,
олар өздерінің бастамаларын, ойларын білдіруге, теориялық ережелерді игеру мен тәжірибелік
дағдыларды үйренуде өзіндік әрекетті сезінуге мүмкіндік беретін әдістер ретінде қарастырылады.
Ситуацияны талдау, шешім қабылдау, жобалар жасау болашақ маман ретінде кәсіби қалыптасуына
ықпал етеді, олардың есеюіне әсер етеді, оқуға деген қызығушылығы мен жағымды мотивациясын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |